9 санын қосу және азайту

  • Жүктеулер: 735
  • Көрсетілім: 1272
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Апр/2015
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,есеп шығару білігін тиянақтау, тез
есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:қима қағаздар, суреттер,схемалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі ,дүниетану.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Математика сабағын,
Мен меңгеріп аламын.
Қазір есеп шығарып,
Ата-анамды қуантып,
,,Бес,, деген баға аламын.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады. Жаңбыр жауады. Қар ериді.
Балалар бугінгі сабағымыз ерекше. Сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Коктемде дала гүлге толады. Міне, біздің сыныпта тақтаға коптеген гүлдердің суреттері бейнеленген. Бүгінгі тапсырмаларды орындай отырып біздер жумбақ сөзбен танысамыз.
-Ендеше ,балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын тексеру.
3.142- бет. Салыстыр.
7+3=10 2+2=4 5-2=3
4+2 < 7 9-4<6 8-5>2
Өткен сабақты бекіту
1.Сандар қатарын ата. 0-10
2.10-ға дейінгі сандарды тура санау
3.0-ге дейінгі сандарды кері санау
4. Қосудың колеп-н атау
5.Азайтудың колеп-н атау

8 Санын ашу

Жаңа сабақ
9 санын қосу және азайту
Көркем жазу 10
10 жұп сан
10 екі таңбалы сан
Оқушылар, спорт залда 1 доп бар еді. Бүгін кәсіпкерлер 9 допты сыйға әкелді. Сонда барлығы неше доп болды?
-10 доп
Ал енді 10 доптың тоғызын 1,,Б” сыныбына сыйға берді. Сонда неше доп қалды?

Автор: Серикова Гулнар

Маңғыстау облысы "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебі"ММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.