Қызықты матиматика елінде

  • Жүктеулер: 688
  • Көрсетілім: 1432
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Окт/2015
ХаресоваНурпияЕкпиновна
Маңғыстау облысы.
Ақтау қаласы.
№29 балабақша,
І-санатты әдіскері

Ойлау қабілетін дамыту. (Ересектер тобы)
Тақырыбы:«Қызықты матиматика елінде».

Мақсаты: 1-10ға дейін тура және кері санауға, санның көршісін табуға, жыл мезгілін, апта күндерін ретімен атауға, тақпақ айтуға үйрету. Жұмбақтар, логикалық есептерді бере отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көп, аз, тең таңбалары арқылы сандарды салыстыруға, қосу азайтуға арналған есептерді шығара білуге талпындыру.
Көрнекілік: Суреттер, геометриялық пішіндер, сөз жұмбақ.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көркем сөз, логикалық есептер, сергіту жаттығуы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін айтады:
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Береке бірлік болсын!
Ақылды, тәртіпті болайық!
Үлкенді сыйлайық!
Күн сәулесін шашайық!
Деніміз сау болсын, бәріміз дос болайық!
Т/ші: Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қызықты математика елінде» деп аталады. (Сол кезде бір-бірін итеріп есіктен маймыл, түлкі, қоян шулап кіреді). Балалар қараңдар бізге өз ара келісе алмаған аңдар келіпті. Сәлеметсіздерме аңдар!
Аңдар: Сәлеметсіздерме балалар! Аң патшасы арыстан орман мектебін ашпақшы болып жарлық шығарыпты. «Кімде кім менің берген тапсырмамды орындай алса, мектепке оқуға қабылданады»депті. Біз бағымызды сынап көріп, сол мектепке оқысақ дейміз.Бізге тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші балалар!
Т/ші: Балалар көмектесеміз бе? Қане тапсырмаларыңды көрсетіңдер, танысып көрелік.
1. Тапсырма: - Бір жылда неше ай бар? Олар қалай аталады? Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атап беріңдер? Бір аптада неше күн бар? Апта күндері туралы кім тақпақ айтады?Бүгін аптаның қай күні?(Балалар сұрақтарға жауапбереді). Онда бір-бірімізге сәттілік тілейік:
Бейсенбі сәтті болсын!
Күніміз тек жақсы болсын!
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді тыңдайық!
2. Тапсырма: 1-10 ға дейін тура және кері сана.
Ойын: «Көршісін тап»
Жеті саны туралы айтып бер? 7-ата, 7-қазына, 7-күн, 7-шелпек, 7-қарақшы.
7-ата: Ата-баба, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшік.
7-қазына: Ержігіт,сұлу әйел,ақыл білім,берен мылтық,жүйрік ат,құмай таза, қыран бүркіт.
3. Тапсырма: Логикалық есептер:
Жанып тұрған 4 майшамның екеуі өшіп қалды, сонда неше майшам қалды? (2)
Шығармақ боп кеше есеп, жиналды бес есек. Үшеуі ұйықтап отырды, ынталысы неше есек? (2)
4. Тапсырма. Жұмбақ шешу.
Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
Ойын «Нүктелерді қос»
-Не шықты? ( Зымыран)
Д/о: «Неге ұқсайды?»
Сергіту жаттығуы:
Қане,қане тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.
Алақанды ұрайық, отырып бір тұрайық.
Оң жаққа бір бұрылып, сол жаққа бір бұрылып, Сауық-сайран құрайық.
Т/ші: Балалар «Зымыран» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Ал балалар көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, зымыранмен ғарышқа сапар шегейік. Алдымыздан бір планета көрінді, ал қонайық. Бұл «Сиқырлы ағаш» планетасы. Ағашта қанша алма? Алмадағы тапсырмаларды орындайық.
Өрнекті салыстыр? Есепті шығар? Сана және салыстыр?
Көзімізді жұмып ары қарай ұшуды жалғастырайық, алдымызда тағы бір планета, қонып көрейік. Бұл «Таңғажайып табиғат» планетасы,
бұл планета табиғаты өзгеше екен (балық жерде, тасбақа аспанда, көбелек суда, бақа гүлде). Суретті жердегідей дұрыс орналастыру керек.
Балалар, зымыранға отырып өз жерімізге барып, көргенімізді достарымызға айтайық.
Т/ші: Құрметті аңдар! Балалар сендердің тапсырмаларыңды орындауға көмектесті, риза болдыңдар ма?
Аңдар: Иа, толық орындады, рахмет біз көп нәрсе үйрендік.
Т/ші:Аң патшасы арыстан сендерді мектепке қабылдар,сендерге ақ жол тілейміз.
Аңдар: Қощ сау болыңдар!
Тәрбиеші балардан қайда барғандарын, не істегендерін сұрап, сабақты қорытындылайды. Балаларды мадақтайды

Автор: Харисова Рауила

С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.