10 санынан азайту

  • Жүктеулер: 922
  • Көрсетілім: 2092
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 09/Мар/2015
Алматы қаласы
№148 мектеп- гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Кайыпова Шолпан Алпысбайқызы
Пәні : Математика
Сабақтың тақырыбы: 10 санынан азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру, қосу кестесі туралы білімдерін, есептерді шығару дағдыларын бекіту;
Дамытушылық: Белгісіз қосылғыш пен қосындыны табуға арналған есептер туралы алған дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Тазалыққа.ұқыптылыққа, әдемілікке, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Топтау, бекіту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар,интерактивті тақта,гүл,
геометриялық фигуралар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару, психологиялық дайындық.)
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? Сауысқан , суықторғай,қарға
Қыста құстардың тіршілігі қандай болады?
Сендер не істер едіңдер?
Қалай көмектесетін едіңдер?
Ал олай болса, бүгін біз сабағымызда құстарға ұя жасап, жемсауытқа жем беріп көмектесейік.
Ұя жасау үшін бізге қандай фигуралар қажет?
Шаршы дегеніміз не?
Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
Балалар құстың ұясын қайда іліп қоямыз?
Ағаштың басына қалай шығамыз?
Мұғалім:
Міне сол басқыштардың әрқайсысында бізге берілген тапсырмалар бар.
Осы тапсырмаларды орындасақ, біз құстарға жем беріп көмектесе аламыз.
Құстарға көмектесуге дайынбыз ба?
ІІ.Өткен сабақтарды пысықтау
Баспалдақтың бірінші басқышындағы тапсырмалар
7,8,9 сандарының қосу кестесін құрастыру
Қосу және азайту амалдарының компоненттерін атап айтып бер?
Бір және екі таңбалы сандарды ата және жазып көрсет.
Бірден онға дейін тура және кері бағытта сана
III.Жаңа сабаққа дайындау
Екінші басқыштағы тапсырма
Ондыққа дейін толықтыр. «Кім жылдам?» ойыны: жауабы 10 болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп айтады?
5+*=10, 2+*=10 4+*=10
VІ. Жаңа сабақ
Жаңа материалмен танысу.
10 санынан азайту кестесін құрастыру, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы туралы білімдерінің негізінде азайтуға болады. Бала санның құрамы туралы білімдерін де пайдалануы мүмкін. 10-нан азайту кезінде былай пайымдауға болады: 10-нан 8-ді азайтса, 2 болады, өйткені 8+2=10 немесе 10-нан 8-ді азайтсақ, 2 болады, өйткені 10 – бұл 8 бен 2-нің қосындысы(интерактивті тақтадан көрсетемін)
Үшінші басқыштағы тапсырма
Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма
Балалар азайтқыш кемігенде айырманың мәні қалай өзгеретініне талдау
Жасай алатындай тақтада да жұмыстар қатар ұйымдастырылуы тиіс
.
Азайғыш 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10
Азайтқыш 9 7 5 8 6 4 2 0 3 1
Айырманың мәні 1 3 5 2 4 6 8 10 7 9

Төртінші басқыштағы тапсырма
№2 есеп
Қызыл гүл – 3
Ақ гүл - ? 10 гүл
Шешуі: 10-3=7
Жауабы: 7 ақ гүл бар

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз дем алып алайық.
Бесінші басқыштағы тапсырма
Оқулықтағы №4 тапсырма орындалады
10-6=4 10-8=2 10-7=3
Дәптермен жұмыс
№2,4 тапсырмалар кітаптан орындалады.
V.Жаңа сабақты бекіту
Алтыншы басқыштағы тапсырма
№3 тапсырма теңдіктер құрастыр
3+7=10 10-3=7
7+3=10 10-7=3
Теңсіздіктер құрастыру
3+4>7-2 10-3<7+2
1+3<7+3 4-3<10-4
Жетінші басқыштағы тапсырма
№5тапсырманы орындау
VI.Сабақты қорыту
Сегізінші басқыштағы тапсырма
Жұмыс дәптеріндегі №1,3 тапсырмаларды орындау ұсынылады.
Тоғызыншы басқышатағы тапсырма
№6 тапсырмада бос орынға қойылуы тиісті фигураны табады. Балалар өз таңдауларын дәлелдеуге үйренеді. Алдымен кестенің бағандары, қатарлары талданады. Фигуралардың қатарлар, бағандар бойынша қалай өзгеретіні анықталады. Содан кейін ғана балалар қорытынды жасайды.
VII.Бағалау.
Сабақққа белсенді араласқан оқушыларды мадақтап бағалау.
VIII.Үйге тапсырма.
138-беттегі №5 тапсырма

Автор: Қайыпова Шолпан Алпысбайқызы

№148 мектеп- гимназия

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.