Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Сиқырлы ойындар.
[ Сайттан жүктеу (38.6Kb) ] 21.09.2015, 21:16

Материалдың жеке номері 1810

Сиқырлы ойындар.

загрузка...
Ельжанова Үміт Қайырғалиқызы
І – санатты тәрбиеші
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы
МКҚК № 3 МДБҰ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Ортаңғы тобы.
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту.
Тақырыбы: Сиқырлы ойындар.
Мақсаты: Тілдік қорларын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін және белсенділіктерін арттыру. Ұйымшылдықпен қатысуларын қалыптастыру.
Билингвальды компонент: Қар-снег-snow, сиқыршы-волшебник- The magician, Шаңғы – лыжь –sking
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауаптар, ойындар түрлері, әңгімелесу,сөйлем құрастыру тәсілі
Көрнекіліктер:слайдтар, үлестірмелі құралдар, дидактикалық ойындар.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:осы уақытқа дейінгі алған білімдерін еске түсіру
Мотивациялық қозғаушы:
Балалар топқа кіреді, үш тілде амандасады.
Тәрбиеші балаларға топқа мынадай әдемі сандықты сиқыршы жібергенін айтады да, көрсетеді. Бұл сандық өте сиқырлы, ғажайып. Әрбір тапсырма мен ойынның шартын орындасақ сиқыр көрсетеді.
- Орындап, сиқырды көргілерің келеме?
Іздену –ұйымдастырушы:
Ендеше, алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.
Қол созсаң, ақ күміс
Алақанға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)
- Қай мезгілде болады?
- Қыста жауады.
- Қыста ауа-райы қандай болады?
- Күн суық, боран, аяз болады.
- Қар қандай?
- Түсі ше?
- Ол жылыда неге айналады?
- Қар мамық, қар ұлпа, қар ақ, қар салқын, ол жылыда еріп суға айналады. Қар қыста жауады.
- Қар-снег-snow (снэу)
- Тәрбиеші сандықтан стакандағы суды көрсетіп, қазір осы суды мына сиқырлы сандыққа салсам, әртүрлі түстерге айналады. Қызыл, жасыл, сары түсті суларды көрсету.
- Қараңдаршы балалар сиқыршы сандыққа қиылған суреттер салып, осыны құрастырып ойынның шартын орындасаңдар әрі қарай, сиқырлар болатынын айтыпты, құрастырамыз ба?
- Бірінші қиынды:
«Сөз тізбек» ойыны.
- шақ – шақ – шақ – кішкентай..... құлыншақ.
- ыр- ыр – ыр – ырылдайды ....... қасқыр.
- ра-ра-ра – ұшып жүр .... ара.
- ар-ар-ар – дала толы .... қар.
- са-са-са – ызыңдайды ...... маса.
- ры-ры-ры – жапырақтар ...... сары.
- ма-ма-ма – апорт тәтті ..... алма.
- ыз-ыз-ыз – Айгүл жақсы ...... қыз.
- ла-ла-ла – Асан жақсы ...... бала.
- би-би-би – кіп-кішкентай ...... сәби.
(балалар сөйлемнің жалғасын айтады)
Екінші қиынды:
«Сөз ойла, тез ойла»
Тәрбиеші бұдырлы допты балаға кезекпен лақтырып, айтылған тақырып бойынша сөз айтуды ұсынады. Допты алған бала доппен алақанына массаж жасай отырып, сөз айтады.
Мыс; Үй жануарлары нелер?
Орман қандай жануарлар мекендейді?
«Шалқан» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? «Үйшік» ертегісінде ше? т.б.
Үшінші қиынды:
Ойын «Ұйқасын тап»
Ақ жамылар тыс,
Келсе қарлы ... қыс.
Тым ойыншыл қызық,
Мияулаған ... мысық.
Шұңқыр жерден тауып,
Жемді көрсе ... тауық.
Аң мен құсқа қорған,
Болған қалың ... орман.
Ұзын мойын, көрікті,
Білемісің ... керікті.
Үсті толы түрпі,
Домалайды ... кірпі.
Бұрқыратып қарды,
Тебемін ... шаңғы.
(балалар ұйқас сөзді тауып айтады)
Шаңғы – лыжь –sking (скаинг)
Сергіту сәті:
Тонса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақты соғамыз
Тонса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тонса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу- етіп
Шанаменен зулаймыз
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы тебеміз.
Төртінші қиынды:
Балалар жаңылтпашты айтады (жаттықтырған дыбысына байланысты).
Бұл қар - сұр қар,
Сұр қар – кір қар.
Үстінде аунама,
Үстіңді былғар.
Жаңылтпашты ең алдымен сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
(ойынның шарты бойынша балалар орындайды)
Бесінші қиынды:
«Не екенін тап»
Балалар біреуден шығып кез-келген ойыншық, жануар, құстарды өз сөзімен жұмбақтап айтады басқа балалар не екенін табады.
Жабайы аң, орманда мекендейді, үлкен, мамық жүнді, балды жейді.
Өзінің құйрығы ұзын, қу, айлакер жануар.
Түлкі.
Үлкен, транспорт түрі, қанаты, құйрығы бар.
Ұшақ.
Өзі тәтті, кішкентай, әдемі қағазға оралған.
Кәмпит.
Төрт түліктің бірі, пайдалы, сүтінен түрлі тағамдар дайындайды.
Сиыр.
Көкөніс қызыл, дөңгелек оны салат пен борщқа салады.
Қызылша.
Өзі қорқақ, құлақтары ұзын, секіреді, сәбізді ұнатады.
Қоян.
Алтыншы қиынды:
Саусақ ойыны.
Саусақпен қоянды көрсетіп, тақпақ айту.
Ушки длинные у зайки,
(указательный и средний ушки шевелятся)
Из кустов они торчат.
(остальные пальцы-вместе, это мордочка зайки)
Он и прыгает, и скачет,
Веселит своих зайчат!
Зайка взял свой барабан,
(прижать указательный к среднему, ими не шевелить)
И ударил бом-бом-бом, бум-бум-бум!
(безымянный и мизинец стучат по большому)
(Ортан терек саусақтарына қоянды суретін кигізеді)
Қоян-заяц-rabbit (рэбит)
Асып ішіп, бетін жуып,
Ұйқы қысып, көзін жұмады.
- Мысық.
Ойға батып мысық,
Отыр көзін қысып.
Бірақ өзі ояу,
Дейді: мияу-мияу-мияу.
Мысық сүтке тойып,
Мұртын сүртіп қойып.
Әндетіп бір баяу,
Дейді: мияу-мияу-мияу. (Саусақтарымен көрсете, айтады)
Тәрбиеші қиындылардан ненің суреті шыққанын сұрайды.
-Бауырсақ ертегісіндегі бауырсақтың суреті шықты.
-Ия, енді осы қиындыны сандыққа салсам ол түгелдей дөңгелек бауырсақ болып шығады.
Ойын: «Бауырсақ»
Балалар дөңгеленіп тұрады да, бауырсақты бір-біріне беріп төмендегі тақпақты айтады. Тақпақ біткен кезде бауырсақ кімнің қолында қалса сол бала бауырсаққа арнап бір сөйлем немесе сұрақ қояды.
Әй, бауырсақ, бауырсақ,
Қайда кеттің домалап.
Дәміңді көргім келеді,
Қуып жетем мен сені.
Мысалы; «Бауырсақ, сенімен дос болғым келеді», «Мен сені шығарып салайын, түлкі ұстап алады ғой», «Сен сондай әдемісің», «Сен тәттісің», «Сен неге ата мен әжеден қашып кеттің?», «Орманда қорқасың ба?».
Тәрбиеші сандықтан шыққан құралдардан (лента, кішкентай сандықша, қалпақша, таяқша) сиқыр көрсетеді
Рефлексивті –түзетушілік:
-Балалар бізге кім сандықты жіберген?
- Сиқыршы
-Қандай ойындардың шартын орындадық?
- Ұйқасын тап, не екенін тап, сөзді аяқта, бауырсақ.
-Қиындылардан ненің суреті шықты?
- Бауырсақтың.
-Ол қай ертегідегі бауырсақ?
-Бауырсақ ертегісі
-Не туралы жұмбақтың шешуін таптық?
-Қандай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болды?
Тәрбиеші балаларға сиқырлы қорапша, лента, тұрбалардан сиқыр көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дыбысты, сөзді анық айтып, сөйлемді толық құрастырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсене қатысуды біледі.
Қандай түсініктерді игерді:слаидпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысып, тапсырманың, ойын шартын түсініп орындап үйренді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:өз пікірлерін ортада айтып, бір-біріне көмек көрсете білудағдыларын көрсетті.
loading...

Автор: Ельжанова Үміт Қайырғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы,Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Ельжанова_Умит
Көрсетілім: 1180 | Жүктеулер: 537 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 73
Қонақтар: 73
Тіркелгендер: 0