Сайт учителя начальных классов
.
Кел, Жаңа  жыл! жаңа жыл кешіне арналған сценарий -

Кел, Жаңа жыл! жаңа жыл кешіне арналған сценарий

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 11 | Просмотров: 12971 | Размер: | Автор: Ұстаз
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
«1 мамыр» ауылы
Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталық.

Кел, Жаңа жыл!
Сахна Жаңа жылдық мерекеге лайықты безендірілген. Кешті тәрбиешілер бастап береді.
Тәрбиеші:-- Құрметті ата-аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін! Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқап тек тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады,
Келіңіздер, көріңіздер,
Қызығы мол Жаңа жылдын,
Тамашасын көріңіздер!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Біздің шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндеріміздің дайындаған «Жаңа жылдық» бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер. «Ормандағы Жаңа жыл!»
Орман, тоғай бәрі де,
Ақ көрпесін жамылған.
Тек ортада бір шырша ,
Жасыл желек жамылған.

Сол шыршаның үстінде,
Жарқырайды жұлдыздар.
Шуақ шашып тұр күнде,
Жылы леп пен жүрді ызғар.

Себебі бұл орманға,
Келді тағы «Жаңа жыл!»
Ормандағы аңдарды,
Баурап алды жаңа нұр.

Аппақ қарлар, ұлпалар,
Көз жайнатып, нұрланар!
(Сахнаға аппақ болып киінген ақшақарлар қыздар жүгіріп шығып «жаңа жыл»биін билейді.Бидің ортасында ормандағы аңдар болып ұлдар шығып барлығы бірге билейді.)

Би: Жаңа жыл.
Тәрбиеші: Балалар, неге шыршамыздың шамдары жанбаған.Кәне, мен сиқырлы тақпағымды айтып шамды бірге жағайық.
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Барлығымыз бірге «бір, екі, үш.» дегенде шыршаның шамдары жанады.Ал енді жарқыраған шыршамызды айналып «Аяз ата» әнін айтып, Аяз атаны шақырайық.
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз Ата келіп тұр,
Ақ көрпеге оранып.
(Әуенмен бірге Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығады.)

Аяз ата: Армысыңдар балалар,
Бармысыңдар балалар.
Құтты болсын мереке,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жаңа жылды тойлаңдар!
Ақша қар: Аспан жерге төгеді,
Ақшақармын сүйкімді.
Сол себептен барлығы,
Мені жақсы көреді.

Тәрбиеші: -Қош келдіңіздер! Аяз ата мен Ақшақар! Алыс жолдан келдіңіздерғой, біздің бүлдіршіндеріміздіңөнерлерін тамашалаңыздар.
Тақпақтар: Жасыл шырша,қош келдің,
Сені күтіп жүрдік біз.
Сенің жүзің көркейсін деп,
Ойыншықтар ілдік біз.

Көрдіңбе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұртыда ,
Қызыл ала шапаны.

Есік қағып,
Шамын жағып,
Аяз ата келіп тұр.
Би: Вальс

Тақпақтар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып -жылтыр боп жатады.

Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл кеді,
Жаңа жыл аппақ.

Жаңа жыл, жаңа нұр,
Үй ішіне еніп тұр.
Ән: Ертегілер
Тақапақтар: Ауыл алды, ақшақар,
Ақшақардан балалар,
Соғып жатыр аққала.

Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай сыйлвқ бар екен,
Арқалаған қабында.

Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылды.

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ көрпеге оранып.
Би: Қара жорға
Тақпақтар: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны.

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз.
Ортада тұр жарқырап,
Көз тоймайды қараса.

Мұздан моншақ тағынған,
Күміс қырау жамылған.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күткен сағынған.
Аяз ата қандайсың,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал қойып ап,
Бізді неге алдайсың.

Ойын: Ата аналармен. «Кім тапқыр.»
Би: Түрікше би.
Қой жылы қоштасып, Мешін жылы кіріп келеді.
Қой жылы: Мен сендерге жақсы жыл болдым деп ойлаймын. Он екі жылдан соң кездкскенше қош сау болыңыздар!
Мешін жылы: Мен сіздерге жақсы жыл болуға сөз беремін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Аяз ата: Ал балалар сендердің өнерлеріңді тамашаладық, ал енді сендерге арнап алып келген сыйлықтарымды тапсырайын.
Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар! Біздің Жаңа Жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Жаңа Жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!
Барлығы бірге: Жаңа Жыл құтты болсын !!!
(Балалар барлығы бірге көңілді әуенге би билейді.)

ID: 2275 | Просмотров: 12971