Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ
[ Сайттан жүктеу (169.0Kb) ] 23.09.2015, 17:43

Материалдың жеке номері 1818

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ

загрузка...
СЫР БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ

РУСТЕМОВА АЙГУЛЬ МАМАСЕЙТОВНА
№49 Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
ОҚО, САЙРАМ АУДАНЫ, ӘСІЛ АУЫЛЫ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған "Мәңгілік Ел" идеясының теориялық негіздері, әлеуметтік-саяси алғышарттарының қалыптасуы және бүгінгі таңда қазақ елінің ұлттық идеясына айналуы тарихи сабақтастықта зерделенген. Ортағасырлыұ сыр өңірінде түркі тілдес мемлекетінің ішінде әлеуметтік-экономикалық қатынастары мен мәдениеті жоғары деңгейде болған. Сыр бойында орналасқан мемлекетіміздің саяси-этникалық тарихы тәуелсіз қазақ елінің ажырамас бір бөлігі, ал Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридің өркениеттік мәдени мұралары мемлекетіміздің "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының қайнар көзі екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденеді. Сыр өңірінің қала мәдениеті, отырықшы және жер өңдеу мен көшпелі мал шаруашылығы өзара ықпалдастықта болуы сол кезеңдегі дамыған мемлекеттің қалыптасуына әкелді.
Қазақ халқының тарихқа толы алтын бесіктерінің бірі — Сыр өңірі. Қасиетті Сыр өңірі көне заманнан сыр шертіп, тарихын жаңғыртып тұр. Ғасырлар бойы бабалар аңсаған тәуелсіздігіміз қолға тигеннен кейін, Отан тарихына жаңа тарих беттерінің қосыла бастауы да тарихи заңдылық. Табиғат салдарынан жойылып бара жатқан, зұлмат замандардың және жойқын соғыстардың зардабынан құм жұтып, уақыт тезіне төзе алмай құру қауіпінде тұрған, ұлттық мәдени құндылықтарымыз- Ұлы даланы мекендеген халықтардың ежелгі тұрмыс тіршілігі, кәсібі мен материалдық және рухани мәдениеттері жөнінде сыр шертер, баға жетпес дерек көзі бола алады.
Ел аңызы бойынша Сыр бойындағы шаһарлы мекендердің көптігі соншалық, шыназадан шыққан лақ шатырдан шатырға секіріп отырып, Арал теңізіне дейін жетеді екен. Бұл теңеудің тегін айтылмасы белгілі. Бұл қалалардың көптігін көрсетеді. [2].
Зерттеудің басты өзектілігі ертедегі және ортағасырлардағы қазақ халқының тағдырында ерекше орын алған қала мәдениетінің ерекшелігін айқындау. Астаналық, сауда кәсіптік, өндірістік орталықтары болған Сыр өңірі қалаларының өмірін қалпына келтіріп жаңғырту және ұлттық мүддені, мемлекеттік дербестікті қорғайтын кепілдердің біріне айналдыру болып табылады. [3].
Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археология экспедициясы, 1971ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы (жетекшісі К.А.Ақышев), 1980 ж. Шымкент педагогика институтының археология экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттары мен көне қалалар орны ашылды.
Барлау барысында 1973 ж. археолог Х.Алпысбаев Шаян, Арыс–Түркістан каналдарының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974–75 ж. Дермене 1,2 м, Арыс қ-нан 10–12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді. 1980 ж. әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды. Сақ-үйсін дәуіріне жататын үлкен қорғандардың диам. 70–100 м, жоғары жағы 10–15 м, биіктігі 16–18 м болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын Ақбұлақ өзенінің жағасындағы Алтынтөбе жатады (б.з.д. 3 ғ-лар – б.з. 4 ғ-лар). Ол 300-ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген, зират лақатты. Ішінен саз ыдыстар, құмыралар, кеселер, жануарлар сүйектері, пышақ, мыстан жасалған сырғалар, әр түрлі моншақтар көптеп алынды. Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген (1–8 ғ-лар).
Арыс өзенінің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941–51 ж. А.Н.Бернштам, 1970–71 ж. Б.Н.Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1–2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділер. Әр үйіндінің диам. 6–20 м, биікт. 0,5–3 м. Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері – тау аңғарларында, Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өзендерінің бойларында, кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. Үш бөліктен: шаһристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орындары бар. Олар 5–8 ғ-лар арасын қамтиды. Шымкент маңындағыҚатын көпір ауылы маңында 10–18 ғ-лар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археологиялық заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қалалар орындары мен атаулары араб-парсы (10–12 ғ-лар) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарына сәйкес келеді
Оңтүстік Қазақстанның Сыр өңірін зерттеудің алғашқы кезеңі ХІХ ғ. екінші жартысында басталды. ХІХ ғ. 60-шы жылдары ортасына қарай Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу аяқталды. Патша өкіметінің Сібір мен Сырдария шептерін қосу саясатын іске асыруының нәтижесінде – 1864 ж. Әулиеата, Созақ, Шолаққорған, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент және 1865 жылы Ташкент, Ұржар, Ходжент, Жызақ қалалары Ресей патшалығының қол астына өтті.
1866 ж. Сауран, Ясы (Түркістан), Қарнақ және Испиджаб қалаларының орнында географ А.К.Гейнс болып, Сауран мұнараларын суреттеп жазды. Сонымен қатар, ол Сауран қаласының орнына шағын қазба жұмыстарын жүргізді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ескерткіштерін зерттеуде В.В.Бартольдтің еңбегі ерекше. Негізінен Шу мен Талас өңірінде зерттеу жүргізген Бартольд “Отчет о командировке в Среднюю Азию с научной целью 1893-1894 гг.” атты еңбегінде Сыр бойындағы кейбір ортағасырлық қалашықтар мен бекіністер туралы сипаттама берді. Өз экспедициясының басында В.В.Бартольд Сайрам қаласында болып, қазіргі таңда Сайрам қаласында сақталған ежелгі құрылыстардың жоқ екенін, алайда моңғол билігі дәуірінде бұл қаланың үлкен бір қала болғандығын айтады. Қазіргі Сайрам ауылының орнында Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі – Исфиджаб кезінде осы аймақтың орталығы болған. Қаланың дәл қай уақытта салынғаны белгісіз. 8 ғасырдан бастап Исфиджаб Ұлы Жібек жолындағы сауда қаласы екені белгілі. 12 ғасырдан бастап Сайрам атауы тарихи деректерде жиі кездеседі. Осы ғасырдың басында Сайрамды Хорезм шаһыМұхаммед талқандады. 13 ғасырдың аяғында қала қайта өркендеп, сауда-саттық, дипломатиялық қатынастар жүргізе бастайды. 15 – 16 ғасырларда Сайрам егіншілік пен ірі сауда орталығына айналады. 17 – 18 ғасырларда жоңғарлар қаланы бірнеше рет қиратады. Дегенмен, 1,5 мың жылдық тарихы бар Сайрам шаһарының қалдығы біздің заманға келіп жетті. Көне қаланың шаһристаны қазіргі Сайрамның ортасында жатыр. Шаһристанның жобасы жердің бедеріне қарай біршама жақсы көрінеді, көлемі 30 га. Бүгінге дейін шаһристан қабырғаларының сілемі мен төрт жағындағы төрт қақпасының орнын, екі үлкен көшенің сүрлеуін байқауға болады. Көшелердің түйіскен жерінде қаланың орталық алаңы мен мешіт болған. Деректерге қарағанда, Исфиджабтың цитаделі болмаған сияқты. М.Е. Массонның «Көне Сайрам» деген еңбегінде цитадель қала қақпасының шығыс жағында деп көрсетілген. Қазіргі Сайрам кентінің орталық бөлігінің жобасы бұрынғы шаһристанмен дәлме-дәл келеді. Кент орталығында ортағасырлық сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері сақталған. Мірәлі баба кесенесі Ибраһим ата, Қарашаш ана мазарлары, Абдул-Әзиз баб, Хызыр пайғамбар, Қожа Толығ, Ләтіп ата және Мұстафа ата ескерткіштері бар. Сайрамда бұдан басқа да 11 – 18 ғасырлардың арасын қамтыған ірілі-ұсақты ескерткіштер көп. Негізгілері мемлекет қарауына алынған. [4].
«Сауран қамалы – өте берік бекітілген қорған, оның мықты және күшті қамал болғандығы соншалықты, тағдыр тәлкегінің қолы оның қорғанының түбіне жетіп көрген емес, және көктегі аспанның өзі де әлем жерінің төрттен бірінде мұндай берік қамал көрген емес. Оның биіктігі соншалықты, күннің көзі де одан асып көрген емес. Қамалдың беріктігі соншалықты,, оның мұнаралары мен дуалын қирату ешкімнің ойына да кіріп шықпайды». Сауранды жаулап алмақшы болған Абдаллах-ханның әскери жорығын суреттеген (ХVІ ғ. екінші жартысы) автор қамал-қала туралы осылай деп жазған. Аталмыш шайбанилік билеуші және оған дейін басқа да жолы болған және болмаған жаулап алушылар Сауранды (Сабранды) ұлан-ғайыр Дешті-Қыпшақ даласын мекен еткен тайпалар мен халықтарға үстемдік орнатуға мүмкіндік беретін стратегиялық бекініс ретінде қарастырған.
Сыр өңірі мен қазақ даласында болып жатқан оқиғалар жайында жазған ортағасырлық авторлардың бәрі де осыдан мың жыл бұрын бой көтерген Сауран шаһарының әскери-стратегиялық, сауда-экономикалық және тарихи-мәдени маңыздылығына байланысты оны назардан тыс қалдырмаған. Міне, енді қала қамалының дуалдары Түркістан қаласынан батысқа қарай 45 шақырым жерде шоқшиып тұр[1].
Сауранның орта ғасырлардағы Дала мәдениеті мен Орталық Азия қалаларының мәдениеті түйіскен жерде орналасқан «сауда-саттық айлағы», әрі Жібек жолы бойындағы маңызды торап ретінде Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Біздің ойымызша, тап қазір қай жағынан алып қарасаңыз да, Сауранның археологиялық ескерткіш – қала-мұражай ретінде Ұлы Жібек Жолы бойында қайтадан елеулі торапқа айналуға барлық мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндіктердің қатарында біз бүкіл республикамызда Сауранға ғана тән мынадай қолайлы жәйттерді атап көрсетер едік:
-ескерткіш халықаралық Орынбор-Ташкент автотрассасына жақын орналасқан;
-өзіне дейін ашылған «Әзірет-Сұлтан» Мемлекеттік мұражай-қорығының құрамына кіреді;
-әлемге әйгілі Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі орналасқан Түркістан қаласы республикамыздағы өркениетті халықаралық туризм орталығына айналуда.
Егер қолайлы жағдайлар жасалса, Түркістанға келетін зиярат етушілер мен туристердің бір бөлігі Сауран қала-мұражайына да соғып кете алады;
-қала жұртында бастапқы археологиялық зерттеулер жүргізілген;
-аймақтағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарында пайдаланылып келе жатқан бірегей «сауран балшығының» шикізат көзі қала жұртының қасында орналасқан; Түркістан қаласында мамандандырылған қалпына келтіру шеберханасы бар; ал маңайдағы ауылдарда жұмыс күші жетерлік;
-климат жағдайы ұқсас, көршілес аудандағы Отырар қала жұртында қалпына келтіруші мамандар мен археологтар қам қыштан және күйдірілген кірпіштен қаланған сәулет және өнер ескерткіштерін сақтаудың амал-әдістерін игеріп жатыр[6].
Сауранда 1514-1515 жылдары өмір сүрген ақын әрі жазушы Васифи өз естеліктерінде қала туралы құнды мағлұматтар келтіреді. Ол Қазақстан үшін әдеттен тыс көрінетін жерасты суларын сыртқа шығаратын жерасты галереясы – кәріздерді суреттеп, «мұндай құрылысты құрылықпен және теңізбен әлемді шарлап шыққан адамдардың өзі де көрмегенін» ескертеді.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы осы аумактағы мемлекеттердін ҮІ-ғасырдан XIII-ғасыр аралығындағы дамуын және монғол шапқыншылығы, Ак Орда тарихы, қазақ халкының қалыптасуы мен Қазақ хандығынын ұлттық мемлекет ретінде құрылуы мәселелерін зерттейді. [7].
Қазак хандығынын пайда болу фактісі Жетісудын батыс белігінде әтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды [8].
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттің орнығуымен қатар жүрді. Қазак хандары Сыр бойындағы калалы өңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалык. мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген енбектерінде терендетіле карастырылған [8,9].
Сырдарияның ортаңғы және теменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.
Орталык Қазакстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған.
Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.
Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.
loading...

Автор: Рустемова Айгуль Мамасейтовна

ОҚО Сайрам ауданы ?49 Ш.УӘлиханов атындағы жалпы орта мектеп

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Рустемова-Айгуль | Ілмек сөздер: сыр, ОРТАҒАСЫРЛЫҚ, БОЙЫНДАҒЫ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ, МҰРАЛАРЫ
Көрсетілім: 1444 | Жүктеулер: 570 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 62
Қонақтар: 62
Тіркелгендер: 0