Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Деңгейлеп саралап оқытудың , дәстүрлі оқытудан артықшылығы
[ Сайттан жүктеу (45.0Kb) ] 30.10.2015, 22:54

Материалдың жеке номері 1968

Деңгейлеп саралап оқытудың , дәстүрлі оқытудан артықшылығы

загрузка...
Деңгейлеп саралап оқытудың , дәстүрлі оқытудан артықшылығы.

Кусайнова Каршыға Алейхановна.
№33 ЖомММ Павлодар қаласы.
Биология пән мұғалімі.

Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес. Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады. Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру.Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда.Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып,адамның болашағы оның алған білімінің спасының көлеміне.ойлау деңгейіне байланысты болады.
Жаңа ХХI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім беру саласына тың көзқарас,жаңа үлгідегі ізденіс қажет болды, себебі ,орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.Өскелең ұрпақ,болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат мүддесіне сай өмір сүруге бейімдей отырып, логикалықой тұжырымдатып,таңғажайып ғылым саласын атартуға орта мектеп пен мұғалімдердің атқаратын рөлі зор.
Мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеріп,түрлерін жетілдіре отырып оқушыларға терең де,тиянақты білім беру.Осыған орай озық тәжрибе,жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен қолдану-ұстаз шеберлігінің белгісі.Қазіргі уақытта инновациалық педогогиқалық тенологиалар саны жеткілікті әзірленген.Сол технологиялардің бірі-Оқытудын үш өлшемді әдістемелік жүйе (ОҮӘЖ) педагогиалық технологиясы (авторы профессор Ж..А.Қараев). Бұл технологияларың мазмұнын,ерекшеліктерін түсіну үшін,дәстүрлі оқытумен салыстырайық.Егер дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса,ал қазір белсенді қызметті оқушы атқарады,оны оқытпайды,ол өзі оқиды.Дәстүрлі оқытуда мұғалімде оқушыға дайын,дурыс ақпаратты берген,оқушы тек тыңдап,алған ақпаратты қабылдап отырған яғни сабақта көбіне репродуктивті әдістер қолданылған(лекция,сұрақ-жауап,бақылау жұмыстары т.б.
Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (УӘЖ) технологиясында әр деңгейде орындаған тапсырмаға сәйкес оқушы білімі нақтыланып, оқушы тарапынан реніш туындауына жол берілмейді. Керісінше бұлай бағалау оқушыны ынталандыру құралы болып табылады. Себебі оқушы 1- деңгейден 2- деңгейге, одан 3 - деңгейге жетуге, басқалардан қалмауға тырысады. Бұл технология оқушының өз-өзіне деген сенімін нығайтады. Өз бетінше білім алу, іздену дағдыларын қалыптастырады. Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады. Сөйтіп оқушы бірте-бірте өзін-өзі дамытатын тұлғаға айналады. яғни оқушы өзі ізденіп,өзі оқып,өзі үйренеді.Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады(проблеманы шешу,балаға ой тастау(миға шабуыл»,дебат, дискуссия т.б)
Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, иннициативасы, жауапкершілігі т.б) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту формалары негізгі болып табылады.Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Қасиетті жағдайды оқушылар бір- бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б.
Индивидуалды оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады,оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілі әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі. Мақсаты: үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей тапсырмаларын барлық оқушыға бірінші деңгейден бастап орындату.Сонда сынып оқушылары (қабілетті-қатілетсіз) деген жіктеуге сырт көзбен бөлінбей, деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында (ішкі сараласу арқылы), жеткен деңгейлеріне сәйкес өздері табиғи жолмен топтасады, олардың білім сапасының көрсеткіштері бойынша тиісті бағасын алады. оқушылардың биология пәні бойынша міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындап шығуға толық кепілдік бере отырып, одан да жоғары деңгейлерді (екінші, үшінші) орындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың олимпиадаларға қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасауына, ғылыми жобалар жасауда көмегі көп
Мысалы: 1 – кезең: Өткенді пысықтау (үй тапсырмасы)
1) Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық оқушыларды дайындау)
2- кезең: Жаңа тақырыпты меңгеру
3 – кезең: (15-20 мин)
1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-ші деңгей (репродуктивтік) – стандартты ең аз қажетті көлемін қамтиды.
2-ші деңгей (алгоритімдік) – 1-ші деңгей тапсырмаларын тереңдетіп олардың нәтижелерінің себеп-салдарын тудыратын тапсырмалар.
3- деңгей (эвристикалық) – 2-ші деңгейдің нәтижелерінің басын қосып, жалпылауға, қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар.қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап беру.
Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу -оқыту үдірісінің тиімділігін артырып ,онда оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды,өз қабілетіне қарай таңдау,әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.КР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.
3.Караев Ж.А, Үш бөлімді әдістемелік жүйесінің білім беру технологиясы. 2013ж
4.Чемоданова Т Ю 12-жылдық білім беру 2008ж№4
loading...

Автор: Кусаинова Каршыга Алейхановна

Павлодар облысы Павлодар қаласы №33 орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Кусаинова_Каршыга
Көрсетілім: 938 | Жүктеулер: 558 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5908
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 65
Қонақтар: 65
Тіркелгендер: 0