Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, 9 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,есеп шығару білігін тиянақтау, тез
есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі:қима қағаздар, суреттер,схемалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі ,дүниетану.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Математика сабағын,
Мен меңгеріп аламын.
Қазір есеп шығарып,
Ата-анамды қуантып,
,,Бес,, деген баға аламын.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады. Жаңбыр жауады. Қар ериді.
Балалар бугінгі сабағымыз ерекше. Сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Коктемде дала гүлге толады. Міне, біздің сыныпта тақтаға коптеген гүлдердің суреттері бейнеленген. Бүгінгі тапсырмаларды орындай отырып біздер жумбақ сөзбен танысамыз.
-Ендеше ,балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын тексеру.

ID: 1209 | Просмотров: 1944