Сайт учителя начальных классов
.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қыр гүліндей жайнайық...-, демекші, бүгінгі 5а-сыныбында өткелі отырған
Жыл басы Әз-Наурыз! атты мерекелік думанымызға қош келдіңіздер!

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар
Бұдан кейін ойын бар.
(Шашу шашылады).

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар.! Сіздерді ұлыстың ұлы күні - наурыз мерекесімен құттықтаймыз. дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекесіне балалар өз білімдерін көрсетпек.

Дамира: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда думан қауым бар

Ескендір: Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

Гүлжанат: Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй дастарқан, думанымыз - сахнамыз
Ұлы мейрам - наурызға шақырамыз

Ән: «Анаға сәлем» Камшат пен Гүлназ

Асылхан: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрам ежелден.
Құтты болсын, наурыз!

ID: 1108 | Просмотров: 2036