Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Сайыс – думан атты математикалық кеш
[ Сайттан жүктеу (19.0Kb) ] 06.12.2015, 16:37

Материалдың жеке номері 2248

Сайыс – думан атты математикалық кеш

загрузка...
«Сайыс – думан атты математикалық кеш

Мақсаты: Оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, іздемпаздыққа
жетелеу, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол
азамат қалыптастыру.

Қатысушы топтар: «Тұлпар» тобы
«Сұңқар» тобы

Бағдарламада

1. Топтардың сәлемдесуі және өздерін таныстыруы.
2. Сынақтық есеп.
3. Үй тапсырмасы
4. Топ мүшелерінің сайысы
5. Топ басшыларының сайысы
6. Сөзжұмбақтар шешу
7. Қорытынды


1-жүргізуші:

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім» - деп Абай атамыз айтқандай, кезінде математика сырына түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін өткізілгелі отырған кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

«Өмір деген көп мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатыр шулап, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі» - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін математика пәнінің тапқырлары мен алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр.
Сонымен, «Сайыс-думан» кешіміз басталады халайық,
Қошаметпен қол соғып, бишілерді қарсы алайық.

Өзбек биі: Орындайтын Гауһар мен Айнұр.

1-жүргізуші: Ал енді ортаға сайысушы топтарды шақырамыз.
Қарсы алыңыздар! «Тұлпар» тобы және
«Сұңқар» тобы

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар!
Осы сайысқа баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

(Әділ қазылар алқасының құрамымен таныстырылады.)

1-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, кластас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.

2-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін «Тұлпар» және «Сұңқар» тобы сіздерге береміз.

(Әр топ басшылары сәлемдесіп, өз топтарымен таныстырады)

«Тұлпар» тобының таныстыруы

Армысыздар көрермен, әділ қазы , ағайын
Басымды иіп ізетпен сәлемдесіп алайын.
Қошаметпен қол соғып, демеу болар құрбылар
Сіздерге де мың рақмет, ниетімді арнаймын.
Бәрімізді сайыс-думан табыстырып
Қойды ғой бізді бүгін жарыстырып.
Халайық рұқсат болса алдыңызда
Өтейін мен тобымды таныстырып.

Тобымыз сәйгүлік қой «Тұлпар» деген,
Тұлпар да ер қанаты желдей ескен.
Біз бүгін сайысуға келіп тұрмыз
Қарсылас «Сұңқардайын» қыран құспен

Есеп десе алдына жан салмайтын
Топ басшысы Данат мынау арғымақтай – заулайтын
Айнұр, Гүлнәр, Данагүлдей қыздар да бар
Ешқашан да қиындықтан қорқып олар қашпайтын

Тұлпардың тұяғындай мұқалмайтын
Жалғасбек пен Ерлан да, шабандоздар самғайтын
Бағын сынап көрсінші сәйгүліктер бәйгеде,
Ағайындар қолтықтан демеп жібер, ал қәне!

«Сұңқар» тобының таныстыруы

Армысыздар, ағайын, уа халайық
Ата-баба салтымен амандасып алайық.
Алдыңызға сап түзеп келіп тұрған
«Сұңқар» тобын қол соғып қарсы алайық.

«Сұңқар» деп атадық біз топтың атын
Қанат қағып биіктерге самғайтын
Білімімізді шыңдап әрі қарай
Жетеміз табыстарға әлі талай.

Жарыс десе алдына жан салмайтын,
Топ басшысы Ерлан бар көп ойлайтын.
Дана менен Ілияс есептесе
Ешбір жанды алдарына салмайтын

Ақтілек, Руслан, Ғибрат та білімділер
Бақтарын бүгін де олар сынап көрер
Бұл жарыста сәті түсіп жеңіп жатса,
Үлгілі ел сыйлайтын ұл-қыз болар.

Тілейміз біз сәттілік «Тұлпарға» да
Қалмасын көзге түспей шет жақтарда
Көрсетсін өнерлерін алға салып
Бір мақсат жарыста жеңу емес, қатысуда.

(Әділ қазылар алқасынан баға берілу сұралады)

1-жүргізуші:
Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды
Жо-жоқ оның бөлгені емес...
Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды
Ендігі сайысымыз «Сынақтық есеп» деп аталады. Бұл сайыста екі топқа бірдей ауызша есептер айтылады. Тез және нақты жауап беру бағаланады.

Күй: Әке толғауы. Орындайтын Гайсин Қазбек

Әділ қазылар алқасынан «Сынақтың есептің» бағасы сұралады.

1-жүргізуші: Ал қазіргі сайысымыз үй тапсырмасы.

Екі топ бір-біріне кезегімен дайындаған жұмбақтарын айтады.

Математикалық жұмбақтар

«Тұлпар» тобына

1. Үш шырпыдан бір есік,
Құрасытырып көр шешіп.
(П)
2. «Т-дан» бастасаң санмын
«Т-ны» алып тастасаң жаумын.
(Төрт)
3. Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны.
(Он)
4. Біреуден қонса қарлығаш
Жетпейді бір қарағай
Жұппен қонса қарлығаш
Артылар бір қарағай
Қарлығаш пен қарағай
Қанша айтшы балақай.
(3 қарағай, 4 қарлығаш)
5. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұпшаң құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой.
(он жеті)
6. Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан
(сегіз)

«Сұңқар» тобына

1. Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап
(икс)
2. Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді.
Бір көзім «жүгір» дейді
Бір көзім «абайла» дейді.
Қарап ал маңайға дейді
(бағдаршам)
3. Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші.
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі-шеткісі (бес саусақ)
4. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш)
5. Жүз төрт түйме,
Он бір ине
(есепшот)
6. Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші, сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
(алты)

(Әділ қазылардан бағалары сұралады)

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз топ мүшелерінің сайысы. Екі топтың мүшелеріне есептер беріледі. Есепті дұрыс және тез шығару бағаланады.

Қазақ биі: Оқасова Айгүл

Күй: «Тепең көк» Сатыбалдиев Саламат

(Әділ қазылардан бағалары сұралады)

2-жүргізуші: Келесі сайысымыз сөзжұмбақтар шешу. Екі топқа сөзжұмбақтар беріледі. Олар оны шешіп болғанша, көрермендерден логикалық есептер шығарылады.

1. 1000 санын сегіз 8-дік арқылы қалай өрнектеуге болады?
8+8+8+88+888=1000

2. Ағалы-інілі 3 баланың біреуінің бір қарындасы, 2-нің екі
қарындасы, 3-нің үш қарындасы бар. Сонда үйде барлығы қанша
бала бар?

3. Клубта 35 қатар бар. Әр қатарда 40 орын бар. 730-шы орын
қай қатарда?

4. 160 санын 6 жетілік арқылы жазыңдар
7 * 7+777/7=49+111=160

5. 20-ны 4 тоғыздық арқылы жазыңдар.
9+99/9 =9+11=20

6. 5 санын 5 бестік арқылы жазыңдар
(5*5+5*5)+5=55

7. 37 санын 5 үштік арқылы жазыңдар
33+3+3/3=36+1=37
8.Сағаттың мин. тілі 12-ні көрсетіп тұрғанда сағаттың стрелкасы онымен тік бұрыш жасайтын болса, сағат қай уақытты көрсетіп тұрған болады?

(Әділ қазылардан сөзжұмбақтың бағасы сұралады)

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз топ басшыларының сайысы. Әр топтың басшысына 10-10-нан сұрақ қойылады.
«Сұңқар» тобының басшысына 10 сұрақ
«Тұлпар» тобының басшысына 10 сұрақ

2-жүргізуші: Қорытындысын шығарып болғанша «Жастар биін» тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі. Сонымен қатар кешке белсене қатысқан көрермендер де марапатталады.

2-жүргізуші: Осымен «Сайыс-думан» кешіміздің алғашқы
бөлімі аяқталды.
loading...

Автор: Жумагалиева Менжан Игибаевна

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 862 | Жүктеулер: 448 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 21
Қонақтар: 21
Тіркелгендер: 0