Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе
[ Сайттан жүктеу (31.3Kb) ] 22.10.2015, 22:18

Материалдың жеке номері 1930

Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе

загрузка...
Рахметов Галымжан Намазбаевич
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«Жылы су» ауылдық округі
«Жылы су» ауылы
№115 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих,география пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту, өз ойын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелілік: Конституцияны,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артады, өз ойын еркін айта біледі, қылмыс жасаудан аулақ болуға бағыт-бағдар алады, сөздік қорлары артады.
Қажетті ресурстар: Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,ноутбук, маркерлер, плакаттар т.б.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірталас
Тәрбиелік шараның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)
а) Оқушыларды топқа бөлу
ә) Сабақтың мақсаты мен мазмұнын таныстыру
в) Топ басшыларын сайлап алу
ІІ. "Ұшақ ұшыру" (психологиялық тренинг. 5 мин)
ІІІ. "Ой қозғау"(5 мин)
ІҮ. Менің пікірім...(7 мин)
Ү. "Құқықтық сауаттылық - заман талабы"(сәйкестік тест. 5 мин)
ҮІ. "Ой талқы" (пікірталас.10 мин)
ҮІІ. Қорытынды."1001 мақал, 101 жұмбақ"(5 мин)
ҮІІІ. Рефлексия. "Екі жұлдыз, бір тілек"(3 мин)

Мұғалім: Құрметті қонақтар және оқушылар! Сіздер бүгінгі "Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе" атты тренингімізге қош келдіңіздер.
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие - кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Осы мақсатта өтілетін бүгінгі сабақта қанатты сөздер қолданылады. "Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың да құқығы бар екенін ұмытпа", "Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды", "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды" , "Заң біткен жерде зұлымдық басталады".
І. Оқушылар төрт топқа бөлінеді: 1-топ "Ақиқат", 2-топ "Әділет",3-топ "Құқық", 4-топ "Азамат". Топқа осы аттарға синоним сөздер бойынша бөлінеді, мысалы: "Ақиқат" сөзіне синоним сөздер: шындық,дәлел, айғақ, болмыс, т.б. "Азамат" сөзіне: жеке тұлға, азаматша, жас жеткіншек, Ұлы тұлға, адамзат т.б. Сонан соң әр топ өз аттарын қорғайды.
Топ басшыларын сайлап алады.
ІІ. "Ұшақ ұшыру" ойынында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін А4 қағазынан ұшақ жасатып, оған жақсы тілектер жазып бір-біріне ұшырады және оны оқиды.
ІІІ. "Ой қозғау" тапсырмасында оқушыларға заң, құқық тақырыптарына қатысты сұрақтар қойылады, сұрақтар экраннан тест түрінде беріледі.
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
8. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
11. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
12. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
13. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)
14.Құқық бұзушылық дегеніміз не? (Заң жүйесін бұзу)
15.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт. (Конвенция)
16.Барлық мемлекетке өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.(Деклларация)
ІҮ. Менің пікірім... Бұл бөлімде оқушыларға "ұрлық", "тонау", "бұзақылық", "бандитизм", деген сөздерге өз ойлары бойынша анықтама беру, яғни өз пікірлерін жазба түрде беруге де болады. Соңынан өз ойларын тура жауаппен салыстырады.Заң қызметкерінің пікірі тыңдалады.
Ү."Құқықтық сауаттылық - заман талабы": Оқушылардың құқықтық сауаттылығын тексеру үшін сәйкестік тест беріледі.
ҮІ."Ой талқы" бөлімінде: Әр топқа проблемалық сұрақтар беріледі, оқушылар пікірі тыңдалады, соңынан экраннан ата-аналардың және заң қызметкерінің пікірі тыңдалады.
1-топқа: Қылмыскер бала қайдан шығады?
2-топқа: Құқық бұзушылықтың себебі не деп ойлайсыздар?
3-топқа: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
4-топқа: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
ҮІІ. Қорытынды: "1001 мақал, 101 жұмбақ". Құрметті оқушылар ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал-мәтелдерді толықтыру арқылы аяқтайық. Кезекті "1001 мақал, 101 жұмбаққа " берейік.
"Ақиқат" тобына:
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
"Азамат" тобына:
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, ... (қырсығын әкесінен іздейді)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің ... (арты игі)
"Құқық" тобына:
1.Өтірік өрге ...(баспас)
2.Адамсыз қоғам жоқ, ... (қоғамсыз адам жоқ)
3.Ұяда не көрсең, ...(ұшқанда соны ілерсің)
4.Татулық - ...(табылмас байлық)
5.Жақсыдан үйрен, ... (жаманнан жирен)
"Әділет" тобына:
1.Қолыңмен істегенді, ...(мойныңмен көтер)
2.Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
3.Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)
4.Жақсы бала - сүйініш, ... (жаман бала - күйініш)
5.Атаңа не қылсаң, ... (алдыңа сол келеді)
Жұмбақтар:
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біз бүгінгі "Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе" атты сынып сағатымызды аяқтай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!

ҮІІІ. Рефлексия. Оқушылар және көрермендер флигчартқа "Екі жұлдыз, бір тілегін" стикерге жазып жапсырады.
loading...

Автор: Рахметов Галымжан Намазбаевич

№115 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1057 | Жүктеулер: 533 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 23
Қонақтар: 23
Тіркелгендер: 0