Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы : ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ «ӘНШІ» өлеңі
Сабақтың мақсаты :
а/ Білімділік: ақын І.Жансүгіров өмірі жайында мағұлымат беру.Әнші өлеңінің мән –мағынасын түсіндіру. Әнші композитор , айтыскер ақын Найманбаев Әсеттің өмірі жайынан кеңінен мағлұмат беру.
ә/Тәрбиелік: қазақ өнерінің, күй өнерінің,қара қобызын, домбырасының қасиетін дәріптеу.
б/ Дамытушылығы; танымдық қызығушылықты оята дамыту, өнерді сүюге, қабілеттілікті артыру.
Сабақтың көрнекілігі:Ақын портреті, шығармалары,Ә. Найманбаев шығармалары,»Сөзжұмбақ»
Сабақта қолданатын әдіс: баяндау, түсіндіру ,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру.
Пән аралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы: 1. ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.
А/ С. СЕЙФУЛЛИН « БІЗДІҢ ЖАҚТА» әнімен айту , қортындылау.
ПОЭЗИЯ МИНУТЫ
Өлімге жан екненсің қия алмайтын .
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
Қазақты көргің келссе, міне, осы, деп,
Көрсетссе жер жүзіне ұялмайтын. С. МӘУЛЕНОВ.

ЖАҢА САБАҚ : Бүгін біз өз еңбегін туған халқына арнаған ҚҰЛАГЕРДЕЙ дүлдүл ақын І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ өмірі , ақындық әлемі жағынан сөз қозғап, «ӘНШІ» өлеңінің иесі Ә. НАЙМАНБАЕВТЫҢ өнері,өмірі туралы кеңінен танысамыз.
«ЖЫЛДАР СӨЙЛЕЙДІ» қөрнекілгі
1894ж 1938ж 1920ж
1905-1911ж І. ЖАНСҮГІРОВ 1916ж
1925ж 1928ж 1934-1936ж
1/1894ж Талдықорған обл. Ақсу ауылында дүниеге келген.
2/1905-1911ж. Алғашқыда әкесінен хат танып,содан соң молдадан оқып,Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3/1916ж. «Әншіге» өлеңін жазды.
4/1920ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітірді.
5/ 1925ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6/1928ж. Елге келіп «Еңбекші қазақ»/ Егемен Қазақстан/ газетінде қызмет атқарады.»Сығанақ»деген тұңғыш кітабы жарық көреді.
7/ 1934-36ж. Қазақстанда көркем баспасында поэзия бөлімін атқарды.
8/1938ж.Зұламат қолына ілігіп, ату жазасына кесілді.
І.ЖАНСҮГІРОВ «ӘНШІ»өлеңін 1928ж.1933ж.жинақтарына кіргізген.Ілияс Ә.Наймарбаевтың «ӘСЕТ» атты әнін өтте жақсы көретін еді,сондықтан мәжіліс болған жерде ,өлең айтуға тура келсе ,алдымен Әсетті айтатын еді және барлық ықыласын сала ,барлық сезімін жұмсай алатын еді.Ол «Әнші»өлеңінің сөзін негізінен Әсеттің өзінікі,мен тек біраз өңдедім»-дейді.
Өлең асқан әнші, сазгер Ә.Найманбаевтың атынан жырланады.
Ә.Найманбайұлы 1867ж.Жезқазған өлкесінің Ақтоғай ауданының «Қызыл арай» ауылында дүниеге келген. Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Ол ескіше , яғни мұсылманша оқығанымен әжептәуір білімді болған.
Әсеттің даусы айырықша зор болған.Әншілік өнерін әбден меңгерген соң ғана ол өз жанынан ән шығара бастаған. Сондай-ақ ол суырып салма ақын болған.
Ол Ырысжанмен, Кәрібай, Сәмет, Қали, Бақтыбай,Кемпірбай сынды ақындармен айтысқа түсіп ,айтыскер атанған. С.Мұқанов:»Біржанның әні сияқты ,Әсеттің әндері де аса биік ,ырғақты қайырылымы қиын болған. Содықтан оның әндерін үйрену де қиын,»-деген пікір айтады.
Ә.Найманбаевтың жас кезінде шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу-маржан»ән-құрлысы , әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі .
Оқулықта берілген «Әнші» өлеңін дауыс мәнеріне көңіл бөле ,оқушыларға мәнерлетіп оқытамын.
Өлеңде ақынның өзіне қояр талабы қандай ? анықтау.
Ақын ән салса аңыратып , жайлантып, қоңырлатып , жамыратып, қоңыр қаздай мамырлатып, боздатып , күңірентіп , нөсердей жауындатып , бұрқыратып , жүиткітіп,аңқылдатып, шалықтатып, талдырып, тамылжытып, әсерлетіп... деп көсемше етістікке жан бітіре сөйлетеді.
Дәптермен жұмыс .Өлең құрлысына талдау жасау.
Ар-ғын –мын , а-тым Әсет ,а-рын-да-ға, -11 а
А-рын-дап ән са-ла-ма да-ры-ма-ған, -11 а
Ас-пан-ның а-я-сын-да ән шал-қыт-қан,
Бұл-бұл-мын дау-сы көк-те да-мыл-даған-11 а
Өлең 11бунақты,шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.
Өлеңге теориялық талдау жасау:
Өлеңнен ауыстыруды/ метафораны/ табайық ?
1.Метафора дегеніміз не ? Сөз мәнін өңдендіре, өзгерте айту,суреттеліп отырған затты не құбылысқа балау.
/ Бұл-бұл мын,тұлпармын,жорғамын,майдамын,тауықпын, құм-қыстау,өлке-көктеу,өзен-күзеу,жайлауым-жалпақ дала,сөз-жаңбыр, даусым-дауыл, әнім- ескек/
2. Өлеңнен теңеуді табу. Теңеу дегеніміз не?
Теңеу өлең мәнін қаншалықты ашып тұр ?
Бір затты өзіне ұқсас екінші затқа теңестіріп, -дай, -дей, -тай –тей.жұрнағы арқылы жасалатын теориялық ұғым.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Інгендей күңірентіп,
Нөсердей жауыпдатып ,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауыдатып/- деп әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді.

Сөзжұмбақ
1.Әсеттің әкесі? 3.Әсетпен айтысқан ақын ?
2.Әсеттің анасы? 4.Әсет кім ?
/Найманбай , Кермеқас , Ырысжан, әнші/
Н А Й М А Н Б А Й
К Е Р М Е К А С
Ы Р Ы С Ж А Н
Ә Н Ш І


Өз халқының еркесіне , мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.
Үкілі Ыбырай Ақан сері Біржан сал

ӘНШІ-АҚЫНДАР

Сара ақын Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев

Үнтаспадан Әсет Әншінің «Іржу-маржан» әнін тыңдау.
Сабақты қортындылау:
Өнердің биігіне талмай ұшқан,
Көбейсін өнерпаздар әрбір тұстан,
Ата-салт, дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін, Қазақстан!-деп , өнерді жалғастырушы оқушылардың өздері екендігін айта келіп , өнер туралы, қазіргі қазақ өнерінің өркендеу жайында ой қозғап, ән-күй , өнер туралы мақал-мәтәлдер айтқызамын.
«Өнерлі өрге жүзер»
« Жігітке жетпіс өнерде аз»
« Өнерді де , жирен»

«Болмасаңда ұқсап бақ , бір ғалымды көрсеңіз» демекші, өз беттерінше өлең айтумен әуестенетін оқушыны тыңдау.
Жаңа ұшып келе жатқан балапанның су бүркіп, шабытын оятамын.
Оқушы еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу.

ID: 2249 | Просмотров: 4408