Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
[ Сайттан жүктеу (13.7Kb) ] 02.05.2015, 16:58

Материалдың жеке номері 1514

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий

загрузка...
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий

1 жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1 жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Г И М Н
2 жүрг. Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Ту - ән.
(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Мектеп оқушыларының монтажы

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз аудан әкім _____________________ беріледі.
2 жүрг. Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі.

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

Г И М Н
Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.
Марапаттау рәсімі
Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз.

Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз.

Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар!
loading...

Автор: Есжан Ардақ Сеитқызы

Алматы қаласы Шаңырақ ш.а"Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Есжан_Ардақ | Ілмек сөздер: шақырамыз
Көрсетілім: 1060 | Жүктеулер: 549 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0