Сайт учителя начальных классов
.
«Ер Төстік балабақшасы»

«Айналайын» ІІ сәбилер тобы

«Бауырсақтың достары»
Ашық оқу іс-әрекеті

Дене маманы: Кушакбаева Ж.К

2015 жыл

Тақырыбы: «Бауырсақтың достары»
Мақсаты:балаларды шеңбер жасай жүрумен жүгіруге,тәрбиешінің тапсырмасын орындауға жаттықтыру,еңбектеп жүру дағдысын,допты домалату дағдысын бекіту.Кедергілерден секіруге жаттықтыру.Ауданы кіші жермен жүргенде тепетеңдікті сақтап жүруін бекіту.Ойында жолдастық сезімге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар:кішкентай доптар,құрсаулар,арқандар,гимнастикалық орындық

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балаларға белгі беріп залға маршпен кіргізеді.Шеңберге тұрғызады.Сәлемдеседі.
Т: Балалар үйге қонақ келгенде біз не береміз?
Т: Қанеки өзіміз келген қонақтарға бауырсақ дайындап берейікші. Тәрбиешінің белгісі бойынша залға маршпен кіреді.Шеңберге тұрады.
Сәлемдеседі.

-Бауырсақ

Іздену
ұйымдастыру Шеңберде отырып қолға және саусақтарға арналған қимылдарды орындайды. Дайын болған қамырды пешке салып,бауырсақтар дайын болғанша ойын ойнатады.
Қ/о: «Жейміз- жемейміз»
Т: Ой балалар, біздің пешіміз сиқырлы екен,қараңдаршы біздің баурсақтарымыз әртүсті және үлкен болып піскен.Мына бауырсақтардың ерекшелігін байқап көрейік.Шеңберде тұрып доппен жасайтын жаттығу орындатады.
Т:Балалар,біздің бауырсағымыз ыссы екен, үрлеп суытайық!
Тыныс алу жаттығуын орындатады.
Т: Балалар,ендеше біздің бауырсақтар қалай домалайтынын көрейік
Қ/о: «Допты қуып жет!»
Ойын щарты: Домалаған допты қуып жету.

Т:Кәне бәріміз бауырсақтарымызды ыдысқа жинайық,Ой балалар Жасұланның бауырсағы домалап кетіпті,Ол қайда домалап кетуі мүмкін?
Т:Балалар,олай болса біздер бауырсақты іздеуге орманға барайық.Балаларды бойымен бір қатарға тұрғызады.
Зал бойында жұптасып жүру.
Бір қатармен жүріп кедергілерден өту.
1.Бұталарының астымен өту
2. Бір аяқ жолмен жүру
3.Көпірдің үстімен өту
4. Шалшық сулардан секіріп өту.
5.Үнгірден төрттағандап еңбектеп өту
Т: Ой балалар ағаш түбінде түлкі ұйықтап жатыр жанында себетте біздің бауырсағымыз бар екен.Қане жайменен барып бауырсақты құтқарайық!
Қ/о: «Түлкіге ұстатпаймыз!»
Ойын шарты: Ұйықтап жатқан түлкінің бауырсағын алып аяқтың ұшымен қашу.
Балабақшаға оралады.
Балалар шеңберде отырып қолмен ,саусақтарымен тәрбиешінің орындаған қимылдарын қайталайды.

Ойынға қызығушылыкпен қатысады.
Бауырсақтарға таңқалып қарайды.

Шеңберде тұрып доппен жасалатын жаттығуларды тәрбиешінің үлгісімен орындайды.

Тыныс алу жаттығуын орындайды.

Балалар допты қуып жетеді.

Орманға атасы мен әжесіне кетіп қалған болар.

Балалар бойымен бір қатарға тұрады.
Зал бойында жұптасып жүреді.Бір қатармен жүреді.
Бұталардың астымен еңкейіп өтеді.
Бір аяқ жолмен жүреді
Көпірдің үстімен тепетеңдікті сақтап өтеді
Үнгірден төрттағандап еңбектеп өтеді

Ағаш түбіндегі түлкіге аяқтың ұшымен келіп бауырсақты алып қашады.
Қорытынды. Балаларды шеңберге тұрғызып
Тыныс алу жаттығуын орындатады
Т: Балалар бір тәтті иіс сезіп тұрсыңдарма?
Бұл хош иіс пешімізден шығады екен
Пештің ішінен тәтті бауырсақтарды балаларға таратып береді Шеңберде тұрып тыныс алу жаттығуын орындайды.

Ия

Күтілетін нәтиже:
Болуы керек: қызығушылығы,журу,жүгіру,секіру,еңбектеу дағдылары
Меңгерді: Гимнастикалық орындық үстімен тепетеңдікті сақтап жүреді,кедергілерден секіріп өтеді,жүру түрлерін орындай алады.

ID: 1862 | Просмотров: 2833