Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Ертеңгілік «Қош бол балабақша»
[ Сайттан жүктеу (44.7Kb) ] 12.09.2015, 16:57

Материалдың жеке номері 1755

Ертеңгілік «Қош бол балабақша»

загрузка...
Ертеңгілік «Қош бол балабақша»
Әуенмен «Школьные годы» жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Өмірде, сиқыр болмайды деп айтады....
Сеніңдер, олар болады, тіпті қасымызда жүреді!
Өмірдің ең керемет сыйы – ол біздің балалар.
Олар гүлдер сияқты, өмірімізді гүлдендіреді, жан дүниемізге нәр береді.....
Бүгінгі күн осында жиналған бәріміз үшін ерекше, әрі қуанышты күн.Біздің балабақшадан, білімді педагогтардың қатысуымен, ерекше гүлдер өсті.Олар 5 жыл ішінде сүйіспеншілікпен, жылулықпен өсіп шықты.
Сондай керемет біздің гүлдер, тіпті оларды қоштасуға қимаймыз!
Біздің гүлдер – біздің балалар! Көп сөз айтып қайтеміз! Мерекені ғажап көңіл – күймен тамашалап, балаларыңыздың білімі мен өнеріне тәнті болыңыздар. Олай болса, бүлдіршіндерімізді сахна төріне шақырамыз!
«Ты постой мое детство!» (әнімен балалар қолдарында шарларымен 5 баладан залға жүгіріп кіріп 3 қатарға тұрып билейді, соңында шарларды жібереді)
1. Міне, бізде өстік, мектепте ең бірінші сынып күтіп тұр бізді.
2. Естеріңде ме, 5 жыл бұрын, қалай балабақшаға келдік?
3. Қой эй, жүрген жоқпыз, бізді коляскамен әкелді.
4. Аяғымызбен жүргіміз келмей, бізді қолға алып келетін еді.
5. Менің есімде, күнде жылайтын едім,терезеге қарап, анамды күтетін едім.
6. Ал біреу соскамен, біреу памперспен жүретін.
7. Иа, біз сондай болдық, өйткені біз сәби болдық.
8. Ал менше, мен түскі аста ұйықтап қалатын едім.
9. Мен тамақты дұрыс жемей, қасықпен тамақтандыратын еді.
10. Ал егерде ұйықтамасақ, аяққа бізді шайқап, ән айтып ұйықтататын.
11. Естеріңде ме, топырақтан үлкен қалалар тұрғызатынбыз?
12. Бәріміз де топырақты жақсы көретін едік, пешень жасап бір-бірімізге беретінбіз.
13. Топырақ шашуды да жақсы көретінбіз.
14. Сондай біз тентек болғанбыз, аяқпен қолмен төбелескенбіз.Тіпті біреулер тістеп те алатын.
15. Бұның бәрі арта қалды, бүгін бізді бірінші сыныпқа шығарып салып жатыр.
Ән: « Қоштасу әні»
1. Ана тілін ардақтап,
Ана тілді біз сүйдік.
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік.
2. Біріншіге барамыз
Әдепті бала боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
3. Біздер жеті жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз,
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол, әсем бақшамыз!
Ән: « Салем, мектеп!»
Балалар отырады.
Музыка әуенімен қолында қолшатыры бар Мэри Поппинс кіреді.
Мэри: Егер де маған «Сен кімсің?», деген сұрақ қоятын болсаңдар..... Мен ол сұраққа жауап қатпаймын. Өйткені барлық адам мені біледі! Мен – Ледимін! Мен – қыздар үшін еліктейтін кейіпкермін, әрі тентек балалар үшін қатал ұстазбын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Мери! Біз сіздің келгеніңізге қуаныштымыз! Сіздің келгеніңіз біздер үшін сыйлық тәрізді!
Мэри (қатал түрде): Неге сыйлық тәрізді дейсіз?! Мен – жай сыйлық емеспін, мен – үлкен сыйлықпын!
Жүргізуші: Тамаша! Менің түсінігім бойынша, біздің тойымызды көңілді өткізуге келгенсіз ғой?
Мэри: Көңілді дейсіз бе? Мынауыңыз тым артық! Сіз білмейсіз бе, мен ешқашан адамдарды күлдірмеймін, мен әр адамға жақсы көңіл-күй сыйлаушымын!
Жүргізуші: Кешіріңіз! Біз бүгін балабақшамен қоштасу тойын тойлайық деп.........
Мэри: Білемін, білемін! Ал, енді тосын сыйдың кезегі келіп қалды! (қолшатырын ашады) Ал, мен сіздерге қзімнің шәкіртерімді яғни, дарынды оқушыларымды көрсеткім келеді! Өздерінің ақылдылығымен, өжеттілігімен олар көптеген жетістіктерге жетті. Олар тамылжытып ән салады, мың бұралып би билейді. Мен ойлаймын, сендердің баларыңа бұл, ең жақсы сыйлық деп!
(музыка әуенімен «Топает малыш» 2 ші сәбилер тобы екі-екіден қол ұстасып залға кіреді)
1. Біз сәбилер, келдік асығып Тақпақтаы да жаттадық. Әдеміленіп біз киініп, Келдік сіздің мерекеге.
2. Қараңдаршы біздерге, Кіп кішкентай, күлкілі, Келгенде балабақшаға Болғансың сенде осындай.
3. Жазып, оқып сендерде Білмегенсің ештеме Ұстай алмай қасықты Байлай алмай бәтеңкені.
4. Біздерді де ұмытпай Келіп тұрың бақшаға Сендерменен ойын ойнап, Түрлі кітап оқиық.
5. Мерекеде сіздердің
Ән айтып, би билейміз.
Ән: «Біздер үйдің гүліміз»
(Жүргізуші сәбилерге рахмет айтады, сәбилер шығып кетед)
Жүргізуші: Тамаша сыйлық! Рахмет, Мери! Бұл – керемет!
Мэри: Сіз болды деп ойлайсыз ба? Бұл тек қана бастамасы! Балаларға сыйлықтар таратып, олар сәт-сапар тілейіндеп келдім.
Ересек топ балалары келіп ән айтады: « Первоклашка»
1. Балабақшам тым ыстық
Білім алдық бастапқы.
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда жақын дос таптық.
2. Қуан, Шаттан , Алақай!
Қуанатын күн келді
Балабақша бөбектері
Құттықтайды сіздерді.
3. Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
4. Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер.
5. Мектепке енді барыңдар
Үлгілі оқушы болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар.
6. Бірге ойнап бірге жүрген,
Күндерді біз қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Сіздерге ән силаймыз.
Ән: «Достарым» (ересек тобы шығып кетеді)
Мэри: Ал енді, өзімнің көңілді досымды шақырғым келіп тұр.( қолшатырын ашады, Сайқымазақ жүгіріп кіреді, Мери шығып кетеді)
Сайқымазақ: Сәламатсыздар ма, балалар!
Сәламатсыздар ма, ата-аналар!
Қонақтар отыр бұл жерде,
Қандай керемет мереке!
Эй, балалар! Эй, қыздар!
Қуаныңдар қанекей!
Қоштасу мерекесімен,
Құттықтаймын сіздерді!
Ересек болдыңдар сендер,
Барасың енді мектепке!
Ал, сендер тақпақ айтып білесіңдер ме?
Балалардың жеке тақпақтары:
Сайқымазақ: Ал енді, мен сендерді ойынға шақырамын.
Ойын – эстафета «Сөмкені жина»
(Сайқымазақ шығып кетеді)
Бала:Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне,қараңыз.
Жасымыз жетті мектепке,
Ересек біздер баламыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз!
Би: «Қолшатырмен»
1. Балабақшам сенімен,
Достасып ап жүріп ем.
Енді уақыт басқаша,
Білім қажет бәрінен.
2. Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңқалдырып достарды,
Мен мектепке барамын.

3. Қуанышым менің мол,
Мектебіме тарттым жол.
Ұмытпаймын өзіңді,
Балабақшам қош, сау бол!
4. Өстік біздер мінеки,
Жаттап талай тақпақты.
Бала күнім балдәурен,
Ұмытылмас шақ тәтті.
5. Күндей нұрлы ертеңім,
Шақырады мектебім.
Балабақша қош енді,
Оқушымын мен енді.
6. Балабақша есігін құртайымнан ашқанбыз
Балапандай өсіріп мәпеледі бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз, бір туғанбыз бәріміз,
Біз осы үйдің гүліміз, біз осы үйдің сәніміз.
7. Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз.
Барлығы: Хош бол, сүйікті балабақшам!
Ән: «Қош балабақша»
Жүргізуші: Балалар, әр бала өскенде кім боламын деп армандайды. Міне тыңдаңдар біздің қыздар нені армандайды екен.
Жүргізуші: Көктемнің шуак күнінде, көңілді көңіл- күйменен
болашақтарын армандап, сәкіде отыр 3 қыз.
1 қыз: Мен өскенде, бірден күйеуге шығамын.
Күйеу таңдаймын әкем сияқты, мені басқыштан күтіп алатын.
Ах, ұмытып кетіппін, мен аспанда ұшамын
Стюардесса болғым келеді, ұшақпен ұшамын.
2 қыз: Сен алаңдама Айсұлу! Ары қарай не, ұмытқан жоқсын ба?
1 қыз: Ал, сосын ана боламын, саған тіке айтайын,
Мен өз балдарыма, Жанар, қәш тықпаймын аузына.
Оларды мен киноға апарамын, эскимо сатып әперем.
2 қыз: Ой, сенің қызың болсам го!
1 қыз: Тек қана армандауға болады!
2 қыз: Мен әртіс болғым келеді, сахнада ән айтатын,
Бәрі гүл сыйлайтын, тек мені ғана айтатын.
Кинога да түсіріп, маңызды рөл беретін.
Көп ақша алып, не керек – бәрін сатып алатын!
Неге сен ештеме айтпайсын, неге сен үндемейсің?
3 қыз: Мектепте жақсы оқып, ғалым болғым келеді.
Компьютерді жақсы біліп, математиканы үйреніп,
Жер жүзін шарлау үшін, географияны меңгеріп,
Геометрия, орыс тілі, биология, ағылшын тілі,
Ақылды болу үшін, осыны үйрену қажет мектепте!
Жүргізуші: Міне, біздің балалар қандай, барін танып білгілері келеді. орындауға мақсаттарын, оларға сәттілік тілейік.
Ал , енді кезек келді, балабақшада үйренгенімізді көрсетуге.
Ойын: 1. «Сөздер жина»
7. «Ағылшын тілі»
Цифрымен қолшатырмен Мери кеіреді.
Мери: Қандай бағаға мектепте оқиды екенсіңдер, мен болжап берейін.
Ойын: 1.«Сандар» (көздерін байлап)
2.« Солнечная зарядка»
Мери: Балалар, сіздер мектепке барасыңдар ма, білім алуға? Қазір мен Білім ханшайымын шақырамын.( әдемі әуенмен қолшатырды ашады)
Музыка әуенімен Білім ханшайымы кіреді.
Білім ханшайымы: Саламатсыздарма, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен- Білім ханшайымы! Мен сендерді бақыладым және жақсы білемін. Оқыпта, жазыпта, ән айтып та білесіңдер. Ал мен бүгин сендерге бір жұмбақ жасырамын. Көңілді, мейірімді, керемет ел туралы. Бұнда доптар, қуыршақтар, аюлар өмір сүреді. Ауласында әдемі гүлдер, бұл жерде көңілді, өте керемет. Бұл ел қалай аталады?.... Балалар: Балалық шақ!
Би: « Детсадовская кадриль» (балалар отырады)
Білім ханшайымы: Міне, уақытта жетті, құпияны ашуға. Сиқырлы гүлді , адамдарға беруге. Ол өсті «Бақша» деген ертегіде, Арман мен қамқорлыққа,

Мейірімділікке толы.
Қараңдаршы, балалар,
Әдемі ол қандай !
Жеті күлтелі гүлім
Барлық тілекті орындайды!
Ой, күлте ұшып кетті.....
Қайда кетті? Назар салыңыз!
Ханшайым жапырақпен айналып әдіскерге келеді.
Білім ханшайымы: Күлте кімге ұшып келді?
Барлық бала: Нүрпия Екпін қызына!
Білім ханшайымы: Ал, ол кім балалар?
Бала: Бір нәрсе сұрасаңыз? Маңызды сұраққа жауап?
Бақшада бар мамандық.....
Дұрыс! Ол әдіскер!
Бақшада ол өте маңызды адам
Ол қағаздың шебері,
Директордың сенімінде,
Сондықтан да маңызды адам!
Ханшайым: Балаларға айтатын, қандай тілегіңіз бар?
Нүрпия: Мерекеңіз құтты болсын!
Сендерге тілейтінім, кітаппен дос болындар,
Тәртіпті болып, сауатты сөйлеңдер.
Аналарыңды мазаламай,
Кітапты өздерің оқыңдар!
1-Бала: Ал, біз сізге сәттілік тілейміз: Осындай болыңыз! Басқаша болмайды!
Ханшайым: Қараңдар, көк күлте ұшып, Марина Владимировнаға түсті
2-Бала: Қанша ән сізбен айтылды!
Қанша ертеңгілік өтті сізбеннен!
Әркез сіздің жылы күлкіңізбен,
Өтті біздің ертегі күндеріміз!
3-Бала: Тамылжыта ән салдырып , үйреткен
Мың бұралта белімізді билеткен.
Марина Владимировна, сізге алғыс айтамыз,
Мың қайтара, сәби бала жүрекпен.
Ән жетекшісі: Я хочу вам пожелать
С музыкой дружить.
Ведь с хорошей звонкой песней
Веселее жить!
Жүргізуші: Ия, балалардың алғысы шексіз. Қыздардан құралған «Ранетки» тобын қонаққа шақырған болатынбыз, қкінішке орай олар гастрольге кетіп қалыпты. Сондықтан біздің қыздар өз тобын ашты және оны «Рассада» деп атады.Ортаға қыздардан құралған вокальды-аспапты ансамбльді шақырамын.
«Рассада»
Сегодня выступаем, вам песню пропоем Как в садике любимом мы весело живем У нас опять гастроли с перерывом на сон час, Но молодость уходит, скоро в школу в первый класс Сегодня зажигаем на бале выпускном Все наши гонорары – печенье с молоком , Давайте, подпевайте и хлопайте дружней Сегодня мы в ударе поем!
Припев: (2рет қайталайды)
Нам пока ни Че не надо, Мы – рассада, мы рассада! Снова танцы до упада – Мы – расссада, мы – рассада! Мы с яслей друг с другом рядом! Мы – бригада, мы – бригада! Будешь слушать нас с детсада – мы – Рассада!
Ханшайым: Қызыл култе үзілді, ұшып Күльжамиля Сүлейменовнаға қонды.
1-Бала: Витамин жеп қолынан Өскен сәби баламыз. Дәрігер апай сізге де Алғыс айтып барамыз!
2-Бала: Денсаулығы болаттай, ауруды жолатпай. Күнде әбігер болады, қамқоршымыз Күльжамила апайға да алғыс айтамыз.
Күльжамила Сүлейменовна: Енді мектепке сендер барасыңдар, Ерінбеңдер сендер онда! 4 пен 5 ке оқыңдар! Шұғылданып спортпен, Дендерің сау болып, шынығыңдар!
Ханшайым: Қызғылт күлте жұлынды, айналып ұшып келіп «екінші анамыз» қолына қонды.
1.Бала: Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді.
2.Бала: Әлпештеп бізді баптаған
Ардақтап бізді мақтаған.
Сондықтан да біз үшін,
Артық өзі басқадан.
3.Бала: Жасымыз жетті мектепке, Ересек біздер баламыз. Екіні қосып екіге, Әріпте жаза аламыз. Адам етіп баптаған, Ардақтап, бізді мақтаған, Апай сізге мың алғыс!
Тәрбиеші: Мектепке енді кеттіңдер, алуға терең білімді. Озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар. Ата – ананың ақтап үмітін, білімді болып шығыңдар! – деп сендерге сәт сапар тілеймін.
Айналайын гүлдерім, Айым менің күндерім. Маған қызық тілдерің. Естен кетпес күндерің. Сендердікі болашақ, Өтер балғын жастық шақ. Озат болып оқыңдар, Ойға білім тоқыңдар!
Балалар тақпақ айтады:
1. Бүгін қызық бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Ән салып, би билеп
Жалғастырсын ойды - ой
2. Қалам алып, сурет салып
Үйрендім мен бақшада
Суретімді мақтап жүрді
Тәрбиеші апайлар.
3. Міне мен де үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен.
4. Өзіңнен басталды арманым
Білімнің көгіне самғадым
Барамын бақытты етуге
Елімнің ертеңгі таңдарын.
5. Қуанышым менің мол
Мектебіме тартым жол
Ұмытпаймын өзіңді
Балабақшам қош сау бол!
Ән: «Алғашқы қоңырау соғылды».
1. Мектеп, мектеп
Төңіректеп
Жүруші едім мен кеше
Сұраушы едім, жылаушы едім
Әпкем кітап бермесе.
2. Ұшырдың баурыңнан сан түлек
Құлпырдым өзіңнен сан түлеп
Балабақшам мейірімді анамдай
Қаларсың жолыма нұр тілеп.
3. Қарашы бүгінгі күн қандай
Қалайша қаласың нұрланбай
Вальске ілескен біздермен
Жер шары айналып тұрғандай.
4. Сүйемін күннің шапағын
Жанарымда мол шуақ
Сондықтанда биіміз
Тек сіздерге арналмақ.
Би: «Вальс»
Ханшайым: Жасыл күлте, айналып ұшып келіп қонды, балабақша директоры Бота Аманқосқызына.
1. Орын берген бақшадан,
Меңгеруші жақсы адам .
Сондықтан біз үшін
Мейірімді басқадан.
2. Жауапты айел өмірде жоқ,
Ол балабақша патшайымы.
Біледі ол бақшада,
Барлық бала атын да
Сізді де біз құттықтаймыз!
Жұмысыңызға сәттілік,
Мол бақыт тілейміз!
Бота Аманқосовна: Рахмет, балалар жылы лебіздеріңе! Қош балалар, сәт сапар, Үлгілі бәрің болыңдар. Жақсы оқып әрқашан, Тек бестікті алыңдар.
1.Директордың әні
2. Ата - аналарға сөз.
3. Дипломдарды беру.
Ханшайым: Балабақша есігін Бірге өткізген балғындар. Соңғы гүлдің күлтесін, Сендерге сыйлап кетейін.
Балаларға қоштасуға алға шығады, тақпақ айтады.
1. Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2. Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бұл күндерді ұиялдап
Сағынармыз әлі-ақ біз.
3. Үлкен сенім жүктеп алып
Мектепке кетіп барамыз
Қош бол, балалбақшам деп
Қоштасу әнін айтамыз.
4. Алғыс айтып сіздерге,
Қоштасамыз бақшамен
Ұмытпаймыз сіздерді
Барлығы: Бәріңді жақсы көреміз!
Ән: «Қош бол, балабақша» (переделка прощай лицей)
Балалар далаға шығып, тілек ойлап аспанға шар ұшырады.
loading...

Автор: Онищенко Марина Владимировна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №29 балабақша

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1482 | Жүктеулер: 563 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0