Сайт учителя начальных классов
.
Ана тілі
Сыныбы: 4 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев
«Алматы – бас қалам,
Жас қала - Астанам»
Мақсаты: интертақтадан слайдты пайдалану арқылы жаңа ұғымды қабылдауын жеңілдету; топқа бөлу арқылы тақырыбын ашқызу;
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі диалог әдісін қолдана отырып, Жарасқан Әбдірашовтың «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» өлеңінің идеясын түсіну;
Оқушы өлеңінің негізгі түйінін зерделеуі;
Тапсырмалар орындау арқылы Отанды қорғауға тәрбиелей отырып, оқушы бойына туған елге деген сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыру, патриоттық сезім ұялату;
Өлеңді мәнерлеп оқыту арқылы дарындылықты байқау;
оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім деңгейін анықтау және жиынтық бағамен бағалау;
Кері байланыс арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау


Дерек көздер: Ана тілі оқулығы. 4-сынып
Ана тілі оқулығы әдістемелігі
Тақырып мазмұнына сай жасалған слайдтар, Қазақстан картасы, кері байланыс парағы

Тапсырма көздері: 1-тапсырма: Автор туралы жинаған мәліметтерін постер арқылы қорғау
2-тапсырма:
1-топ – өлеңді мәнерлеп оқу

3-тапсырма:
2-топ – тақырып соңындағы
сұрақтармен жұмыс
4-тапсырма:
3-топ – өлеңнен алған әсеріңді өз сөзіңмен қалай жеткізер едің? Қалай әсер етті?
5-тапсырма: 6-тапсырма: 7-тапсырма:
1-топ – тірек сөздер арқылы Астана, Алматы туралы өлең құрастыру
2-топ – өлең мазмұны бойынша сурет салу 3-топ – Астана, Алматы туралы эссе, ойтолғау жазу
8-тапсырма: өлең кестесін құру;
9-тапсырма: тест тапсырмаларын орындау;
Оқыту нәтижелері: Өлеңнің негізгі идеясын жан-жақты талқылайды, өз ойларын еркін айта алады, бірлесіп пікірлеседі, топтық жұмыс жүргізеді.

Негізгі идеялар: Бас қала – Алматы, жас қала – Астана екендігін дәріптеу, мақтаныш ету, таныту;
Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы

Кері байланыс: «Өте жақсы түсіндім, жақсы түсіндім, орташа түсіндім» парағына спикер жабыстыру
Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау,
Бағалау Өзін-өзі бағалау ,жиынтық баға

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Сабағымызды «Көкпар» ойыны желісімен жүргіземіз
Көкпар ойыны 4 бөлімнен тұрады:
1. Іліп әкету
2. Ширату
3. Қамшы басу
4. Қазандық

II Іліп әкету. «Көзбен көр, сөзбен өр»
Үй тапсырмасын сұрау
1.Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Неліктен?
2. Түйе ботасымен табысқанша қандай күйде болады?
3. Түйенің туған жері қайда?
4. Автордың айтайын деген ойы не?
5. Қандай қорытынды айтар едің?
Проблемалық сұрақ: Түйекеш, малекеш те өз туған жеріне деген махаббатын көрсетіп отыр. Ал сендер өз туған жерің, туған елің туралы не айтар едіңдер?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
-Әрине, Маңғыстаудың мақтанышы – Ақтау. Еліміз – Қазақстан. Қазақсианның мақтанышы – Астана. Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда бұрын астана болған Алматы, елордамыз Астана туралы сөз болмақ.

Туған жер деген сөз тіркесіне қандай синонимдер келтіресіңдер?
Туған ел, Отан, Атамекен.
Олай болса тобымыздың атын осылай атайық.
1-топ – Атамекен
2-топ – Туған ел
3-топ – Отан
Сабақ барысында топтық тапсырмалар болады. Сол топтық тапсырмаларды топ болып орындайтын боламыз.
Топ ережесімен таныстыру
1.Мұғалімді тыңдау
2.Уақытқа бағыну
3.Бірін-бірі тыңдау
4.Нақты сөйлеу
I. «Ширату» бөлімі. «Оқы да, ойыңа түй»
Тақтаға күннің жадын,тақырыпты жазу;
Сабақтың мақсатын хабарлау;
«Керек-дерек » айдары бойынша автор туралы мағлұмат беру;
II. «Қамшы басу» бөлімі. «Рөлдегі оқушылар»
1-топ – өлеңді мәнерлеп оқиды.
2-топ – сұрақтармен жұмыс жасайды.
3-топ – Өлеңнен алған әсеріңді өз сөзіңмен қалай жеткізер едің?

Сергіту сәті. Коңдыбай Шалабаев. «Астана – Ақордам»

Шығармашылық жұмыс. «Ортада қаламсап»

1-топ – тірек сөздер арқылы Астана туралы өлең шығару
2-топ – тірек сөздер арқылы Алматы туралы өлең шығару
3-топ – өлең мазмұнына сүйеніп сурет салу

-Суретін салған, өлең арнаған әсем Алматы мен Астананың өткен және бүгінгі тарихына көз жүгіртейік. Олай болса, тақтаға назар аударайық. «Керек -дерек» айдары бойынша Алматы, Астана туралы деректерді білетін боласыздар.

(Алматы, Астана туралы деректер оқылып, суреттер көрсетіледі).

Осындай тарихқа толы бас қала – Алматы, жас қала – Астанаға арнап ақындар да қалам тербеген екен.

Поэзия минуты

«Қазандық» бөлімі.
1.Өлең кестесін құру
1. Авторы
2. Тақырыбы
3. Жанр түрі
4. Идеясы ( негізгі ой)
5. Түйін

2.Сынақ жұмысын орындау, қорытынды бағасын шығару

Бағалау. Өзін-өзі бағалау, жиынтық баға
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау
Кері байланыс
Оқушылардың сабақты қалай меңгергендігін гүлдерге көбелектерді қондыру арқылы анықтау

Ардақ Сисенбаева
Маңғыстау облысы
Шетпе ауданы
Тұщықұдық ауылы
Жанғабылов атындағы орта мектеп

ID: 1749 | Просмотров: 2680