«Менің Президентім»

  • Жүктеулер: 844
  • Көрсетілім: 1651
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 01/Дек/2015
ӨЖОББМ «Бөбектер» шағын орталығының
тәрбиешісі А.Т.Кажикова

Түрі: ашық сабақ
Тақырыбы: «Менің Президентім»
Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту.
Көрнектіліктер:Елбасы суреті, слайд,кітап көрмесі,көрнекіліктер.
Тәрбиеші: Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар:Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Барлығымыз тұрып әнұранды орындайық. Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Балалар, сендердің аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Тәрбиеші:Өте дұрыс. Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағы да не бар?
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, нелер бейнеленген?
Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Ою-тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар, Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген мағынаны білдіреді. Тағы да не бар?
Тәрбиеші:Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген.
Төбесіндегі жұлдыз – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді.
Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.
Шаршадыңдар ма балалар?
Тәрбиеші:Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Сергіту сәті.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Тәрбиеші: Балалар тақтадағы суретке назар аударыңдаршы. Суретке қарап әңгіме құрайық. Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?.
(зәулім үйлер мен ғимараттар,бәйтерек,әсем, көркем қала Астана)
Сөздік жұмыс: «Елбасы», «рәміздер» , «бәйтерек» барлығы қайталайды.
Қорытынды:Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Тәрбиеші:Ол кім?
Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар! Сендерге сабақ ұнады ма? Егер ұнаса күннің көзінің суретін , ұнамаса бұлттың суретін тақтадағы қалташаға салыңдар.
Осымен сабағымыз аяқталды. Рахмет балалар.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ҚР рәміздерін, оларға сипаттама беруді, аңық сөйлеуді.
Істей білуі керек: Негізгі сұрақтарға жауап беруді, ойларын толық жеткізе білуді.
Болуы керек: патриоттық сезім.

Автор: Кажикова Айсулу

ӨЖОББ мектебі "Бөбектер" шағын орталығы

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.