uCoz - Новое письмо

  • Жүктеулер: 667
  • Көрсетілім: 1224
  • Авторлық бағдарлама
  • 07/Апр/2015
Сын есімді қайталау сабағына арналған сергіту сәттері мен ойындар.
Мақсаты: Әрбір сергіту сәті арқылы баланың білім-білік дағдысын, рухани адамгершілік қасиетін,танымдық іс-әрекетін дамыту.
Негізгі идея: Сергіту сәті сол күнгі сабақтың тақырыбымен сәйкес болуы керек. Яғни, осы ойындар арқылы оқушы тек қана ойнап қоймайды, сонымен бірге өткен сабақты да пысықтайды. Оқытушы әр сергіту сәтінде не болмаса ойын кезінде оқушысының сөздік қорын молайтуға,оқушының көшбасшылық белсенділігін арттыруға ықпал етуі керек.
Күтілетін нәтиже: Сергіту сәті не болмаса түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылар ең бірінші, тынығады, демалады, ой-өрісі кеңейеді.
Екінші, сөз саптау шеберлігі, көшбасшылық белсенділігі дамиды; үшіншіден,топ алдында сөйлеуге машықтанады.
Сабақта пайдаланылған сергіту сәттері мен ойындар.
Сын есім 6а сыныбына 6 сағатқа берілген.Оның 1сағатында «Танысу» тренингін пайдаландым. Онда оқушылар өздерінің бас әрпінен келетін сын есімді сөздерді айтады. Мысалы: «Мен ер мінезді, ерке Ерасылмын»
«Мен ақылды, ажарлы Айнұрмын». «Мен жарқыраған, жайлы Жұлдызбын». Әрбір бала өзінің бас әріптерінен тек қана өздерінің қасиеттерін ғана айтып қоймай, сонымен бірге, сол сабақтың қандай тақырыпта болатынын біліп, алғашқы түсінік қалыптастырады.
Сын есіммен және оның 5 белгісімен танысып болған соң, оқушылардың жейдешелеріне (өздеріне көрсетпей) жасырын атаулар жапсырылады. Жүргізуші ойынға қатысушы ойыншыдан :- Бүгін осы жерге бардың ба? -Кіммен бардың? - Неге бардың? - Ол жер қандай? - Ол жерде қандай тамақ іштің? - Тамақтың дәмі қандай? Ол жерде қанша уақыт болдың? -Тағы барғың келе ме? -Неге?
Ойынға қатысушылар осы сұрақтарға жауап беру керек, және осы жауаптардың ішінде сын есімді сөздер орынды, көп қолданылуы керек. Ойын өте тартымды. Себебі, оқушылар арттарында жазулы тұрған сөзді көрмегендіктен кейбір жауаптары сәйкес келмей, тыңдаушыларды күлкіге қарық қылады. (кітапхана, атқора, аула, асхана т.с.с.)
«Орындықтан тұрғызу» ойынын ойнаттым. Оқушылар топқа бөлінген соң

Автор: Сапарова Венера Базар5алиқызы

Батыс Қазақстан облысы жаңақала ауданы Д.Нұрпейісова атындағы ЖББОМ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.