«Туған тілім -ырысым»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1531
  • Авторлық бағдарлама
  • 07/Ноя/2015
«Туған тілім -ырысым»
Мақсаты:Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін қадірін біліп құрметтеуге ,сүюге тәрбиелеу. Балалардың танымдық қабілетін дамыту. Отанға туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық сезімге баулу.Өлеңдер , мақалдар билер арқылытін шараның мәнін жеткілікті меңгерту.
Көрнекілігі: Мултимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар.
Әдісі:Сайыс түрінде.

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме құрметті апайлар,тәрбиешілер
Атты сайысымызға қош келдіңіздер
Қазақстан Республиасының Президенті Н.Ә .Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында Қазақстан Республкасының болашағы қазақ тілінде деген болатын.Мемлекеттік тілді үйрену білу дамыту баршамыздың міндетіміз әркімге де парыз деп санаймын. «Туған тілім –ырысым атты сайысқа қатысатын «Балдәурен»II-кіші тобының тәрбиеленуші сайыскерлерін ортаға шақырайық.
Тәрбиеші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағы желбірейді төрінде,
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.
Ана тілім ұраным,
Ана тілім құралым, Ана тілім болмаса Болмас еді жыр әнім
Бүтінделмес кемдігім -деп К.Мырзалиев жырлағандай тіл мерекесіне өткізгелі отырған сайысымыдың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс 5- кезеңнен тұрады. Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы
алқаларымен таныстыру.
«Айгөлек» МДҰ шығармашылық тобының жетекшісі Самал Батырашқызы, дене шынықтыру оқу іс әрекетінің педагогы Сания Жақсылыққызы. I-кезең Таныстыру. II-кезең Бәйге(сұрақ, жауап) III-кезең Кім зерек. IV-кезең Мақал –мәтелдер V-кезең Сөз тапқанға қолқа жоқ.
1-кезең Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Топтың аты Бәйтерек.
Топтың аты Құлагер.
Топтың аты Астана.

2-кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі керек.
1.Бізде казір қандай жыл мезгілі?
2.Күз мезгілінде неше ай бар?
3.Сендер қандай балабақшаға келесіңдер?
4.Топтарыңның аты қалай?
5.Қ.Р.елбасы кім?
6.Қандай Республикада тұрамыз?
7.Ұлтымыз қандай?
8.Қандай тілде сөйлейміз?
9.Бас қаламыз қандай қала?
10.Үщ кемеңгерді ата?(Төле би,Әйтеке би,Қазбек би) 11.Қ.Р.Рәміздерін атаңдар. 12.Тәрбиеші апайларыңның аты кім? 13.Сен нешедесің?
Ы.Алтынсарин,Қ.Мырзалиевтың тақпағын жатқа айту. Ән:Ботақаным.

3-бөлім «Кім зерек» деп аталады.Мултимедиялық тақадан жануардың суреті беріледі сол суретке қарап бала жануардың атын атап ,төлінің атын айту керек.
4-бөлім «Сөз мәйегі –мақал» деп аталады!
Ақерке :Піл көтермегенді тіл көтереді. Нұрбол.Шебердің қолды ортақ шешеннің сөзі ортақ. Әділ:Өнер алды қызыл тіл. Дария :Айтылған сөз ,атылған оқпен тең. Армат:Сөз тапқанға қолқа жоқ . Айлина:Елі іші –алтын бесік. Ахмет:Тіл тас жарады,Тас жармаса бас жарады. Кәусар:Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын. Ақерке:Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

Бас кеспек болсада –тіл кеспек жоқ.
Тәрбиеші:Ана тілім –күшім менің қуатым. Жырым сендік жүрегімнен туатын,
Тауысарма ырысыңды қорыңды , Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.
-Сайысымыздың соңғы бөлімі «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Берілген суретке қарап сөйлем құрау.
Балалардың тақпақтары.
Ән; «Ана тілі»
Би:Көкпар.
Міне сайысызда өз мәресіне таяп қалды.Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып,Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап сайысымызды қортындылап жеңімпаз топты анықтау.Әділқазы мүшелеріне беріледі.

Автор: Сариева Майра Мақсотқызы

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.