Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Бала тәрбиесі- баршаға ортақ
[ Сайттан жүктеу (53.5Kb) ] 12.05.2015, 23:43

Материалдың жеке номері 1561

Бала тәрбиесі- баршаға ортақ

загрузка...
Тақырыбы: Бала тәрбиесі- баршаға ортақ
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс -тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату.
Міндеттері: 1.Ата - аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру, балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
2. Бала тәрбиесі де ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер:«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан».
Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко
Мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам,қарындаштар.
Тренинг бағдарламасы:
1.«Тілек шоғы» тренингі
2 Ой қозғау. «Бала деген кім?»
3.Топқа бөлу
4. Ой жинақтау
5. Қызықты сұрақтар.Сергіту жаттығуы
6. Ситуациялық сұрақ. «Қымбат машина» әңгімесі
7. Жүректен-жүрекке.
8.Қорытынды
Тренинг барысы:
-Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата – ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата - ана.
1.«Тілек шоғы» тренингі
Мақсаты:топта ары қарай жақсы қарым –қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызу, танысу.
Ата-аналар ортаға шығып,шеңбер құрады.Қолдарына бір шоқ гүл беріледі.Мұғалім өзін таныстырып,қасында тұрған ата-анаға жақсы лебізін білдіріп,гүл шоғын ұсынады.Гүлді алған ата-ана өзін таныстырып,жанындағы адамға жақсы тілек тілеп қолындағы гүл шоқтарын береді.Гүлдер бірте-бірте үлкейіп,мұғалімге оралады.
-Көп рақмет сіздерге,ата-аналар!Егер біреуге жақсылық жасасаңыз,жақсылық тілесеңіз ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп,өзіңізге үлкен жақсылық болып оралады.
2. Ой қозғау. « Бала деген кім?»
-Мен сіздерге балаларыңыздың суреті жапсырылған стикерлер таратып беремін.Сіздер «Бала деген кім?» деген сұраққа жауап беріп,суреттерді тақтадағы бәйтерек ағашына жапсырасыздар.( Мысалы: бауыр етіміз,болашағымыз,үмітіміз,мұрагерім,жанымның саясы,асыраушым т.б).
Сіздер өз балаларыңыздың фотосын бәйтеректің ұшар басына жапсырдыңыздар.Бұл-балаңызды тек биіктерден көргілеріңіз келетіндігін білдіреді.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі. Демек, балаға жақсы тәрбие беру, яғни отбасынан басталады.
3.Топқа бөлу. «Гүл теруге шығайық!»
- Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек

(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма.
І топ.Бала – білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата - ана қандай жағдай жасауы керек?
ІІ топ.Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
2-тапсырма. Мақалдардың мәнін аш.
І топ.Жақсы бала сүйініш,
Жаман бала күйініш.
ІІ топ.Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.
3-тапсырма. Ситуациялық сұрақтар
1.Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз.
2.Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз.
3.Мектептен балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, сіздің әрекетіңіз.
4.Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?
4. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы.
Ата-ана шарды таңдап алып, жарып, сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
1.Балаңыздың сүйікті түсі? Қоянның қимылын салу.
2.Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз? Балаңызды еркелетіңіз.
3.Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай? Балаңыздың сізді шектен шығып тыңдамаған кездегі ашуыңызды көрсетіңіз.
4.Қандай жануарды жақсы көреді? Балаңыздың мектепке жинақталуын көрсетіңіз.
5.Балаңызды қалай еркелетесіз? Аюдың қимылын салу.
6.Балаңыздың жақын досы кім? Балаңызға қандай жылы сөздер айтасыз?
7. Баламның бойынан мені ренжітеді, не қуантады? Балаңызға ақыл айтыңыз.
8. Егер сіздікі дұрыс болмаса да балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?Сиқырлы сөздерді атаңыз.
5.Ситуациялық сұрақ. «Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма,қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
-Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
6.Жүректен-жүрекке.
Ата-аналар шеңбер құрып,көздерін жұмады. «Айым болып тудың ба?» әні баяу жүріп тұрады.Балалар сыныпқа кіріп өз аналарының қасына барып,құшақтап,тілектерін айтады.
7.Қорытынды.
-Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады.
loading...

Автор: Салыкбаева Гульмира Сидыховна

Атырау облысы Индер ауданы Ынтымақ ауылы Гребенщик орта мектебі

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: salykbaeva73
Көрсетілім: 1206 | Жүктеулер: 578 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5903
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 73
Қонақтар: 73
Тіркелгендер: 0