Балабақшадағы ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Балабақшадағы ашық сабақтар

1-5 сандар
[ Сайттан жүктеу (45.5Kb) ] 13.11.2015, 15:24

Материалдың жеке номері 2083

1-5 сандар

загрузка...
Сыныбы: мектепалды даярлық
Пәні: Қарапайым математика
Сабақтың тақырыбы : 1-5 сандары
Сабақтың мақсаты: 1. 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау, құрамын қайталау .
2 Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3 Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнегілігі:ойыншықтар, 1-ден 5-ке дейінгі сандар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бізге шуағын төккен күнмен ,мейірімді көк аспанмен, достарымызбен және қонақтармен амандасайық..
Балалар шеңбер құрып тұрады .
Қайырлы таң, көк аспан.
Қайырлы таң, алтын күн.
Қайырлы таң, достарым.
Қайырлы таң, қонақтар.
-Өте жақсы, балалар, ал енді әркім өз орнына отыра қойсын.
Сұрақ-жауап:
-Жылдың қай мезгілі ?
-Аптада неше күн бар ?
-Бүгін аптаның нешінші күні ?
-Өте жақсы .
I. Логикалық тапсырмалар:
-Балалар, мен бүгін мектепке келе жатып, жолдан әдемі дорба тауып алдым.Ол жай дорба емес, сиқырлы дорба екен. Ол дорбаның ішіне аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Енді бізге сол аңдарға көмектесіп, сиқырлы дорбадан шығарып алуымыз керек.Ол үшін біз берілген тапсырманы орындайық.
Жұмбақ шешу.
-Ендеше мұқият тыңдайық.
1 Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір-ақ асады . (қоян)
2 Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады . (аю)
3 Өзі қу,
Жүрген жері шу. (түлкі)
4 Сұр түсті, ақсиған көп тісті. (қасқыр)
5 Қанжардай тісі бар,
Суық үрейлі түсі бар. (арыстан)
-Балалар, қараңдаршы, біз қанша аңды құтқардық?
-Ал, қане, өзіміздің құтқарған аңдарымызды тура және кері санайықшы. 1 2 3 4 5 ,5 4 3 2 1.
-Дұрыс.
-Енді біз сиқырлы дорбадан шыққан аңдардың тапсырмасын орындайық, оларда бізге тапсырма алып келіпті.
II.«Кім көп біледі ?». Қоянның тапсырмасы .
1сұрақ.: Бес алманың екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (3)
2сұрақ Автотұрақта 3 машина тұрды. Оған тағы 2 машиина келіп қосылды.Сонда барлығы неше машина болды?
3сұрақ. Айымда 4 банан болды, оған анасы 1 банан берді. Айымда барлығы неше банан ?
-Қоянның тапсырмасын орындадық, енді келесі қай аңның тапсырмасы.
III.«Санның құрамын тап» ойыны. Аюдың тапсырмасы .
4-пен 5-тің құрамын табу .

4 5



-Аюдың тапсырмасын орындадық ,енді келесі қай аңның тапсырмасы.
-Біз қоян мен аюдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз, демалып алайық .
Сергіту сәті : Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым әкем
Балаң үйрек анам
Ортаң терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкентай бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
IV.«Дәптермен жұмыс».Түлкінің тапсырмасы.
(математика, 27-бет)
Нешінші қабат?
Нешінші пәтер?
- Біз түлкінің тапсырмасын орындадық ,енді келесі қай аңның тапсырмасы?
V.«Геометриялық пішіндермен есептер шығару». Қасқырдың тапсырмасы.
Геометриялық пішіндердің атын сұрау: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Салыстыру үлкен-кіші, тең белгілері. Геометриялық фигуралардың сандарын анықтап, үлкен-кіші және тең белгілерін қою.
- Біз қасқырдың тапсырмасын орындадық ,келесі қай аң?
VI.«Көршісін тап?» ойыны. Арыстанның тапсырмасы.

- Сабақты қорыту:
- Бүгін біз нелерге көмектестік?
- Қай сандардың құрамын қайталадық?
- Жарайсыңдар, балалар. Бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Аңдарға көмектесу арқылы 1- ден 5 – ке дейінгі сандарды санауды, құрамын табуды үйрендіндер.
loading...

Автор: Кауменова Сания Кусановна

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" КММ

Бөлім: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 1903 | Жүктеулер: 500 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 66
Қонақтар: 66
Тіркелгендер: 0