Сайт учителя начальных классов
.
Конкурс материалының атауы - «Мен және мамандықтар әлемі» -

Конкурс материалының атауы - «Мен және мамандықтар әлемі»

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 1057 | Просмотров: 2963 | Размер: 185.0 Kb | Автор: Ұстаз
ХIII ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ «ӘДІСТЕМЕЛІК ВЕРНИСАЖ» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІМ

Конкурстың атауы - Әдістемелік әзірлеме
Номинация - «Оқыту + қызықтыру»
Конкурс материалының атауы - «Мен және мамандықтар әлемі»

1 Аудан/қала Жезқазған қаласы
2 Қатысушы туралы мәлімет:
Т.А.Ә. (толығымен) Ибрагимова Гулбахарам Ибрагимовна
3 Туған күні 16.07.1968 ж.
4 Жұмыс орны, қызметі «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК, әлеуметтік педагог
5 Педагогикалық жұмыс өтілі 8
6 Біліктілік санаты екінші санатты
7 Білімі туралы мәлімет Орта-арнайы білім, Жезқазған гуманитарлық колледж, мамандығы: «Әлеуметтік педагог», 2007 ж., Қарағанды «Болашақ» университеті, мамандығы: «педагог – психолог», 2014 ж.
8 Жұмыс орнының мекен-жайы, телефон С.Сейфуллин көшесі, 55;
8-710-2-76-58-55
9 Үйінің, жұмысының, телефоны (үй./сот.) үй: 76 – 51 - 70; 8-705-327 -06 - 41
10 Мемлекеттік және саладағы марапаттаулары 2013 ж. Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрмет грамотасы.
2014 ж «Дыхание весны» Халықаралық шығармашылық байқауының алғыс хаты
2013 ж. Облыстық «Әдітемелік вернисаж» фестивалінің «Әдістемелік ұсыным» номинациясы бойынша грамота
2014 ж. Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрмет грамотасы.
2015 ж. Жезқазған қаласының әкімнің құрмет грамотасы.
12 Сіздің мәліметтер базасына қосқыңыз келген қосымша ақпаратыңыз Ұдайы облыстық, республикалық журнал беттерінде, педагогтарға арналған сайттарда мақалалары жарық көреді.

"__"__________________20__г. _________________ /_________________/
м.о. (қолы) ( )

Х А Р А К Т Е Р И С Т И К А
на Ибрагимову Гулбахарам Ибрагимовну, руководитель кружка“Самопознания” К Г К П «Дворец детей и юношества» г.Жезказгана
Ибрагимова Гулбахарам Ибрагимовна закончила в 2007 году Жезказганский гуманитарный колледж, по специальности «Социальный педагог», Карагандинский университет «БОЛАШАҚ», по специальности «педагог - психолог» Ибрагимова Гулбахарам Ибрагимовна имеет специальное педагогическое образование, специальность социальный педагог. Стаж работы по специальности – семь лет..
За время работы показала себя грамотным специалистом. Владеет методическими, педагогическими , психологическими приемами работы. Гулбахарам Ибрагимовна проявила себя профессионально не только как социальный педагог, но и показала свои организаторские качества. Организовывает и проводит среди подростков девиантного поведения и «группы риска» на протяжении шести лет тренинги по профилактике употребления наркотических, психотропных веществ, алкоголя, используя интерактивные методы обучения и воспитания. своей работе основывается на научную психологическую, социальную литературу, научные статистические данные, что можно проследить в разнообразных по содержанию и тематике тренингах Статьи на актуальные темы печатаются в Республиканских журналах «Социальная педагогика и самопознание», «Қосымша білім беру» и др. Гулбахарам Ибрагимовна участвовала в Областной он-лайн конференции на тему «Работа с родителями с детьми аутодиструктивного поведения», также она постоянно участвует в городских семинарах психологов и социальных педагогов. Принимает активное участие в качестве докладчика и выступающего на «Школах педагога», педагогических советах с интересными лекциями, творчески подходит к подаче материала, использует современные научные психологические знания.
Организовала тесное сотрудничество посещения детей с ограниченными возможностями в кружки дворца, проводит для данной категории детей благотворительные акции, мероприятия. Гулбахарам Ибрагимовна обладает коммуникативными навыками, эмпатией, толерантна, уравновешена, пользуется уважением среди педагогов дополнительного образования, коллег – социальных педагогов, родительской общественности. Ей присущи такие личностные качества как: исполнительность, принципиальность, честность, доброжелательность, знание дела и любовь к детям.Обладает реальной самооценкой своих успехов и достижений, что позволяет ей всегда оставаться самой собой и добиваться поставленных целей.
Директор КГКП «Дворец детей и юношества»: Отарбаева Д.К.

2 қосымша.
Балалармен жас өспірімдер сарайы КҚМК қосымша білім беру педагогы



Ибрагимова Гулбахарам Ибрагимовна
«Өзін – өзі тану » үйірмесінің жетекшісі,әлеуметтік педагог
«Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК

Жұмыс атауы: «Мен және мамандықтар әлемі»

Жұмыс бөлімге кірістірілген: тренинг

Аннотация
«Мен және мамандықтар әлемі» тренингі мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу.Тәрбиеленушілердің білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу, жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту, тәрбиеленушілерді терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу

«Мен және мамандықтар әлемі»
( жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру бойынша сабақ ойын)

Жүргізуші: Амандасу: Балалар бүгінгі біздің кездесуіміздің тақырыбы «Мен және мамандықтар әлемі». Қазіргі заманғы мамандықтар әлемінде бағыт табу қиын,бірақ біз сонда да бағдар алып көрелік. Біріншіден өзіміздің қабілетіміз бен мүмкіндігімізді білуіміз шарт. Екіншіден , бүгінгі күні әлемде 40 мыңнан аса мамандықтар бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл. Олардың кейбірі өзінің мазмұны бойынша күрделі өзгеріп те кетеді. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі.
«Кім болып жұмыс істейсіз?»-осы бір сұрақты танысу барысында жиі естиміз. Тіпті балалар да «Сенің ата-анаң кім болып қызмет етеді?» деп қызыға сұрақ қояды, себебі кәсіп –кез келген адамның маңызды сипаттамаларының бірі . осы әлемде өзін табу лайықты өмір сүруге, адамдарға өзін қажетті деп сезінуге, жұмыстан қуаныш алуға,өз қабілетін барынша көрсете білуге мүмкіндік дегенді білдіредңі. Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары. Өз жұмысын орындау үшін адамға белгілі бір білім мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған.
Мамандық «профессия» сөзі латын тілінен profiteer – «өз ісін хабарлау» - дегенді білдіреді. Сондай-ақ мамандық –бұл білім, ептілік, жеке бас қасиеттері; өз еңбегіне сыйақы ала отырып, аталмыш жұмыспен табысты айналысу үшін соның барлығы қажет.
Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен,өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады.
Қатысушыларға сұрақ: Мамандықты таңдап қойғандарыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер? Әлі анықтай алмағандарыңыз, көтеріңіздер? Бұл сұрақ әзірше қызықтырмайтындар ше?
Жүргізуші: Ия балалар мамандықты таңдау көбінісе ішкі түйсікті сезіну, көңіл күй ықпалымен, ат үсті сезімдермен, ата-ананың кеңесі бойынша,сынап көру мен қателесу жолдарымен болып жатады.
Бүгінгі күні еңбек жәрмеңкесінде үлкен сұранысқа ие мамандықтар: референт –хатшы, бағдарламашы , сатылым бойынша менеджер, басшының көмекшісі, жүйелік әкімші, бас есепші,ақпараттық технологиялар бойынша мамандар.
Жүргізуші: Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі жайлы қысқаша айтамыз:
Web- бағдарламашы, Web-дизаинер-интернет ғаламдық торабы үшін сайттар жасау бойынша маман.
Аудитор –бұл компаниялардың қаржылық қызметтерін тексеретін, оның табыстылығы мен тиімділігін бағалайтын маман.
Бренд-менеджер- өнім образын-брендты ойлап табатын және осы образды көпшілікке ұсынып, сатылуын жолға қоятын маман.
Логистик-ағымдарды реттеуші маман: қоймалық,көліктік ,өндірісті. Көліктік логистик - компанияның жүктерін тасымалдау схемасын ойластырады, қоймалық логистик- өнімдері сақтауды ұйымдастырумен айналысады.
Маркетолог – латынша «нарықты білетін адам» сатып алушылардың қажеттіліктерін, олардың талғамы мен қалауларын білу үшін нарықты зерделеуші маман.
Мерчендайзер-бұл фирмасының тауары ірі дүкендерде қалайша ұсынылғандығын қадағалайтын адам. Ол дүкендерді аралап , тауарды,орналастыру, витриналарды көркемдеу бойынша кеңестер береді.
Осы мамандықты әзірше бірде-бір оқу орындары оқытпайды.
Жүргізуші ойын «Мамандық әлемі»
Алдарыңыздағы екі үстелдің әрқайсысынан әрқайсыңыз орындарды алыңыздар. Әр отырған адам топ қатысушысы болып саналады. Бірақ , кез келген ойындағыдай, топ атауын және топ басшысын атау қажет. Топ ойындарын қазылар алқасы таразылайды.
Ойынның аты «Мамандықты тауып көр» деп аталады. Әр топ әліпбидің бір әріпін таңдап алады, осы әріпке мамандықты ойлап табады және басқа топтарға оның ерекшеліктерін көрсетеді ( пантомимамен , ым-ишарамен, қимылмен) қарсыластар тобы мамандық атауын табуы тиіс ( әр топтан бір өкіл үстелге келіп, кез келген бір әріпті таңдайды, топ ақылдасып –кеңеседі; көрсетеді, қалған топтар мамандықты табады). Ойластырылған мамандықтар атауы топ атауы болады.
Жүргізуші: барлық уақытта адамдар өз жұмысына, еңбекке түрліше қараған. Соның дәлелі ретінде мынау аңызды тыңдап көріңіздер.
Ерте-ертеде Шартре атты француз деревнясында үлкен шіркеу құрылысы салынып жатады. Құрылыс тасын арбашамен тасып жүрген үш жұмысшыдан немен айналысып жүргендігін сұрайды . Біріншісінің жауабы : «Осы бір қарғыс атқыр тастардан қолыма сүйел шықты! » Екіншісі «Тастарды тиеп тасимын, әйелім мен қыздарыма бір бір тілім нанға еңбек етушімін!» Үшіншісі жымиып: «Мен тамаша шіркеу салудамын!» депті . Бір жұмыспен айналыса отырып, үшеуі де берілген сұраққа түрліше жауап берді.
Жүргізуші: Әрқайсысының жауабында бір жұмысқа олардың ерекше қарым-қатынасы байқалады: шіркеу құрылысына .
Біздің заманымызда да ғылымның , техниканың , телевиденияның, компьютерлердің дамыған уақытында өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарайтын , еңбектен қанағаттанып, қуанышқа бөленетін адамдар кемде-кем; өз мамандығын әрбір адам ұната бермейді.
Мұның басты себебі адамның қызығушылығына, бейіміне, қабілетіне жауап бермейтін кәсіби қызметті таңдауда болып тұр. Демек, еңбек жаныңа жақын болғанда ғана табыс пен қуаныш әкеледі.
1 тапсырма: «Сөйлемді аяқтау»
Әр топ төрт сөйлем жазылған карточканы алады. Содан соң сөйлемдерді оқиды.
1. Адамдар ... үшін жұмыс істейді.
2. Нағыз еңбек-бұл.........
3. Мамандықты таңдаған кезде адамдар ......жиі ескермейді.
4. Кез келген кәсіби еңбекте ең маңыздысы.....
Ойынға қатысушылар сөйлемді аяқтап оқиды.
2 тапсырма: «Мамандықты ата »
Жүргізуші: Алдарыңызға тапсырмасы бар карточкалар беріледі,.онда:
А)Мүлдем немесе жоғалуға жақын
Б)Тек ХХ –ғасырда пайда болған.
В) болашақта пайда болатын мамандықтарды атауларыңыз керек.
(ойынға қатысушылар кеңесіп ,мамандық түрлерін атайды )
Анықтама үшін

А) Өткенге кеткен мамандықтар: шабарман, шырақшы , жүн түтуші , көпес, почмейстер, пеш құбырларын тазартушы.

Б) ХХ- ғасырда пайда болған: бағдарламашы ,ЭВМ операторы , менеджер ,референт-хатшы, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктардың операторы,кең ауқымдыға тракторшы-машинист,ұшқыш,краншы ,ғарышкер эмбриолог, электромонтер ж/е т.с.с

В) Болашақта пайда болатыны: теңіз тереңдігін, ғарышты игерумен байланысты мамандықтар, робототехниканың, компьтерлендірумен, химиялық және ядролық өнеркәсіпті, экономиканы, телевидениені, бейнетехниканы, экологияны, криминалистиканы, гендік инженерияны дамытумен байланысты мамандықтар және т.с.с
Жүргізуші: құрметті қатысушылар егер де сіздерге мамандық таңдауға кеңес беретін, оны меңгеруге көмектесетін адам бар болатын болса, жақсы. Айталық, сіздер ХХ-ғасырдың заманауи адамдары ......... ешкім мекен етпейтін аралға барып қалдыңдар деп елестетейік.
« Ешкім мекен етпейтін арал»
Бұл аралда өмір сүру үшін барлық жағдайлар бар: тұщы су, өзендерде балық, орманда аң мен құс , жеміс ағаштары .......Ал сіздерде, мүлдем кездейсоқ , күнбағыс пен асбұршақтың ,бидаймен сәбіздің тұқымдары, сонымен бірге балта,балға,ара, жіп орамы бар болып шықты......Қысқасы, Даниэль Дефо кітабынан Робинзон Крузоның аралы мен Жюль Верн кітабынан капитан Немоның ғажайып, құпияға толы аралы арасындағы орташасы ......
Сіздердің міндеттеріңіз : Әр топ өз пікірі бойынша аралда өмір сүру үшін ең қажеті болып табылатын кәсіби қызметтің 10 түрінен тізім құрайды. Уақыт кетті!
(қағаз бетіне 10 мамандықтың қорытынды таңдауын жазамыз)
Жүргізуші: Балалар , қараңдар, ададм өмір сүруі үшін қанша мамандықты меңгеру тиіс. Ал сіздер біздің кітапты оқи алуымыз ,жарықты жаға алуымыз орындыққа отыра алуымыз үшін қаншама адамдарды еңбек етуі керектігін білесіздер ме? Ал біздің киінуімізге? Аяқ киімімізді киюмізге қанша адамның қатысқанын ше? Немесе, басқаша сұрайтын болсақ, Көйлек неден жасалған? Бұл сұрақтың жауабы : Көйлекті тігу үшін бір шаруашылық қажет. Ол «ақ алтын» деп айтатын мақта шаруашылығы. Бұл шаруашылық еліміздің оңтүстігінде жақсы дамыған. Осы мақтаның арқасында біз үстімізге әдемі көйлек кие аламыз.
Көйлектің дүниеге келуі
Мақтаны өсіру үшін жақсы жер,ауасы ыстық болатын өлке қажет, яғни егістік қажет.
1. Егістік
2. Тұқымды(шит) себу
3. Түптеу,суару
4. Піскенде жинау
5. Тұқымнан айырып,таза мақта алу.
6. Фабрикаға әкелу.
7. Жіп иіру.
8. Мата тоқу.
9. Бояу,әрлеу.
10. Тігін цехы.
11. Көйлек.
Міне,осындай еңбектердің арқасында көйлек тігіледі.
Жүргізуші: Көрдіңдер ме, ортақ іске өзінің үлесін қоса отырып, әр адам нәтижесінде тек басқа адамдар үшін ғана емес, сондай – ақ өзі үшін де еңбек етеді. Ал бұл керісінше де болуы мүмкін, өзіне жұмыс істей отырып, соңында еңбек нәтижесі – барлық адамдар үшін болып шығады.
Әлдебір мамандықты таңдай отырып, адам қандай қасиеттерге , қабілеттерге, білімге, денсаулық жағдайына ие болуы керек?
Байқау..... «Ортақтығын тап»
Қазір барлық топтар мамандықтардың бес жұбы бар карточкаларды алады. Сіздердің міндеттеріңіз: Осы мамандықтар жұбы үшін не ортақ болып табылатындығын анықтау:
Медбибі - токарь
Даяшы такси жүргізушісі
Құрастырушы –инженер композитор
Сатушы жаттықтырушы
Мал өсіруші бағбан
Топпен жұмыс «Форманың түймесі»
Көптеген мамандықтағы адамдар формалық киім киеді. Ал формалық киімде әрдайым форма түймелері болады. Бұл түймелердің әдеттегілерден айырмашылығы бар, оларда қандай да бір сурет болады: теңізшілерде-зәкір, ұшқыштарда –ұшақ қанаттары, десантарда парашют.
Бір қаланың билік өкілдері қала шаруашылығының кейбір сирек мамандықтарының өкілдерінің формалық киімге киіндіру туралы шешім қабылдады деп елестетіп көріңіздер. Жаңа әдемі киімді олар үшін тігіп те қойған, ал форма түймелерін әзірше дайындамаған.
Осы түймелердің эскиздерінің суретін салып көріңіздер. Ал олар төмендегі мамандықтарға арналады:
• Жүк көлігінің жүргізушілері;
• Балконмен лоджияны көгалдандырушылар;
• Қала базарындағы ет өнімдерінің дегустаторлары;
• Ветеринарлық жедел жәрдем санитарлары;
• Канализациялық жүйелерді қарап шығушылар. (жұмыс жасауға 5 мин уақыт беріледі).
Жүргізуші: Ал енді келесі байқауға әр топтан бір өкілден қажет. Өздеріңізді түсіне алу үшін геометриялық фигуралары бар әзіл тест көмектесіп қалар. Үш гометриялық фигураны – үшбұрыш, шеңбер, шаршыны пайдалана отырып, 10 элементтен тұратын адам суретін салыңыз. Үш фигураның барлық түрі пайдаланылуы керек. Суреттің сапасы маңызды емес. Егер де артық элементтер салынса – оларды сызып тастау қажет, егер де жетпесе –жетіспегенін толықтырып салу қажет. Орындау уақыты – 30 с.
( Балалар фигураларды салады). Салып болсаңыздар енді ұшбұрыштар санын есептеңіздер ( Балалар тапсырманы орындайды)
Ал енді тест кілтін тыңдаңыз ( оқиды)
Бірінші тип: 6 – 8 ұшбұрыш – басшының типі,жақсы ұстаздар. Топ басшысы болуға ұмтылысы айқын, адамдарды жақсы тани біледі, ақпаратпен жұмыс істейді.
Екінші тип: 5 ұшбұрыш. Жауапты орындаушы, Жақсы ұйымдастыра алу қабілетіне ие. Өзінің қызметін бүге – шегесіне дейін ойластыратын кәсіби маман.
Үшінші тип: 4 ұшбұрыш. Қызығушылығы мен таланты алуан түрлі. Жекеше жұмыс жасауға бейім.
Төртінші тип: 3 ұшбұрыш. Оқымысты типі. Ұтқыр, жан – жақты, бір жұмыстан екіншісіне оңай ауыса алады.
Бесінші тип: 2 ұшбұрыш. Өнерге және адамға қызығушылық танытады. Жаңаны және ғажайыпты сезінеді.
Алтыншы тип: 1 ұшбұрыш. Ойлап тапқыш , құрастырушы, суретші. Ой – қиялы ұшқыр.
Жүргізуші: Әрине, бұл тест сіздердің талантарыңыздың барлық көп түрлілігін көрсетпейді. Бірақ, мүмкін өзің туралы, өзіңнің мүмкіндіктерің мен қабілеттерің жайлы ойлануға және осы қабілеттеріңді әоі қарай дамытуды бастауға көмегін тигізер. Ақыр соңында оның өмірлік жолды таңдауда септігі тиер.
Жүргізуші: « Шығармашылық қиындықтар» Өнердің жаңа туындысын жасау өте қиын « Шығармашылық қиындығы ( азабы» - деген тұрақты ой бар. Ол деген барлық ұлы туындылар суретшінің тек азапты, ауыр күш салуы нәтижесінде пайда болады дегенді білдіреді.
Шағын этюд – пантомимада шығармашылық жұмыстың процесін, немесе « шығармашылық азабын» көрсетіп көріңіздер.....
- Жазушының;
- Композитордың;
- Мүсіншінің;
- Фотосуретшінің ( фотограф).
«Мамандықтар туралы сұрақтар»
Блиц - турнир
1. Ғимараттарды әрлеу бойынша маман ( маляр – сырлаушы)
2. Металдан бұйым жасау бойынша маман ( токарь)
3. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша маман ( педагог)
4. Механикалық құрал – жабдықты жинау мен жөндеу бойынша маман ( слесарь)
5. Металдарды қысыммен өңдеу бойынша маман ( чеканщик)
6. Радиоаппаратураны жөндеу мен қызмет көрсету бойынша маман ( радио – шебер)
7. Металды қолмен соғу бойынша шебер ( ұста)
8. Жоғары техникалық білімі бар маман ( инженер)
9. Матаға сурет салатын маман ( раклист)
10. Ауыл шаруашылық дақылдарын егу бойынша маман ( агроном)
11. Жер атмосферасында болып жатқан процестерді зерттеу бойынша маман ( метеоролог)
12. Құрастырма бөлшектерін жергілікті балқыту жолымен қосу технологиясы бойынша маман ( сварщик дәнекерлеуші)
Жүргізуші: Мамандықтардың ішінде де сирек кездесетіні болады.Сол мамандықтар туралы қызықты танымдық дәйектермен таныс болайық.
Титестер немен айналысады деп ойлайсыңдар?
Титестер – шай дегустаторы. Дәмі, иісі, түрі бойынша бұл маман шай сұрпын, өсірілген орнын, жинау маусымын, сақталу мен қайта өңдеу тәсілін анықтай алады. Титестер ерекше дарынға, айрықша сезімтал иіс сезуге ие.Ал титестерлер көп нәрседен бас тартуға тиісті:қуырылғаннан, ысталғаннан бас тартқаны,, иіс суларды пайдаланбағаны жөн. Титестерлер тымау тигеннен қатты қорқады. Ірі компаниялар өз титестерлерінің мұрындарын миллион долларға сақтандырады, себебі осы мұрындардан құны миллион тұратын, шайлардың ірі партияларының тағдыры тәуелді. Ал сіз бен біздің ішетін шайымыз – аралас шай. Онда 18 сұрыпқа дейін болуы мүмкін. Титестерлер дәмін жақсартып, негізгі хош иісін беретін қоспаны таңдап алады.
Тағы бір сирек кездесетін мамандық – постижер. Бұл париктерді, мұрттарды, сақалдар мен бакенбардтарды дайындау бойынша маман. Бұл мамандық шығармашылықпен тығыз байланысты – театрда постижер жай ғана парик жасамайды, ол бір тұлға бейнесін шығарады. Театрда постижерлар сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы келбетін жасайтын суретшілер де, гримерлар ( әрлеуші) да болып жұмыс істейді. Осы мамандық үшін төзімділік пен отырып жұмыс істеу керек, өйткені арнайы ілмекпен негізгі шаш түптеріне шаш түптерін іліктіріп отыруға тура келеді. Постижер мамандығы сирек болып келеді, бірақ жарнама мен шоу – бизнестің дамуына орай қажеттілігі күннен күнге артып келеді.
Жарнамалық роликтерді жасаушылар ең қат мамандық – бұл арнайы эффект жасаушы шеберлер екендігін біледі. Бұл шеберлер нағыз өнімді алмастыратын әсерлерді ( эффектілерді) ойлап табады. Мысалы: Газдалған сусындар, йогурттар, шоколад, ауа көпіршіктері бар мөлдір сыра – сіздердің жарнамадан көретіндеріңіздің барлығы – бұл нағыз өнімдер емес, бензин, немесе май, немесе басқа сұйықтық шығады. Экранда тұшпара қайнап жатқан суға әдемі болып түсуі үшін, олар пластикалық, ал су – суық болуы керек. Қайнау қөрінісін екі құрылғы жасайды: аквриумда пайдаланылатынға ұқсас келетін компрессор және судың қайнап тұру әсерін беретін арнайы шағын матор. Содан соң барлық көрініс суреті компьютерде түзетіледі.Осындай әсерлер ( эффектор) өте қымбат тұрады және де мамандар да тиісінше ақы алады.
Жүргізуші: ал балалар енді әзілге кезек берейік, мұнда сіздер түрлі мамандықтар туралы қалжыңдарды естисіздер.
« Әзілге арналған минуттар» Балалар мен мамандықтар.
Метеорологтың ұлы:
- Балақай, жасың нешеде?
- Плюс бес.
Әскери адамның қызы:
- Айтыңызшы, әскери адамның қызы болу қиын шығар?
- Дәл солай! ( Так точно!)
Жолсеріктің қызы:
- Сәлем, балақай! Мен – Аяз Атамын, саған сыйлық әкелдім!
- Сіздің билетіңіз?! Ал көк көйлектегі бойжеткен де сізбен жүре ме әлде шығарып салушы ма?
Тіс дәрігерінің баласы:
- Балақай, сенің ең сүйікті ойыншығың қандай?
- Бор машина!
Жүргізуші: Профессор деген кім?
- Профессор – басқа адамдар ұйықтап жатқанда олармен сөйлесе алатын адам.
Ал кеңесші не істейді?
- Ал, кеңесші – бұл сіздің қолыңыздан сағатты шешіп алып, сізге уақыттың қанша екендігін айтып беретін адам.
Ал мұғалима деген кім?
Бұл бір кездері балаларды жақсы көрген әйел.
Жүргізуші: Біз бүгін біраз мамандықтар жайында мағлұмат алдық деп ойлаймын. Мамандықты таңдау – бұл әр адамның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бірақ қандай мамандықты таңдап алсаңдар да, әрдайым мектепте алған білімдерің өмірлік жарайды. Сондықтан осы кезден бастап – ақ қызығушылықтарыңды анықтап алыңдар көп оқыңдар, тәжірбие жинақтап, білімдеріңді толықтырыңдар. Ол үшін өздеріңді түрлі сала аясында сынап көріңдер. Бір данышпан былай деген екен: «Қателеспес үшін тәжірбие керек. Тәжірбиеге ие болу үшін, қателесу керек»
Барлықтарыңызға рахмет!!! Сау болыңыздар!



СЫН – ПІКІР
Өнімнің атауы: әдістемелік әзірлеме
Білім беру мекемесі: Жезқазған қаласы, «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК
Автор: Ибрагимова Гулбахарам Ибрагимовна, әлеуметтік педагог, «өзін – өзі тану» үйірме жетекшісі
Тақырып: «Мен және мамандықтар әлемі»
Өзектілік: тәрбиеленушілердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін айқындауда ғылыми ізденістерге негіз бола алады.
Ғылыми – әдістемелік деңгейі: үздіксіз білім беру арқылы кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру.
Жаңашылдық дәрежесі: Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық.
Ғылымилығы: еңбек нарығының жеке қаблеті мен талаптарына сәйкес негізделген тәрбиеленушілердің кәсіпті таңдау проблемалары бойынша мұғалімді дайындау барысында мамандық таңдау бағдарламасын әзірлеу үшін пайдаланылады.
Практикалық маңыздылығы: сынып жетекшілері мен мектеп психологтары және әлеуметтік педагогтары өздерінің кәсіби қызметтерінде пайдалана алады.
Мониторинг жүйесі: анкеталық сұрақтар мен блиц - сауалнама арқылы жүргізіледі
Рәсімдеу талаптарына сай болуы: Жұмыс XIII облыстық ашық «әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің өткізілу ережесіне сәйкес көркемделген


«Балалар мен жасөспірімдер сарайы»
КМҚК басшысының ғылыми – әдістемелік
жұмыстар бойынша орынбасары Ж.Д. Тұрсынбаева


қолы: ______________ күні: ________________

ID: 1990 | Просмотров: 2963