Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Тақырыбы: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігі
[ Сайттан жүктеу (111.2Kb) ] 27.09.2015, 18:35

Материалдың жеке номері 1831

Тақырыбы: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігі

загрузка...
Есмагамбетова Жұлдыз Таубаевна
Матматика және информатика пәнінің мұғалімі

Алматы облысы ,Талғар ауданы ,
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №15 жалпы
білім беретін орта мектеп

Тақырыбы: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде үлкен өзгеріс енгізіліп жатқаны баршаға мәлім. Осы тұрғыда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Әрбір ұстаз болашақ үшін жауапты екендігін ескерер болсақ бұл- бүгінгі ұстаздарға айрықша тиесілі. Заман талабына сай, ақпараттық сауаттылықты меңгерген,біліктілігі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру басты міндетіміз.Осы мақсат пен міндетті байланыстырып нәтижеге жету, талапқа сай білім беру үшін сындарлы оқыту модулін меңгеруді қолға алдық. Сындарлы оқыту –оқушының пәнді терең түсінуі қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан тыс өз өмірінде тиімді пайдалана алуын қамтамасыз етеді. Мұғалім сындарлы оқыту арқылы оқушының қалай оқу керектігін үйретіп, нәтижеде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды жеткізе алатын , жан –жақты дамыған терең білімді, ақпараттық технологтяларды қолдана алатын ,өз бетінше шешім қабылдайтын жеке тұлға қалыптасуына ықпал жасайды.
«Әлеуметті –сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну ( Vygotaky ,1978; Wood,1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Диалог негізінде оқыту және оқу «Мерсер ,1992; Александр ,2008) ,метасана педагогикалық тәсілдер әлеуметтік –сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсініктемелері ретінде қолданылады». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 12 бет). Диалогтық әдісті қолдану арқылы мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасай отырып, сұрақтар беріп, жауаптар алады, сұхбаттасады, соның нәтижесінде оқушының білім сапасы артады. Диалогтық әдіс менің іс –тәжірибемдегі әрбір сабағымда , шаттық шеңберін құру,ынтымақтастық атмосферасын орнату, әр түрлі әдістерді қолданып ,топтарға бөлу сәттерінде қолданылды. Оқушыларды топтарға бөлудегі мақсатым оқушылар арасында ынтымақтастықты нығайту, өзара әрекеттесу өз ойларын , пікірлерін еркін айта білуге дағдыландыру болып табылады.

«Диалогтік оыту негізіндеоқыту . Топтық жұмыс сәті
Жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артты, өз-ара қарым қатынасы нығайды, сабақтарда белсенділіктері арта түсті. Диалогтық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімдері шыңдалады, математикалық тілде ережелермен анықтамаларды нақты жеткізуге тырысты. Диалог белсенді жүргізілгенде балалардың оқуы тиімдірек және зияткерлік қасиеттері жоғары болатынын байқадым. Дұрыс сөйлеуге үйренеді, сұрақ қоюға бейімделеді.Сындарлы оқыту теориясының негізгі әдіс –тәсілдерінің бірі диалогтік оқыту әдісі . Ол жеті модульмен тығыз байланысты. Оқытуда және оқуда жаңа әдіс –тәсілдерді қолдуда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқандығын байқадым. Сабақтарымда жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану арқылы рационал өрнектерге амалдар қолдану алгоритмдерін қолдануға, рационал өрнектерді ықшамдауға, өрнектердің мағынасын табуға, өрнектің мәнін табу жолдарын меңгере алды. Топтық жұмыс «Жорға», « Фишбаун» әдісін, «Балық қаңқасы», «Білім шыңына кім жетеді» тапсырмаларын орындауда оқушылардың сабаққа ынтасы арта түсті, қызыға отырып тапсырмаларды орындағаны байқалды.Топтық жұмыстарды бірігіп орындады. Өз- ара диалогтық қатынаста түсе отырып, бір –бірімен ақылдасып, бір-бірінің сөзін тыңдап, өз –ара бір шешімге келіп, тапсырманың жауабын нақты айтуға дағдылана бастағаны анық көрінді. Осы тапсырманы иентербелсенді тақтаны пайдаланып, оқушы орындаған тапсырмасының жауабын сәйкестендіру арқылы дұрыс –дұрыс еместігін тексеріп, өз – өздері бағалауға ықпал жасадым. Бұл тәжірибемнен үйренгенім Бағдарламаның жеті модулі бірі- бірімен тығыз байланыста екендігін жетік білдім. Әр сабағымда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың білімдерін тереңдетуге, өз ойларын жеткізуге , өз- ара көмектесуіне, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына ықпал жасай отырып тақырыптың мақсатымен мазмұнын оқушылардың өздері ашуына мүмкіндіктер жасадым Әр сабағымда кері байланыс « Рефлексия» , Не білдім?, Не білгім келеді? Не үйрендім? әдістерін қолдандым. Әр сабақ сайын оқушылар өз ойларын жазып, «Күлегештерге », »Білім ағашына» тіркеп отырды
Сабақтарымда ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану арқылы мақсатыма жетіп отырдым. Нәтижеде, оқушыларда белгілі түсініктер қылыптасты, әр сабақта оқушылар топқа бөліну, шаттық шеңбер құру, рефлексия жасау сәттерін тез меңгеріп алды Оқыту нәтижесінде жеткен жетістіктер, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты; өз-ара қарым- қатынасы орнады; оқушылар өз ойын ашық жеткізу дағдысы қалыптасты;математикалық тілде сөйлеу мәдениеті қалыптасты,сөздік қоры молайды; бірі-бірінің ой –пікірін тыңдауға үйренді; басқалармен ой бөлісе алды; топта жұмыстеге дағдыланды; өзін –өзі реттеуге үйренді; өз бетінше шешім қабыладай алды; мұғаліммен өз ойын ашық айтуға, пікір алмасуға ,өз-ара сұхбаттаса алды; мұғаліммен оқушы диологқа түсу арқылы білім деңгейі анықталды; оқушының әрі қарай білім алуына көмектесті.
Болашақта, осы Бағдарламаның жеті модульді өз тәжірибемде қолдана отырып, болашақ ұрпақтың білімге, оқуға қызығушылығымен сабаққа белсенділігін арттырамын. Сонымен қатар жаңа әдіс -тәсілдерді сабақтарымда қолданып, әрі қарай Бағдарлама бойынша білімімді жетілдіріп, оқушының ой өрісінің дамуына, білімге деген қызығушылығының артуына ықпал жасаймын. Заман талабына сай терең білімді, жан-жақты дамыған, өз білімін өмірде қолдана алатын білімді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемде сындарлы оқыту теориясының модульдерінің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, кеңінен қолдана алуыма толықтай сенімдімін.
loading...

Автор: Есмагамбетова Жұлдыз Таубаевна

Алматы облысы,Талғар ауданы №15 орта мектеп

Бөлім: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 1160 | Жүктеулер: 602 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0