Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Кемеңгер көшбасшымен-татулық кемесінде
[ Сайттан жүктеу (69.5Kb) ] 17.05.2015, 22:09

Материалдың жеке номері 1592

Кемеңгер көшбасшымен-татулық кемесінде

загрузка...
Тақырыбы: Кемеңгер көшбасшымен-татулық кемесінде
Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев туралы терең мағлұмат беру;
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,
елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу;
Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген
саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру;
Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін,
ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан
жастарды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтадан портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Елбасының қанатты сөздерін слайд түрінде көрсету, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.
Барысы: Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
-Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы біздің шеңберіміз қандай керемет!Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған)
-Әрқайсысыңыз өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.
Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізбен күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе- қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе- жақсы ықыласпен сәлемдесейік, Жүрек бейнеленсе- құшақтасайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Мұғалім: Көзімізді ашсақ ертегі әлеміне тап болдық.
Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсын десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты.
Ендеше балалар осы бір құпияның сыры неде, бұл қай ел екенін бәріміз бірдей іздеп көрейік.
Елбасының дүниеге келуі.
Көрініс:
Оқушы : Шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні түнде түс көреді.Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді.Теңізге түседі су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады, Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.
Оқушы : Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.
Бұл халқының бағына туған бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған қазақ деген қайсар халықтың президенті Н.Ә.Назарбаев еді.
Оқушы : Нұрлы ғұмыр нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады. Ойынмен еркелеп, еңбекпен есейіп, намысын жігеріне қайрап, тау өзеніне малтып, қыран қиялмен қияндарға қалқып өр мінезді ер мінезбен атастырып, жігіт болып толысады. «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала Сұлтан батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.
Көрініс:
Таңертеңгі шайдың кезі
Сұлтан(Ерлан): Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы(Сандуғаш): Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Сұлтан(Ерлан): Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы (Сандуғаш): Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.
Мұғалім: Анасы баласына ақ батасын беріпті.
Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Мұғалім: Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» тақырыбында өтпек.

Біз білетін Н.Назарбаев-ол

Н.Ә.Назарбаев

Олай болса президенттік қызмет туралы кім айтады, ол қызметті қандай адам атқара алады?

Нұрдәулет: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті жаны Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін, нағыз патриот қана атқара алады. Балалар Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?

.Ол

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы оқушы көзімен...

1.Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.
2. Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәр¬биеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдение¬тін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлт¬жанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халық¬аралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен тере¬зесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егес¬кен¬де еңсесін басатын, елдескенде мейі¬рі¬мін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.
3. Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасыр¬дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал¬қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек¬шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.
Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пай¬даланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.
4. Назарбаев – әлем мойындаған, жа¬һан¬ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за¬манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке¬меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
Көк түрктің кіндігінен жаралғандар¬дың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Түркияның Премьер-министрі Т.Ердоғанның Назарбаевты “түрік әлемінің лидері” дегені — сол мойындаудың келісті көрінісі.
Марафон туралы. Болашақ жастардың қолында
Мұғалім: Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 20жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.
ВидеоАстана
Елбасының өзекжарды ойлары:
• Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр-ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. Егер бiз Тәуелсiздiктен айрылсақ, бiзге кешiрiм жоқ.
• «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа»
• Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!
• Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi.
Мұғалім: Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.
Қазақтың құлан жортса тұяғы тоза¬тын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұн¬дай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қа-зақ¬стан, ердің аты – Нұрсұл¬тан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.

Мейірхан: Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын болды. Ең бастысы қоғамның саяси тұрақтылығымен бірлігіне жетті.
Ерлан: Бірлікті ту, татулықты тұғыр еткен қазақ елі жасасын.
Аманбай: Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірліпен толығады.
Бәрі: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.
Оқушы : «Есіл ер»
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.
Соңыңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан қалдыр құр.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде..
Т.Молдағалиев

Ән: Нұр аға
Мұғалім: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақ¬танғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстаны¬мыз қа¬рыш¬тай берсін. Асқақтай берсін азаттық¬тың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны бо¬лып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!
Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!
Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір - атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.
Осымен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
loading...

Автор: Абуталипова Гулжазира Наурызбаевна

Алтықарасу мектеп-балабақшасының физика пәнінің мұғалімі, 9-класс жетекшісі

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Redaktor
Көрсетілім: 1032 | Жүктеулер: 515 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 29
Қонақтар: 29
Тіркелгендер: 0