Удыбысы мен әрпі.

  • Жүктеулер: 853
  • Көрсетілім: 1547
  • Авторлық бағдарлама
  • 28/Мар/2015
Ашық сабақ. Сауат ашу.
Тақырыбы: Удыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Удыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болатындығын түсіндіру.Удыбысына сөздер ойлаттырып, сөздерден сөйлем құраттыру.
Дамытушылығы: Буындап, шапшаң оқи білуге машықтандыру;
Тәрбиелік мәні: Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Әдістері мен тәсілдері: топпен және жеке жұмыстар, «Шелектегі идея», «Топтас, ойлан, талқыла», «Бұлт» стратегиясы, « Ой толғаныс».
Көрнекілігі: слайдтар,таблицалар,кеспе әріптер мен буындар, суреттер.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру бөлімі.
а) оқушыларды түсті ленталар арқылы бөлу.
ә) психологиялық ахуал.(оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.)
2. Үй тапсырмасын сұрау.( Л дыбысын оқыттыру, сұраққа жауап алу)
3.Жаңа сабақ:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
а )өтілген әріптерді қайталау.
ә) дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырату.
б) өтілген дыбыстарға байланысты сөздер, сөздерден сөйлемдер құраттыру.
в) тақтаға схема бойынша жаздыру. L _.L _ _.L_ _ _.
г)У дыбысы туралы түсінік беру.(кейде дауысты, кейде дауыссыз екендігіне көз жеткізу)
ғ) суреттер бойынша әңгіме.
д) баспа, жазба түрлерін түсіндіру.(тақтаға жазып көрсету)
е) ауада жазу.
ж)тақтаға жазу.
з) таблица бойынша оқу.
и)хормен оқу.
й) сигналды карточкамен жұмыс.
Сергіту сәті: «Ақ бұлақ».
Буын диктанты: та,па,на,ға,уа,ла, ра.
Сөздік диктант.
Ата,апа,ана,аға,ауа,ара.
Ойлан,топтас ,талқыла: Удыбысына сөздер ойлау.« Шелектегі идея» әдісібойынша сабақты қорытындылау.
« Бұлт » стратегиясы: Л дыбысы мен Удыбысын салыстыру.
Кері байланыс: Сабақта не қызық? Не түсініксіз болды?(2 түсті стикер арқылы көрсету)
Үйге тапсырма: Уу дыбысын оқып келу.46-бет.
Бағалау: смайликтер арқылы.

Автор: Есенова Ляиля Байтоллақызы

Атырау обл.Жылыой ауд.Құлсары қаласы.№9 орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.