«Құстар біздің досымыз»

  • Жүктеулер: 850
  • Көрсетілім: 1655
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Ноя/2015
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балалардың құстар туралы кеңейту сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Құстарды айыра білгізу. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып қамқорлық жасай білуге балаларды тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Педагогтармен серіктестік,орталықтарға бөліп жұмыстандыру.

Біздер жақсы баламыз
Өсті ақыл санамыз
Қонақтармен ең алғаш
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Шаттық шеңбері:
«Сәлем»-деймін күнге біз,
«Сәлем»-деймін жерге біз
«Сәлем»-деймін баршаға
Табиғатпен құстарға.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталып айта кетейік:
1-Слайд.
А) Қарлардың еруі.
Ә) Көктем мезгілінің ырғалардан су ағып жатқаны.
Б) Бәйшешек гүлінің жаруы.
В) Құстардың ұшып келуі.
-Міне балалар біздің бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Тәрбиеші: Балалар сіздер қандай құстарды білесіңдер?
Балалар:-Қарға,сауысқан,торғай,тоқылдақ,көгершін,аққу,қарлығаш т.б
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ең бірінші ұшып келетін құс қалай аталады?
Балалар: -Қараторғай.
Тәрбиші: Балалар құстар біздің досымыз ба?
Балалар: Ал біз оларға дос бола аламыз ба?
Балалар: Біз оларға доспыз.
Тәрбиеші: Ол үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Оларға қамқорлық көрсетіп,ұя жасап,жем беруіміз керек.

2-Слайд.
Құстардың тіршілігін тамашалап дыбыстарын тындату.
Тәй-тәй технологиясы бойынша жұмыстану:
1) Әдебиет орталығы:
Алақай –ау балалар
Қандай жақсы көктемгі –ай
Гүлге оранды кең дала
Келді ауылға көп торғай.Көктем,гүл,кең дала,торғайларды ұштастырып сызба арқылы жүргізеді.

2) Өнер орталығы.
Су бояуды алақанға жағып көк парақтың бетіне бастырамыз. Содан түскен бейнені аққу бейнесіне келтіріп салу. Майлықпен қолдарын сүрткізу.
3) Ойын орталығы:
«Құс пен балапандар»
Мақсаты: Екі музыкалық дыбысты сезініп айыра білуді үйрету «до» бірініші октавасын, «до» екінші октавасын.
Ойын барысы: Музыкалық жетекшісі екі балаға боялмаған суреттті береді,Ойнақы дауыспен құспен балапандардың дауыстарын естеріне түсіреді.Одан кейін кезектестіріп боялған кішкене карточкаларды алып,
«Сендерді не шақырып тұр?» «Құс па әлде балапан ба?» Дұрыс жауып кейін балалар боялған кішкене суреттерді алып,үлкен суреттерді сәйкес орнына келтіріп жабады.Ойын жалғаса береді үлкен сурет жабылғанша,
1-Сергіту сәті:
Үлкен шаңырақ құрайық
Қазша қанат жазайық
Аққу мойнымызды созайық
Құстарша жерге қонайық.
2-Сергіту сәті:
(әуенмен айта отырып,қимылдар жасайды)
Тырс-тырс-тырс
Бұлттар жиналады
Тырс-тырс-тырс
Тамшылар жауады
Міне жерге тамшылып
Тамшылар түседі
Жырғалармен су болып
Сырылдап ағады.
Тырс-тырс-тырс
Жаңбыр жаңбыр жалғасты
Жаңбыр жауды тоқтамай
Би билетіп ойнатты
Шаршады ғой тамшылар
Көп биледі тоқтамай
Жаңбыр жаңбыр тоқташы
Демалайық кішкене.
3-Сергіту сәті:
«Сиқырлы қолшатыр»
Әуенмен қолшатыр арқылы билейді.

Ортаға балаларды шақыру:жұмыстарына тоқталып.
1.құстардың сызба арқылы қайда мекендейтін жүргізген жолдарын айтады.
2. Алақан арқылы аққу құсын салу.
3 Әуен арқылы құстарды орналастыру.
Міне балалар біздер құстар туралы көп білеміз екен.Құстарға деген жылулығымызды білдірейікші.
Тәрбиеші: -Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім
Ал сендер не істер едіңдер?
Балалар: Алақандарына құс келіп қонғандай сезініп өздерінің жылулықтарын айтады.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған жем берер едім.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны жуындырар едім.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған жем берер едім.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны жуындырар едім
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оған жем берер едім.
Егер менің қолыма құс келіп қонса,мен оны құшағыма алар едім.
Міне балалар біз осылай құстармен дос боламыз.
Құстарға байланысты тиым сөздер:
1.Құс ұясын бұзбаймыз.
2.Жұмыртқасын жармаймыз
3.Құсты атуға болмайды.
4.Құстың балапаннын алуға болмайды.
Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді балалар өлең жолдарымен қорытындылаймыз.
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасқа болмайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.

Автор: Жайлыбаева Жанар Биясқабылқызы

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.