Жүзден жүйрік

  • Жүктеулер: 706
  • Көрсетілім: 1360
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Май/2015
сынып мұғалімі Кошкарова Дариға
Тақырыбы: Жүзден жүйрік(сайыс сабақ)
Мақсаты:1.Тапқырлыққа,шешендікке баулу,ізденімпаздыққа жетелеу,ой өрісін тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. 2. Оқушыларды жан-жақты сауатты,дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Оқу білімге қызығушылығын арттыру.
Барысы
Мұғалім: Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар. Сұрақ береміз, егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда сұраққа келесі оқушы жауап береді. Сұрақтар дұрыс болмаса,сұрақтың жауабын мұғалім айтады.
Ақ көңілмен,ниетпен
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай,еш жалықпай.
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасы
Сайлап алсақ жөн болар.
Еленбей еш қалмасын,
Адалдықпен сөз айтар.
(Әділқазылар сайланады)
Ойыншыларды ортаға шақырамыз және әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
І кезең. «Бәйге » сайысы
1. Республикамыздың бас қаласы? Астана
2. Астана нешінші жылы Астана деп аталды? 1998ж
3. Кітапты неден жасайды? Ағаштан
4. Білім күні қай күн? Қыркүйек
5. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? Абай Құнанбаев
6. Қазақстан Республикасының президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
7. Апрель айының қазақша атауы? Сәуір
8. Республика күні қашан? 25 қазан
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров
10. Абылай ханның шын аты кім? Әбілмансүр
11. Қазақтың ұлттық аспабы? Домбыра
12. Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? Мүйізін
13. Қазақстанда аты шыққан суретші кім? Әбілхан, Қастеев
14. Қандай мемлекеттік рәміздер бар? Әнұран,ту,елтаңба
15. Басын төмен қаратып не ұйықтайды? Жарқанат
1- сайыс бойынша ұпайларды айтып өтейік.
ІІ кезең
«Жеті жұрттың тілін біл» сайысы

Автор: Кошкарова Дариха Жусипбековна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы "Атамекен орта мектебі"ММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.