Балабақшадағы ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Балабақшадағы ашық сабақтар

6 саны мен цифры 5 саны тура, кері санау, Құстар біздің досымыз
[ Сайттан жүктеу (29.8Kb) ] 28.11.2015, 21:17

Материалдың жеке номері 2214

6 саны мен цифры 5 саны тура, кері санау, Құстар біздің досымыз

загрузка...
Мектепалды даярлық 0 «Ә» тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 18.11.2015
Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Тақырыбы: 6 саны және цифрымен таныстыру.
Мақсаты:
1. 6 саны және цифрымен таныстыру.
2. Жиынның белгілі тобын бейнелейтін көрсеткіш санды түсіну, ойлау, елестете білу қабілеттерін дамыту; 3. математикаға қызығушылыққа, топ болып жұмыс істей білуге, достыққа тәрбиелеу Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: жиын, алты, көп, бірдей, жоғары, төмен.
Құрал жабдық: үлестірмелі цифрлар, дауылпаз, құрастыруға арналған пішіндер, жазу дәптері, қарындаш.
Билингвальдік компонент: Бір-один, бірнеше-много, алты-шесть.
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы.
(кіріспе бөлім) Ұйымдастыру кезеңі.
«Көңіл-күй» шеңбері.
Балалар орындарынан тұрып:
Арайлап таң атты!
Күн сәулесін таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Іздену-ұйымдастырушылық.
(негізгі бөлім) 2. Негізгі бөлім:
«Кім жылдам» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

«Дұрыс тыңда» ойыны.
Педагог дауылпазбен дыбыс шығарады. Қанша дыбыс шығарса балалар сол цифрды көрсетеді.
Педагог алты рет дыбыс соғады.

Есік тарсылы естіліп, бүркіт құсы ұшып кіреді. Аузында балаларға арналған хаты бар.
Педагог хатты оқиды.

- «Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен алты цифрымын, сендердің топтарыңа келе жатып, жолда орманда адасып кеттім. Маған жол табуға көмектесіңдерші»

- Балалар, олай болса жолға шығайық. Орманға немен баруға болады?

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық.
Қолмен шеңбер құрайық.
Үшбұрышта жасайық.
Иілейік оңға,
Иілейік солға
Отырайық, тұрайық,
Біз тынығып алайық

Біздің қандай көлік түрімен баратынымыз алдарыңда жатқан конвертте жасырынған.
Барлығымыз алып, пішіндерді пайдалану арқылы көлікті құрастырайық.

Көлікке мініп, орманға келеді.
Көлікке отырғанда арқамызды тік ұстау керек, қанеки түзу отырамыз. Көліктің жүрген дыбысы шығады.

Тақтада шыршалар ілінген
Екі жол жатыр. Бірі қысқа, ұзын жол, екіншісі жалпақ қысқа жол.

Шыршаны санатады.

«Шыршалар қайда орналасқан?» д.ойыны

- Орманда кімдер тұрады?

Аюлар келеді.

Саусаққа арналаған жаттығу.

6 аю болу үшін тағы неше аю керек?

- Балалар, аюлар 6 цифрынын қайда адасып жүргенін біледі екен, біз оларға дос тауып берсек, олар бізге жол көрсетеді. Қанеки барлығымыз бірге, жартылай дауыспен тиындарды шақырайық.

Тиындар келеді. Балаларды санату.

Аю көппа? тиындар көппа?

Бірдей болу үшін неше тиындар керек?

Аюлар рахмет айтып, 6 цифрынын ең үлкен шыршаның артында адасып жүргенін айтады.
Үлкен шыршаның артынан педагог 6 цифрын алып шығып балаларға көрсетеді.

6 цифрын алып топқа қайтады.
6 цифрымен таныстырады. Алты бірліктен тұратынын айтады. Балаларға 6 цифрларын таратып береді.

6 цифрын ауада жазғызып көрсетеді.
Дәптермен жұмыс:

Балалар алдарында жатқан цифрларды ретімен партаның жоғарға жағына орналастырады.
Үш тілде санайды.

Көздерін жұмып естиді, қанша дыбыс естісе сол цифрды көрсетеді.

Балалар алты цифрынын жоқ екенін айтады.

Балалар қызығушылық танытады.

Балалар көмекке дайын екендерін айтады.

Балалар өз жауаптарын айтады.

Қимылдарды жасап, көрсетеді.

Тапсырманы орындайды.

Автобус көлігін құрастырады.

Балалар, партаға түзулеп отырып, орманға келеді.

Балалар, ұзын жол мен қысқа жолды, ажыратып айтады.

6 шыршаның ілініп тұрғанын айтады.

Қай шыршаның қайда орналасқанын балалар айтып береді.

Жабайы аңдар тұратынын айтады.
Балалар 5 аюдың келгенін айтады.

Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап,
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек кезекші,
Шылдыр шүмек көмекші,
Шынашағым, балапан,
Бәріне ортақ алақан!

1 аюдың керек екенін айтады.

«ау» тиындар, «ау» тиындар.

4 тиыннын келгенін айтады.

Аюлардың көп екнін айтады.
2 тиыннын керек екенін айтады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс істейді,

6 цифрын 5 цифырының қатарына қояды.

Дәптерлеріне 6 цифырын жазады.
Рефлексивті-қортындылау.
(Қорытынды) Балаларды қорытынды жасауға жетелейді. Бірлесе атқарған жұмыс үшін мадақтайды.
Шапалақ арқылы бес деген баға қояды. Қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Сандарды санай біледі, үлкен, кіші, оң, сол ұғымдарын біледі. Нені игерді: 6 цифрымен танысады, Заттарды топтастырады. Нені біледі: заттарды ортақ қасиеттеріне қарай топтарға біріктіруді; өзінің пікірлерін дәлелдеуді, өз ойларын түсінікті жеткізуді.
Толтырған: Турлыбекова С.Н
Тексерілді:

Білім беру салалары: «Таным» Бөлімдері: ҚМҰҚ Тақырыбы:«Мамематика еліне» саяхат (1-5 ке дейін санау) Мақсаты: 1. Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алдыда, артта ұғымдарындамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы татулыққа , бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Санамақ таяқшалар, геометриялық пішіндер кесінділер, ойыншықтар, үйшік.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Сабаққа ұйымдастыру. Балалар барлығымыз жылулық шеңбер бойынада тұрып қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төріме міне еніпті, Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой, Ал канекей бәріміз, «Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Қане барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?

Мен сендерге жұмбақ жасырайын,мұқиятыңдаңдар
Туысқан бес кісі, Бірінен –бірі кіші. Бәрінің аты бір, Ең кішісі шеткісі.
Сандарға арналған санамақ кім біледі?

Балалар қонақтармен амандасады.

Күз мезгілі
Үш ай бар: Қыркүйек, қазан, қараша
Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі.

Бес саусақ

Айдана: «Бір үйде біз нешеуміз?» санамағы.
Бас бармақ-әкем, Балан үйрек -шешем, Ортан терек- ағам, Шылдыр шүмек-әпкем, Кішкене бөбек- мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Іздену барлау Д.о «Үйшік».
Қараңдаршы балалар жазық далада үлкен емес, кіші емес бір үйшік тұр. Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келеді, үйшікті көреді де есікті қағады, ешкім дауыс бермеген соң ішке кіреді. Осында тұрайын деп отырады. Солай 2,3,4,5, сандары келіп берілген тапсырманы орындап барлығы бірге тұрады.
5 саны: Есік тұтқасын ұстап ойланады. Әрі ойланып, бері ойланып сопақша пішін деп жауап беріп, үй ішіне кіреді. Осылайша сандар бірге тату-тәтті дос болып бірге тұрады. (Сандар қатарымен тұарды)
Балалар қандай сандар екен? Осы сандармен ойын ойнайық «Қай сан жоқ?» Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.

Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайықғ, 2,3,4,-алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.
Балалар , есікті біреу қағып жапқан сияқты, естисіңдер ме? - Хош келдің, сен кімсің?
Жалқаубек: Сәлемаетсіңдер ма, балалар, менің есімім. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдерме?
1-тапсырма: сандарды тура және кері санау.
2- тапсырма: мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар? Түстері қандай?

Санамақ таяқшалардан қандай пішіндер құрастыруға болады? Жалқаубекпен ойын ойнайық. Геометриялық пішіндерге, сандарға байланысты сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеттеріңді байқап көрейік. «Көңілді математика» ойыны. 1.Қандай зат дөңгелек тәрізді болады? 2.Екі тышқанда неше құйрық? 3.Сендердің жастарың нешеде? Балалар қуана ойнайды.
1саны: Мен-1саны, Бір дегенім- бала, Санды дұрыс сана. Сенің қанша атаң бар? Сенің қанша апаң бар?
2саны:Мен 2 санымын, сен қызыға қараған. Екі дегенім –ешкі, Таудан келер кешке. Лағы оның қанша? Ізде келмей қалса. 3саны:Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен. Үш дегенім-үйім, Үйде жақсы күйің, Бақшадан да қалма, Тап-таза боп киін. 4саны: Мен 4санымын, иілген үшкір шығанағым. Төрт дегенім-түлік, Жүрген мұны біліп, Жылқы , сиыр, түйе, қой, Санаңа мұны түйіп қой. 5саны: Мен сопақша пішінмін деп кіріп кетеді.
1,2,3,4,5,

Балалар таңырқай қарайды.

Жалқаубек

Көмектесеміз
1,2,3,4,5; 5,4,3,2,1.
Геометриялық пішіндер. Үшбұрыш – қызыл түс, Төртбұрыш- көк түс, Дөңгелек – сары түс, Сопақша – жасыл түс. Санамақ таяқшалардан үшбұрыш, төртбұрыш құрастырады.

1.Күн, доп, қарбыз 2.Екі құйрық 3.Төртте, бесте
Рефлексивті – қорытындылау Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екнсіңдер. Жалқаубек біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың. Сен де апайлар берген тапсырманы күнделікті орындап жүр. Балалар мен сендерге беретін сыйлықтарым бар. Балалар сендерге көп-көп рахмет

Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: 1-2ге дейін сандарды біледі, таниды. Қалыптасқан әдет: Тура және кері санайды. Істей біледі: Суреттерге қарап сан құрамын ажыратады.
Тәрбиеші:

Бөлімдері :Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы : «Қыстағы құстардың тіршілігі»
Мақсаты : Қыстағы құстардың тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру.
Б.М : Дала құстары туралы түсініктерін кеңейту. Д.М: Дала құстарын ажырата білуге баулу,сөздік қорларын молайту. Т.М: Құстарға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілік:Құстардың суреттері,жұмыртқа,ұя,теледидар.
Сөздік жұмыс: Қамқорлық,тиым сөз,достық.
Қостілділік компоненті : Құстар-птицы,ұя-скворечник.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық– қозғаушы
Ж.ш «Еркелетіп айт»
Тәрбиеші: балаларды шеңберге тұрғызып,қолына жұмыртқаны алып,балалар қараңдаршы мынау не екен?

Бұл ненің жұмыртқасы?

Дұрыс айтасыңдар.Ал енді алақанымызды ұя деп есептейік.Осы жұмыртқаны бір-біріміздің алақанымызға салып,құстардың атымен бір-бірімізді еркелетіп айтайық.

Тәрбиеші: Балалар бұл жұмыртқа жай жұмыртқа емес,сиқырлы жұмыртқа екен, оның сиқырын мен сендерге артынан көрсететін боламын.Оны мына ұяға салып қояйық. Балалар шеңберге тұрады.

Балалар жұмыртқа екенін айтады.

«Құстың».

Балалар жұмыртқаны бір-біріне беріп балапаным,торғайым,
көгершінім,қарғам т.б
сөздерді айтады.
Іздену - барлау
Тәрбиеші: Балалармен құстар жайлы әңгімелеседі.
«Құстар –адамға дос.Құстарға ұя жасап,қамқорлық көрсетуіміз керек.Құстар ағаштарды,егістіктерді құрттардан арылтады.Сайраған құстардың дауысы әртүрлі,сондай тамаша!»
Қанеки олардың дауысын тыңдап көрейік. Үнтаспадан құстардың дауысын естірту.

Д.о «Құстар қалай дыбыстайды.
Қарға
Торғай
Сауысқан
Тырна

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар.
«Барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді екен,көптеген құстар қыстап қалады.Олар қыстайтын құстар деп аталады.
Қыс-қарлы,боранды,аязды, жылдың суық мезгілі.Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді.Әрине қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады.Қарны ашып,жаураған құстар адамдарға жақын келіп,көмек күтеді.
Қыстайтын құстардың суреттеін көрейік.

Бұлар осы жақта қыстайтын құстарға жатады.

Балалар, біз неше құстың суретін ілдік?

Тағы бір торғай ұшып келді.Неше құс болды?

Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар біраз тұрып бой жазып алайық.
Сергіту сәті:
Торғай болып ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық. Бүркіт болып аң аулап, Қыран құс боп самғайық. Қарға болып жорғалап, Қар үстіне қонайық.

Жақсы балалар,біз біраз сергіп алдық енді үш топқа бөлінейік.
1.топ: құстарға жем жасайды.
2. топ: құстың ұясын жабыстырады.
3.топ: жемсалғыш жасайды. Балалар жартылай шеңбер бойымен отырады.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Балалар құстардың дауысын естіп,қуанады.



Қарқылдайды.
Шырылдайды.
Шиқылдайды.
Тыраулайды.

«Қыс»

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Теледидардан көгершін,қарға, сауысқан,суық торғайдың суреттерін көреді.

Балалар,теледидардан көрген құстардың суретін тауып тақтаға іледі.Аттарын айтады.

Балалар,санап төрт құстың суретін ілгендерін айтады.

Бес құс болғанын айтады.

Балалар тұрып,екі қолдарын жазып торғай болып ұшады,
Бүркіттің қимылын жасайды.
Жүрелеп отырып, жорғалаған қарғаны салады.
Балалар үш топқа бөлініп, тапсырмаларын орындайды.
Балалар тапсырмаларын орындап жатқан кезде үнтаспадан әуен естіліп тұрады.

Рефлексивті - қорытындылау
Қанеки балалар тұрайық,үлкен шеңбер құрайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бағанадан не үйрендік?

Құстарға байланысты кім тақпақ біледі?
Құстарға байланысты қандай тиім сөздер білеміз?

Балалар бағанағы жұмыртқа естеріңде ме?Біз оны ұяға салып қойған болатынбыз
Ұядан балапан алып шығу,қараңдаршы біздің жұмыртқа балапанға айналыпты.Ол балапан бізге құр қол келмепті сендер құстарға арнап жем,жем салғыш,ұя жасаған үшін сендерге сыйлықтар алып келіпті.
Тәрбиеші: балаларды мақтайды. Құстар біздің досымыз. Бау-бақшаны қорғайды, Ұя жасап қарсы алсақ Құстар бізді қолдайды. деп аяқтайды. Балалар шеңберге тұрады.
Балалар,қыстайтын құстар жайлы,олардың тіршілігі жайлы білгендерін айтады.
Балалар,білген тақпақтарын айтады.
Ұяны бұзба,торғайға тас лақтырма, жұмыртқаны жарма т.б айтады.
Балалар ия деп қуанады.

Балалар балапанға таңырқай қарап,қуанады.

Сыйлықтарын алып мәз болады.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Құстардың тіршілігі жайлы,қыстайтын құстар жайлы біледі.Тиім сөздермен танысады.Құстарға деген қамқорлық,сүйіспеншілік сезім пайда болады.
Қалыптасқан әдет : Ойындарға белсене қатысады, байланыстыра сөйлей алады,өз ойларын жеткізеді.
Істей біледі : құстардың аттарын атайды,суретке қарап таниды,ермексазбен жұмыс жасай алады.
Тексерілді: __________________________________________________
loading...

Автор: Турлыбекова Сайраш Нурдоллаевна

Семей қаласы. №12 жббом

Бөлім: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 1492 | Жүктеулер: 616 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 24
Қонақтар: 24
Тіркелгендер: 0