Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары
[ Сайттан жүктеу (595.0Kb) ] 27.11.2015, 22:13

Материалдың жеке номері 2208

әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары

загрузка...
«Әрбір бала жылулық пен сыйластық ұялаған және оған қамқор бола алатын отбасында өсуі керек» Г.Гмайнер (1919-1986 ж.ж)
(австриялық белгілі әлеуметтік педагог, бүкіл әлемдік танымал, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, панасыз қалған, қадағалаусыз қалған балаларды қолдау ісіндегі SOS қайырымдылық балалар ауылының негізін қалаушы.)

Әлеуметтік педагогтың проблемалық тақырыбы:
«БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛЫП, ОҒАН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ КӨМЕК, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, ӨМІР СҮРУ МҮМКІНДІГІНЕ, ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНЕ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ОТЫРҒЫЗЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛДАП, ЖАНДАНДЫРУ»
«Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғаубасты стратегиялық бағыттардың бірі. Алдағы онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек».
Н.Ә.Назарбаев.
Әлеуметтік педагогтің қызметі
Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген ортасы,балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады.Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр.
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
1.Диагностикалық қызметі
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау.
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.
4.ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
5.Сынып жетекшілеі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны,ҚР 2002 ж 8 тамыздағы «Бала құқығын қорғау туралы» Заңын, ҚР Ү 2011 ж 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.
Өз қызметін атқару барысыныда төмендегіше дерек көздерін негізге ала отырып негізгі бағытта жұмыс атқарады:
• білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі;
• әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері;
• әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарлары
• 0-18 жасқа дейінгі балалар тізімі.
• мектепішілік бақылауда тұратын балалар тізімі
• қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы бір ата-анасымен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары
• қолайсыз отбасы балалары мүгедек балалар тізімі.
• патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары.
• ата-аналар үшін жадынама,
• әдістемелік нұсқаулар
• баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
• облыс пен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін шешу жолдарына көмектесетін анықтамалық ақпарат
• кіріс және шығыс құжаттары
• атқарылған жұмыстардың есебі
1.Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны:
1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді
Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету
Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету
Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу
Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын ,шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді
Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды
Патрионат бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.
Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.
Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.
Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді
Әлеуметтік педагогтың құқығы баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға
сабақтарға қатысып отыруға, баланың денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға, медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына, отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай) қоюға, қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға жетеді.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:
1.Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
2.Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
3.Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру
4.Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу
5.Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау
6.Профилактикалық шаралар ұйымдастыру
Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлесіп шешетін проблемаларына мына мәселелерді жатқызуға болады
Оқушылардың мектепке келмеуі
Оқушы тәрбиесіндегі, мінезіндегі ауытқушылық
Баланың құрбыларымен қарым-қатынасындағы қиыншылықтар:
-Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай, кикілжіңді шешуге көмек
-Білім алудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларға көмек
-Оқушының болашақ кәсібін таңдауына көмек
-1-сынып оқушысын мектептік өмірге бейімделуі
-Ата-аналарға отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру
-Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуы
-Ата-ана мен бала арасындағы кикілжің
-Ата-ана мен бала арасындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру
Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
-өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу
-бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу
-әлеуметтік педагогпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру
-бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау
-оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс-
1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс
2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс
3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс
4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс
Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері
Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек- бақылау,баланың үйіне бару,мінездеме жүйесі,сұхбаттасу,сауалнама,баланың шығармашылық жұмысы, т.б.Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады.

Өткен 2013-2014 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс есебі. Өткен 2013-2014 оқу жылы бойынша Қараөзен мектеп-лицейінде барлығы 195 оқушы болған болса, оның ішінде 17 пайызын мектеп бойынша 29 - аз қамтылған отбасының (14 отбасы) баласы, ал көп балалы отбасы (29 отбасы) балалары 51 болып, 29,7 пайызын, «Д» есептегі 39 оқушы 14,7 пайызын, үйден оқитын даму мүмкіндігі шектеулі 1 бала 0,4 пайызын, коррекциялық сыныптарда оқитын 8 оқушы 2 пайызын жартылай қорғансыз (толық емес отбасы балалары) 7 болып, 3,5 пайызын құрады.
Мектеп бойынша 2013-2014 оқу жылында тегін ыстық тамақпен барлығы 81 оқушы қамтылып, оның жалпы аз қамтылған отбасы баласы 29, бастауыш сынып оқушылары 72 –ін құрады. Сонымен қатар мектепте қоғамдық тамақпен де оқушылар қамтылып, қоғамдық тамақпен қамтылатын оқушылар саны 65-ті құрады.
Интернатта 20 бала тәрбиеленіп, олардың шалғай жерлердегі мекен жайларына мектептің УАЗ автокөлігімен тегін тасымалданып отырды. Олардың әлеуметтік бейімделулері, оқу-тәрбие жұмыстарыныа дайындығы интернатқа белгіленген арнаулы тәрбиешілер арқылы жүргізіліп, мектептің басқарушы қызметкерлері тарапынан қатаң бақыланып отырды.
Жыл бойына арнаулы әлеуметтік санаттардағы тізімде отырған балалардың мектепішілік, аудандық басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысы қатаң қадағаланып, қоғам назарынан олардың қалыс қалмаулары бақылауда болды.
Биылғы 2014-2015 оқу жылы басындағы әлеуметтік жағдай. Биылғы 2014-2015 оқу жылы бойынша Қараөзен мектеп-лицейіндегі оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтаудағы алынған мәліметтерге келетін болсақ:
Биылғы оқу жылында БҚО Казталов ауданы Қараөзен ауылдық округі бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балаладың жалпы саны 382болып табылса, қалғаны өзге жерлерден келіп оқитын оқушылар болып табылады.
Мектепте оқитыны 197 (+1)оқушы болып келсе, оны төмендегіше әлеуметтік санаттарға бөлуге болады.
• аз қамтылған отбасы балалары – 30; динамика (+1);
• көп балалы отбасы балалары – 45; динамика (-6);
• толық емес отбасы балалары – 8; динамика (+1);
• мектепішілік бақылауда тұрған балалар жоқ; динамика (0);
• ІІБ тіркеуде тұрған балалар жоқ; динамика (0);
• Қамқоршылық/қоғаншылық тәрбиеде отырған бала – 2 (+1); динамика (-4);
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға келетін болсақ, территория бойынша жүргізілген 0-18 есебі бойынша есепте 17 бала. Оның:
Үйден оқитыны –1; динамика (0)
Оқуға жарамайтыны туралы анықтамасы бары – 2; динамика (0)
18-ге дейін оқуды аяқтағандары – 3; динамика (0)
Сыныпта отырғаны – 2; динамика (-1)
Түзете-дамыту сыныптарында оқитыны – 10 (оның 6-уы- бастауыш ТДО сыныптарында болса, 2 – 7 ТДО сыныбында, 2 - 8 сыныбында).
Ата-аналар қауымына тоқталатын болсақ, мектепте балалары оқып жатырған отбасылар саны – 136. Оның:
24-ы көп балалы отбасылар,
13-і аз қамтылған отбасы;
4-уі толық емес отбасы болып табылады.

Мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру төменде тізімделге нормативтік актілерге сүйеніле отырып жүргізіледі:
• Әлеуметтік корғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы;
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 12 наурыз №320 қаулысы;
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1684 қаулысына сійкес бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік корғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 қаулысы
• 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1 бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы м.а-ның бұйрығымен №98 «13» тамыздағы 2008 жылғы бекітілген «Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдары
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы «18» қарашадағы № 526 бұйрығымен бекітілген Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Қараөзен мектеп-лицейіндегі тегін ыстық тамақпен қамтылатын арнаулы санаттардағы оқушылардың жалпы саны – 96. Оның 30-ы аз қамтылған отбасы балалары болса, 2 қамқорлық-қорғаншылықтағы балалар, 61-і (+10 аз қамт отб б) өзге санаттардағы бастауыш сынып оқушылары болып табылады.
Мектептегі оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау және олардың ішіндегі әлеуметтік материалдық көмекке мұқтаждар санының азайту ішін жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып қолға алу, өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларға тиісті әлеуметтік-педагогикалық, медициналық, құқықтық кеңестер алуы ісі мен материалдық берілетін көмектердің түрлері мен мөлшерін анықтау ісіне сәйкес атқарылатын жұмыстар бойынша келесі түрде жылдық жұмыс жоспары құрылды.

Бекітемін
Мектеп директоры: М.И.Жексенова

БҚО Казталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейі

2013-2014 оқу жылына арналған
әлеуметтік -педагогтың жұмыс жоспары

Қараөзен-2013
Қарөзен мектеп-лицейінің әлеуметтік мұғалімнің 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты – оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;
• Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;
• Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
• Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен “Мектепке жол” атты акция мақсатын басшылыққа ала отырып,мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;
Аудандық және президенттік “ шырша” мерекесіне қатысатын оқушыларды таңдау және жіберу;
• Ауыл, аудан, облыс, республика шеңберлерінде өткізілетін демалыс ауысымдарына арнаулы әлеуметтік санаттардағы сұранысқа сәйкес балаларды жіберу ,демалуларын қадағалау;

Міндеттері:
Тәрбиеленушілердің бейімделуі жаңылу себептері мен бастамалары.
Бейімделуі жаңылу жасөспірім мен балалардың әлеуметтік- педагогикалық қамтамасыз ету және қолдау жасау.
Барлық тәрбиеленушілердің тұтынушылықтарына сәйкес мүмкіндігінше пайдалы қызметке кірістіру
Мектептегі педагогикалық ұжым тәрбиеленушілердің құндылықсыз комплекстерін женуге және жағдайы мен мәртебесін көтеру жұмыстарын күшейту.
Балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу.


№ Іс-шаралар Мерзімдері
І Жаңа оқу жылына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу:

Оқушылардың жеке құжаттарын зерделеу;
Сыныптардың әлеуметтік қарталарын құрастыру;
Мектептің әлеуметтік төл-құжаттын құрастыру;
Балалардың әлеуметтік мәртебесі бойынша тізімдерін бекіту;
«Мектепке жол»акциясын өткізу; Қыркүйек
Қыркүйек
Қыркүйек
Қыркүйек
Қыркүйек
ІІ Жергілікті мүдделі тұлғалармен байланыста жұмыс жүргізу:
Отбасы төмен жағдай бөлімінде тіркеуде тұрған және мектепішілік тіркеуде тұрған, қауіпті топқа жататын оқушылардың тізімін құрастыру.
Қауіпті топқа жататын балаларды анықтау.
Жаппай оқу құқығы бойынша айлық жүргізу.
Тәртіптері нашар оқушылармен жұмыс дәптерін жүргізу.
Отбасы төмен, оқудан бас тартқан жасөспірімдер жиналып нашақорлықа, ішімдікке салынған оқушыларды,мұғалімдермен және кзекшілікке жауапты қызметкерлермен бірге кадағалау жұмыстарын жүргізу;
Құқықты бұзушылыққа қарсы жасөспірімдер арасында алдын ала әңгімелер жүргізу
Жасөспірімдер арасында ЖБИмен бірігіп құқықты бұзушылыққа қарсы қадағалау жұмыстарын жүргізу;
Үнемі



Қазан

Қыркүйек

Қыркүйек

үнемі


Күнделікті


Ай сайын

Үнемі
ІІІ Мектептің медициналық қызметкері мен нарколог- дәрігерімен жұмыс.
15-17 жастары балалардың медициналық комиссиядан уақытында өтуін бақылау;
Денсаулығына байланысты сабаққа қатыспайтын оқушыларды қадағалау;
Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа құмар балаларды анықтау үшін алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізу:
Салауатты өмір сүру тақырыбы бойынша 1-11 сынып оқушыларымен әнгімелер жүргізу
«Қыз балаларға арналған жеке және жалпы гигиенасы» деген тақырыпқа медициналық қызметкердің баяндамасы. «Қамқорлық»атты акциясын өткізу


Жылына 1 рет

Үнемі


Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Қантар
ІV Мектеп кітапханашысымен атқаратын жұмыстар
1. «Салауатты өмір сүру» тақырыбына көрме материалдарын дайындау
2.»Нашақорлыққа қарсы» деген тақырыпқа бұрыш ресімдеу


Қазан

Желтоқсан
V Сынып жетекшілермен орындалатын жұмыстар
Тәртіптері нашар жасөсперімдерің сабаққа қатысуын бақылау.
Қауіпті токқа жататын балаларды анықтау үшін сыныптар бойынша тізімін жасау.
Тәртіптері нашар жасөспірімдері бар отбасыларының тұрмыс жағдайын қадағалап акт құрау.
Үлгерімдері төмен және сабақтан қалу себептерін анықтау;
Балалардың сабаққа қатысуын жүйелі түрде анықтап отыру.
Сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтап жауапкершілікке тартуға іс- шаралар жүргізу.
Тұрмыстарына нашар, тәртіптері нашар,көп балалы отбасылардың балалары үшін жазғы демалыс ұйымдастыру;


Жыл бойы

Жылына 1 рет

Жыл бойы


Жыл бойы


Жыл бойы

Үнемі


Мамыр 2014
VI Мектеп басшысынып тәрбие бөлімінің меңгерушісімен ақаратын жұмыстар
Алдын ала құқықты бұзуға қарсы кенесін ұйымдастыру.
ЖБИ,сот,прокуратура,ГАИ инспекторлары,нарколог, психолог қызметкерлерінің қатысуымен ата-ана жиналыстарын өткізу



Жыл бойы


Тоқсан сайы
VII Мектептің қосымша білім беру педагогымен бірлесе отырып атқаратын жұмыс
Тәртіптері нашар оқушылардың қызығушылықтарын анықтап оларды үйірме, секцияларға тарту жұмыстарын жүргізу.
Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулар мен сайыстарға арнайы санаттардағы балаларды тарту

Ай сайын


Тиісті уақытта
VIII Ата- ана комитетімен орындалатын жұмыстар
Ата- ана коғамымен орындалатын жұмыс жоспарын; ЖБИ да тіркеуде тұрған мектеп аймағында тұрғылықты жеріндегі оқушыларды кешкі мезгілде жұмыспен қатысуын бақылау жұмыстарын жүргізу.
Жастардын жиналатын орындарына бақылау жасау, ұйымдастыру
Мектептегі барлық іс- шараларға қатысу


Қыркүйек


Үнемі

Үнемі
ІХ Психолог қызметкерімен орындалатын жұмыстар
Балалардың психология-медициналық –педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу; оқушылардың сабақтан тыс және сабақтағы қызметтерін топтап, сыныптарға қатысу арқылы бақылау жұмыстарын жүргізу;
Кен әлеуметтік коршауға алынған оқушыларымен және олардың жетекшілірмен бейімдеу, әңгімелер жүргізу
Мектепішілік бақылау алынған және алынуға тиісті балаларды анықтау жұмыстары бойынша сауалнамалар, кеңестер жүргізу

Ай сайын


Ай сайын

Үнемі

Орындаған:
Әлеуметтік ұстаз: А.У.Аскаров

Әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылының жұмыс жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
Р/с Жұмыстың мазмұны Жүргізілетін мерзім
1 Сынып оқушыларының әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау мен толықтыру.
Қыркүйек
2 Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың мінез- құлқын,мектеп психологтарымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен, сынып жетекшілермен бірлесе отырып талқылау Қазан- Қараша
3 Оқушылар арасында әңгіме жүргізу, баяндама оқу.
Тақырыбы: «Баланың жан дүниесі» Желтоқсан- Қаңтар
4 Ата-аналарға арналған анкеталар ұйымдастыру. Ақпан
5 Мектеп психологтарымен әдістемелік білім алмасу және тығыз байланыста болу.
Наурыз
6 Оқушылар контингентіне талдау жасау, әлеуметтік құрамын анықтау, әлеуметтік көмек берілетін балалардың тізімін жасау.
. Қыркүйек
Сәуір
7 Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру Мамыр
8 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалқан оқушылармен жұмыс жүргізу және 18-23 жас аралығындағы балалардың құқығын қорғау Жыл бойы

Әлеуметтік алдын алу қызметі
р/с Жұмыстың мазмұны Жүргізілетін мерзім
1 2.Жанұя түрлерінің картатекасын жасау, сынып жетекшілеріне тарату.
(Көп балалы, толық емес отбасы,жетім және жартылай жетім, т.б )
Қыркүйек
2 Жанұяның әлеуметтік педагогикалық жағдайымен танысу.
Қазан
3 Көп балалы ата-аналарға отбасындағы жас ерекшелігі әр түрлі балалардыңата-анамен баланың арасында адамгершілік қарым-қатынас орнатуға педагогикалық көмек беру.
Қараша
4 Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылармен күнкөрісі төмен отбасы балаларының буфет тағамдарымен, киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.


Қыркүйек, Қаңтар
5 Толық емес отбасындағы оқушыларға әлеуметтік көмек беру
Қаңтар
6 Өзге жерден келіп оқитын оқушылар тізімін алу әлеуметтік жағдайымен танысу.
Үнемі
7 Әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жасау.
Үнемі
8 Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен сынып жетекшілерінің жұмыстарына бақылау жасау Үнемі
9 Үйден оқытылатын оқушылармен байланыста болу
Үнемі

Баланың құқығы мен мүддесін қорғау
р/с Жұмыстың мазмұны Жүргізілетін мерзім
1 Баланың құжаттарын (СТН,СИК,Куәлік) дайындауға көмектесу
Жыл бойы
2 Баланың құқығы мен мүддесін қорғау.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жәрдемақы және қосымша көмек алуына көмек беру
Жыл бойы
3 ЖӨИ (Жасөспірімдер инспекциясы) есебінде тұратын оқушылармен жұмыс
Жыл бойы
4 Қиын оқушылармен диагностикалық жұмыстар жүргізу
Жыл бойы
5 Мектеп оқушыларымен құқықтық тәрбиеге байланысты іс-шаралар жүргізу
Үнемі

Кеңес беру қызметі
р/с Жұмыстың мазмұны Жүргізілетін мерзім
1 Ата-аналарға өздерінің сұранымы бойынша кеңес беру
Қыркүйек
2 Баланың құқығы мен жанұясына
әлеуметтік –педагогикалық диагностика жасау
Қазан
3 1.Диагностика қорытындысы бойынша сынып жетекшілерге кеңес .
2. Диагностика қорытындысы бойынша мұғалімдерге кеңес
. Қараша
4 Жасөспірімдерге кәсіптік диагностика жасау және кәсіптік бағдар беру
Желтоқсан
5 Бітіруші түлектерге ҰБТ-ке көзқарасын зерттеу қорытындысы бойынша кеңестер беру
Ақпан
7 Ата-аналармен жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша ұжым мүшелерімен басшыларға жекелеген кеңес
Наурыз-Сәуір
8 Үйден оқытылатын оқушылардың ата-аналарына пән мұғалімдеріне зерттеу бойынша кеңес Мамыр

БҚО Казталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейіндегі әлеуметтік педагогының 2013-2014 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты – оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;
• Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;
• Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
• Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен “Мектепке жол” атты акция мақсатын басшылыққа ала отырып,мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;
Аудандық және президенттік “ шырша” мерекесіне қатысатын оқушыларды таңдау және жіберу;
• Ауыл, аудан, облыс, республика шеңберлерінде өткізілетін демалыс ауысымдарына арнаулы әлеуметтік санаттардағы сұранысқа сәйкес балаларды жіберу ,демалуларын қадағалау;
Міндеттері:
Тәрбиеленушілердің бейімделуі жаңылу себептері мен бастамалары.
Бейімделуі жаңылу жасөспірім мен балалардың әлеуметтік- педагогикалық қамтамасыз ету және қолдау жасау.
Барлық тәрбиеленушілердің тұтынушылықтарына сәйкес мүмкіндігінше пайдалы қызметке кірістіру
Мектептегі педагогикалық ұжым тәрбиеленушілердің құндылықсыз комплекстерін женуге және жағдайы мен мәртебесін көтеру жұмыстарын күшейту.
Балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу.



№ Іс-шара атаулары Мерзімі Жауаптылар
1 «Мектепке жол» акциясы бойынша жұмыс Тамыз- қыркүйек Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
Сынып жетекшілері
2 Мектептің әлеуметтік паспортын құру Қыркүйек Әлеуметтік педагог
3 Әр түрлі әлеуметтік статустағы оқушылардың тізімін жаңарту. Қыркүйек Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
4 Өмірдің қиын жағдайына душар болған балалар әлеуметтік санатын анықтау. Олармен Қыркүйек Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
5 Өмірдің қиын жағдайына душар болған балалармен ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің
мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру
қағидаларын бекіту туралы №320 Қаулысына сәйкес жұмыстану. Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
6 Мектеп бойынша барлық тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімін анықтау, тамақтану кестесін бекіту. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
7 Аз қамтылған отбасының оқушыларына тегін тамақты ұйымдастыру, жалпы мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мақсатында тамақ құрамын тексеру жұмыстары мен тізімін бекіту. Қыркүйек Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
8 Асхана құжаттарының жаңа оқу жылына сәйкес толықтығын жинақтау. Қыркүйек Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
Шаруашылық меңгерушісі
9 Мектеп жанындағы интернаттағы өзге жерден келіп оқитын балалармен жұмыс. Үнемі Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
10 Территория бойынша барлық даму мүмкіндігі шектеулі балалар тізімін жасау, санаттарға бөлу, жұмыстану. Тиісті уақытта Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
11 Әр түрлі әлеуметтік санаттағы балалардың мектепішілік, аудандық байқаулар мен сайыстарға тарту Жыл бойы Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
12 «Қамқорлық акциясын» жүргізу. Қаңтар Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог
13 «Өз құқығыңды білесіңбе» құқықтық бұрыш ұйымдастыру Қыркүйек Тәрбие ісінің меңгерушісі
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
14 Кәмелетке толмағандар арасында суицид фактілерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар Жыл бойы Тәрбие ісінің меңгерушісі
Әлеуметтік педагог
Мектеп психологы
15 «Жұлдызай» даму мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық байқауына қатынастыру Наурыз Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Б.Адиетова
Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
Сынып жетекшілері
16 Ай сайынғы есептерді керек уақытында тиісті жерге тапсыру. Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров

17 Қиын балалармен жұмыс папкасын жинақтау, жұмыс жүргізу. Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
18 Оқушының әлеуметтік жағдайын анықтау, үйлерді аралау. Керек уақытында Әлеуметтік педагог
Мектеп инспекторы
Сынып жетекшілер
19 Толық емес отбасылармен жұмыс. Қыркүйек Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
20 Жеке әңгімелер жүргізу Керек уақытында Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
21 Сынып сағаттар мен сабақтарға қатысу. «Біз өмірді сүйеміз» Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
Сынып жетекшілері
22 Ата-аналар жиналысына қатысу,жеке әңгіме өткізу. Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
23 Мектепке себепсіз 2-3 күннен артық келмей жүрген оқушыларды анықтау,акт жасау. Жыл бойы Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
24 Түзету сыныптарында оқитын балалармен жұмыс жүргізу, қадағалау. Үнемі Әлеуметтік педагог. А.У.Аскаров
25 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388 Қаулыларындағы талаптарға сәйкес қадағалау Үнемі Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
26 ҰБТ, ОЖСБ сынақтарына қатынасатын балалармен жұмыс. Үнемі Мектеп директоры М.И.Жексенова ОІМ Н.М.Мухамбетова; ТІМ Г.Б.Адиетова; әлеуметтік педагог А.У.Аскаров; психолог Д.Жұмағалиева ; сынып жетекшілері
27 Аралық сынып оқушыларының бейімделу қабілеттеріне бақылау жасау. Қыркүйек - Қаңтар Мектеп директоры М.И.Жексенова ОІМ Н.М.Мухамбетова; ТІМ Г.Б.Адиетова; әлеуметтік педагог А.У.Аскаров; психолог Д.Жұмағалиева ; сынып жетекшілері
28 Мектеп оқушылардың түнгі көшеде жүруі мен құқықбұзушылықтың алдын алу. Үнемі ТІМ Г.Б.Адиетова; әлеуметтік педагог А.У.Аскаров; психолог Д.Жұмағалиева ; сынып жетекшілері
29 Қабылдауға келуші ауыл тұрғындарына әлеуметтік, құқықтық кеңес беру Үнемі Әлеуметтік педагог А.У.Аскаров
30 Мектеп оқушыларының әлеметтенуі, құқық санаға бейімделуне бағытталған жұмыстар жүргізу Тиісті уақытта ТІМ Г.Б.Адиетова; әлеуметтік педагог А.У.Аскаров; психолог Д.Жұмағалиева ; сынып жетекшілері

Орындаған:
Әлеуметтік педагог: А.У.Аскаров

Қараөзен мектеп-лицейі бойынша 2013-2014 оқу жылынада мүгедектерді оңалту бағдарламасына байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары

№ Іс-шаралар мазмұны Орындалу
мерзімі Жауапты

1 Даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың орта білім алуын қамтамасыз ету үнемі Мектеп әкімшілігі
2 Денсаулығында ақауы бар және мүгедек балаларды анықтау, оларды облыстық психологиялық медициналық кеңес беру орталығынан тексеруден өтуіне жағдай жасау. үнемі Мектеп әкімшілігі
3 Денсаулығына байланысты мектепке қатынасалмай отырған балаларды, бағдарламаға сәйкес үйден оқытуды ұйымдастыру Үнемі Мектеп әкімшілігі
4 Ұзақ емделуге мұқтаж және даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөсіпірімдерді ПМПК қорытындысымен арнаулы түзету ұйымдарына оқуын ұйымдастыру Үнемі Мектеп әкімшілігі
5 Тілінде психологиялық дамуында кемістігі бар балалар үшін жалпы білім беретін мектептер жанынан арнаулы түзету сыныптарын ашу. 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі
6 Даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларды тегін оқулықпен қамтамасыз ету. Үнемі Мектеп әкімшілігі
7 Мүгедек балаларды облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында демалуын және сауықтырылуын ұйымдастыру, мектеп жанындағы лагерьге тарту 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі
8 Денсаулығында ақауы бар және «Д» (диспансерлік) есепке алынған балаларды жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде және ауданның демалыс лагерінде демалуын және сауықтыруын ұйымдастыру. 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі
9 «Қатерлі топқа» жататын балаларды ертерек анықтауды ұйымдастыру, анықталған «қатерлі топтағы» және кемтар балаларды облыстық психологиялық-педагогикалық медициналық кеңес беру орталығына жіберу. 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі
10 Денсаулығында ақауы бар және мүгедек балаларды өмірге белсенді қатыстыру мақсатында әр түрлі үйірмелерге, мәдени-спорттық шараларға тарту. 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі
11 Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының үйін аралау. үнемі Мектеп әкімшілігі
12 Аудандық халықты еңбекпен қамту бөлімі, қызыл жарты ай қоғамымен бірлесіп, мүгедек балаларға қайырымдылық көмектер көрсету. 2013-2014 оқу
жылдары Мектеп әкімшілігі

Әлеуметтік педагог: А.О. Асқаров.
Қараөзен мектеп-лицейі бойынша 2013-2014 оқу жылында мектеп оқушыларының (аз қамтылған, қамқорлықтағы балалар) ыстық тамақпен қамту бағытындағы жүргізілетін жұмыс жоспары:

№ Іс-шаралар атауы: Мерзімі: Жауапты
1 2013-2014 оқу жылында мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы сараптамалық комиссия құру. ІХ. Мектеп директоры М.И.Жексенова
2 Асхананың сан – пин нормаларына сай жабдықталуы, асхана паспортын дайындау. Жыл бойы Мектеп әкімшілігі
3 Ас мәзірінің дайындалу сапалығын қадағалау. Жыл бойы Мектеп медбикесі.
4 Ас блогын эстетикалық талғамға сай безендіру. Жыл бойы Мектеп әкімшілігі.
5 Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы жайында директор жанындағы кеңесте қарау. Жоспар бойынша ТІМ Г.Б.Адиетова.
6 1-4 сынып оқушыларын толық ыстық тамақпен қамту. Жыл бойы ТІМ Г.Б.Адиетова.
7 Жалпы ата-аналар жиналысында мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы жайында күн тәртібінде қарау. Х. ТІМ Г.Б.Адиетова.
8 Тамақ өнімдерін брокераж жасау Жыл бойы Мектеп медбикесі.
9 10 күндік 2 жұмалық ас мәзірін дайындап, СЭС-ке бекіту Жыл бойы Мектеп медбикесі.
10 Ас қоймасы мен тамақ дайындалатын жердің тазалығын қадағалау. Жыл бойы Мектеп медбикесі.
12 Оқушылардың тамақтану кестесін құру. ІХ ТІМ Г.Б.Адиетова.
13 Оқушыларға дайындалатын тамақ құрамының сапасын үнемі қадағалау. Жыл бойы Мектеп медбикесі.
14 Асханада балалардың тамақ ішу мезгілінде ата-аналардан және мектеп әкімшілігінен , сынып жетекшілерден кезекшілік ұйымдастыру, қадағалау. Жыл бойы Сынып жетекшілері.
15 Тиісті оқушылардық толықтай ыстық тамақпен қамтылуын қадағалау, тексеру. Жыл бойы А. Асқаров.
16 Мектеп оқушыларының денсаулығының мониторингісін анықтау. Жылына екі рет Мектеп медбикесі.
17 Мектеп оқушыларынңы ыстық тамақпен қамтылу мониторингісін дайындау Жыл бойы А.Асқаров

Әлеуметтік педагог: А.У. Асқаров.
loading...

Автор: Аскаров Ахан Уразаевич

Қараөзен мектеп-лицейі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: askarov_akan | Ілмек сөздер: әлеуметтік, ыстық тамақ, педагог, Жетім, ата-анасыының қамқорлығынсыз қалған, панасыз қалу, қадағалаусыз қалу
Көрсетілім: 5277 | Жүктеулер: 656 | Рейтинг: 3.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0