«Ұрпаққа үлгі болар тұлға»

  • Жүктеулер: 694
  • Көрсетілім: 1364
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Май/2015
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы,
бокстан Сидней-2000 Олимпиадасынының күміс жүлдегері
Ибрагимов Ермахан кездесу

Тақырыбы: «Ұрпаққа үлгі болар тұлға»
Мақсаты:
• Спорттағы дарынды балалардың спортқа деген қызығушылығын одан ары арттыру;
• Балалардың жеңіс пен женіліске дайын болуын дағдыландыру;
• Оқушыларға оқу мен еңбек қатар жүргенде ғана өз мақсатына жететіндігін түсіндіру;
• Бір сәтке жұлдызбен сырласуға мүмкіндік беру.
Міндеті:
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген белгілі спорт ардагерлерінің өз тәжірибелерімен бөлісуіне, олардың өмірімен жеке танысуларына болашақ үлкен спортшыларымыздың арасында патриоттық, адамгершілік, еңбекқорлық тақырыптарын қозғай отырып, үгіт насихат жүргізу.

Өткізетін жері: мәжіліс залы
Мерзімі: 17 қазан 2014жыл
Уақыты: 12.00

Ұйымдастырушы:
мектеп әкімшілігі
педагог-ұйымдастырушы Есжан А.С
Барысы:
1. Кіріспе "Ұрпаққа үлгі болар тұлға" өлең жолдарын арнау
2. Негізгі бөлім. Артық болмас білгенің.(өз өмірінен әңгіме)
3. Біле жүрейік (көрме)
4. Естен кетпес сәттер (сұрақ- жауап)
5. Бізден сізге естелік (гүл шоғы мен алғыс хат )
6. Сізден бізге естелік (қолтаңба алу сәті)
7. Қорытынды.

1. Кіріспе.
1-Жүргізуші:
Қазақ халқы күрес десе елеңдеп тұрады. Өткені, ол - ұлттың қанына сіңіп, сан ғасырлық тіршілігінде оның өзімен бірге жасасып келе жатқан өнер түрі. Күресті үлкен өнер десек, оны жалықпай үйренген адам ғана жетік меңгеріп, оның қыр сырына тереңдеп бойлап, сан қырлы құпияларына қаныға алады.
Рас, “күшті палуан” деген сөздің астарында көп мағына жатыр. Ол – күштілік, төзімділік, батылдылық, басқа да сан түрлі тамаша адами қаситтерді бойында жинаған нағыз сайып қыран. Жоғарыда айтқанымыздай бұл қасиеттерді бойға жинап, бір арнаға түсіріп, оны зор күшке айналдыруға ерекеше ықылас пен ізденіс, талпыныс керек. Ал, мұндай ізденіс пен талпыныс сан түрлі жаттығудан тұрады. Ресми жарыстарда бір белдесуге бар жоғы 10 минут қана уақыт беріледі. Байқайсыз ба, он ақ минут?! Бұл аз ғана уақыт палуанға үлкен сын. Себебі, осы сында оның жаттығу кезінде шүмектеп төккен терінің, жинақтаған тәжірибенің нәтижесі көрінеді. Сондықтын палуан осындай сынға алдын ала өзін өзі іштей дайындап, тек шеберлігін ғана емес, бұлшық еттерінің шымырлығын да нығайтуға күш салғаны абзал.
Ортамызда қонақта 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы,Лугавой ауданы, Каменка селосында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2000 жылы еркін күрестен Сидней қаласында өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Байрамуков Ислам Ильясұлы келіп отыр. Қол соғып , қошемет білдіріп қояйық!

Автор: Есжан Ардақ Сеитқызы

Алматы қаласы Шаңырақ ш.а"Олимпиада резервінің мамандандырылған

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.