Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Жұмбақтар жинағы
20.11.2015, 22:51

Материалдың жеке номері 2142

Жұмбақтар жинағы

загрузка...
Жұмбақтар

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)


Темір аяқты,
Ағаш таяқты. (Циркуль мен қарындаш)

От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені. (Мосы мен шәугім)

Торы тай,
Табанында төрт ай. (Таға)

Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті. (Асқабақ)

Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым. (Қамшы)

Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер)


Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар. (Шайнек)


Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт)


Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған. (Ақша бұлт)

Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген. (Жайтартқыш)


Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз)

Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір)


Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр. (Сұрақ белгі)

Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге. (Леп белгісі)


Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік)


Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған. (Қоңырау)

Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай)


Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды. (Қол)


Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен. (Қол)


Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)


Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді. (Түйенің өркеші)

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)

Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.
(Күндізгі сәулелі шам)

Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта. (Электр )

Жануарлар туралы жұмбақтар

Басы — тарақ, арты — орақ.
(қораз)

Шықпайды үйден,
Тоны - жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.
(мысық)
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім?
(құлыншақ)
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(ешкі)

Иір қобыз, жарық жұлдыз.
(түйенің мойны мен көзі)
Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
(түйе)

Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем
(жылқы)

Қүнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
(қой)

Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
(сиыр)

Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін
(аю)

Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам
(тиін)

Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын.
(маймыл)

Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар.
(арыстан)
Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы,қайсы аңмын
(жолбарыс)

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі)

Әртүрлі, орта бойлы ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.
(есек)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды.
Жауабы:бұлбұл

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
Жауабы:аю

Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза.
Жауабы:мысық

Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бырақта,
Қашып жүрер жырақта.
Жауабы:кірпі

Бітімі тұрқы,
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ,
Айыбы солақ.
Жауабы:зебра

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.
Жауабы:шошқа

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
Бейбітшілік құсы, - деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
Жауабы:көгершін

Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас.
Жауабы:тасбақа

Оқу жабдықтарына байланысты жұмбақтар

Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған.
Жауабы:әріптер
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар.
Жауабы:кітап
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Жауабы:кітап
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(Кітап)

Ыдыс-аяқтар
Қорғаны дөңгелек,
Майда мен iрiнi,
Шығарар бөп-бөлек.
Жауабы:елгезер
Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол.
Жауабы:пышақ

Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
Жауабы:термос
Мөлдiр түрi,
Шеңбер түрi.
Аузы тарлау,
Шыны күбi.
Жауабы:құмыра

Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.
Жауабы:қасық
Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж-быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар.
Жауабы:шайнек

Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.
Жауабы:құман

Күмiс күбi –
Ортасында құбыры бар,
Тесiк түбi.
Жауабы:самаурын

Көлшiкте жүзiп
Түбiн шарлап шығады.
Қауғасы сүңгiп,
Балығын аулап шығады.
Жауабы:кепсер
Құлағы бар қалқиған,
Аузы бар аңқиған.
Шығып алып ерте-кеш,
Төрт аяққа талтиған,
Қыздырады жалынға
Дәу қарынын қампиған.
Жауабы:қазан
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын.
Жауабы:саба
Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.
Жауабы:қазан,от

Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары

Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
Жауабы:құрт

Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
Жауабы:тұз
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Жауабы:құрт
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
Жауабы:науат
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Жауабы:жілік майы
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
Жауабы:пияз

Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.
Жауабы:жұмыртқа

Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.
Жауабы:жұмыртқа

Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.
Жауабы:қан
Судан алады,
Суға салса өледі.
Жауабы:тұз
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
Жауабы:таба нан
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.
Жауабы:сарымсақ
Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.
Жауабы:қауын

Көк лағым көгенде тұрып семіреді.
(қарбыз)

ҚҰСТАР ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР

Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? (Тырна)

Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкес мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы.
(Түйеқұс)

Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.
(Қарлығаш)

Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды.
(Бозторғай)

Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады.
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi.
(Шағала)

Қара жағал кiшкене,
Қанаты бар сүйрiктей.
Оған теңдес құс, кәне?
Тапшы осындай жүйрiктi?
(Жағалтай)

Күндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады.
(Үкi)

Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi.
(Қораз)

Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап.
(Қарға)


Сарғыш бояу жалатқан,
Тұмсығы бар қалақтан.
Қауырсыны бiр уыс,
Қара сирақ iрi құс.
(Жалбағай)

Күн, жұлдыз, жер туралы жұмбақтар

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күннің көзі)


Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Күннің күркіреуі)

Үй үстінде ұсақ тас
(Жұлдыз)

Там басына тары жайдым
(Жұлдыз)

Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады
(Жұлдыз)

Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тастады.
(Жер)



2015жыл

Ақмола облысы ,Жақсы ауданы,Жаңа Қима ауылы ,
«Құлыншақ балалар» бақшасы
Жұмбақтарды жинақтаған: Бірімжанова М.З.
loading...

Автор: Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: mika_1005
Көрсетілім: 1746 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0