Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім
Сыныбы: 5
Пәні. Өзін-өзі тану
Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
· «сенім» ұғымының мәнін ашу;
· Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
· Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Негізгі бөлім. Жаңа ақпарат
- Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?
(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)
ØСенім деген сөзді қалай түсінесің?
ØӨзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
ØҚандай адам сенімге ие болады?
ØАдамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
ØАдамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
(Оқушылар өз орындарына отырады)
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?
Тыныштық сәті (Музыка қосу)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».
Сахналау
Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?» .
- Сенімге ие болу үшін не істеу керек?
Шығармашылық жұмыс
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С - сенімді, сыпайы, ...
Е – ерен, ерекше,...
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...
І - ілтипатты, ...
М – мәдениетті, момын,
Дәйексөз
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М.Жұмабаев
Дәптермен жұмыс
47 беттегі 3 тапсырма
- Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.
Жүректен жүрекке
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек.
Үйге тапсырма
«Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу

ID: 2025 | Просмотров: 2253