Сайт учителя начальных классов
.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты -

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Авторлық бағдарлама Загрузок: 870 | Просмотров: 3654 | Размер: 29.0 Kb | Автор:
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Сілтеме: Қазақстан тарихы оқулығы, Қазақстан тарихы хрестоматия, Қазақ хандығы
Мақсаты: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы туралы білім қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Өзара белсенділікті арттыру әдісі, СТО стратегиялары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасайды.
Дереккөздер жабдықтар Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық
Сабақтың барысы Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Үй тапсырмасын тексеру тестпен жұмыс
Қызықты тапсырмалар: хронологиялық тест:
15 ғасырдың ортасы, 1428ж, 20 жыл, 15 ғасырда, 15ғ. 40-50 жж., 15 ғ. орта шені, 15ғ. басында, 1465-66, 14-15ғ, 15ғ
Сәйкестендір:
Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде дулаттар
Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда керейлер
Түркістан мен Қаратау аралығында арғындар
Іле, Шу, талас өзендері бойында,Ыстықкөл
маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде наймандар
Тарбағатай Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен қоңыраттар
Обь және Тобыл өзендері аралығында қаңлылар
Қаратауда, Сырдария бойында, Жетісуда үйсіндер
Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында жалайырлар
Жетісуда

Жаңа сабақ: топқа бөле отырып, тақырып бойынша зерттеу тапсырмасын беремін

Мағынаны тану: «Бағытталған оқу» стратегиясы

1 топ-Хандықты басқару ісі
2топ- Ішкі жағдайы

3топ- Сыртқы саяси жағдайы
4топ- Қзақа ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы
Ітопқа тапсырма: Жаңа құрылған хандықтың басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды? Керей мен Жәнібектің Қозыбасыға Орда тігуінің мәні мен маңызы неде?
2топқа- Алғашқы кездегі хандықтың ішкі жағдайын сипаттаңдар. Қазақ хандығы өз алдына қандай міндеттер қойды?
3топқа-15 ғасырдың соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?, Қандай қалаларды қол астына тқаратты?, Сыр бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай маңызы болды?,

Ойтолғаныс : Сандар сөйлейді: 30 жыл, 1470жыл, 15ғ 80 ж
Кластер жасау- Қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңызы


Қорытындылау. Слайдтық көрсетілім. Қазақ хандығы
Бағалау. Кері байланыс. Үйге тапсырма беру. § 36 оқу эссэ жазу

ID: 1802 | Просмотров: 3654