АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

  • Жүктеулер: 762
  • Көрсетілім: 1689
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Ноя/2015
АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

Ауыз әдебиетін пайдалану арқылы баланың сөйлеу тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту «Бала – балғын тал, үлкендер – бағбан» болуы барлық халықтың ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан қағидасы десек, сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің өмірлік мұраты. Сондай жақсылық нәрдің бірі – ертегілер деуге болады. Осыған орай халықтың қазынасы – ертегілерді іріктеп, жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың орны ерекше. Бұған әсіресе, балабақша тәрбиешілерінің мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен – ақ құмартады, қызығады. Ертегілердегі кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманнан жиренеді. Бала өмірде зұлымдық деген жиіркеніштітің бар екенін сезіне отырып, онымен күресу қажеттігін, ол үшін түрлі айла амал іздеу, жақтастарынан көмек сұраудың не екенін түсінеді. Сондай әрекет үстінде әр заттың қасиетін аңғарады, онымен етене танысып, оның қасиеті, зат жөнінде мағлұмат жинайды. Баланың жүрегін ризашылыққа, қуанышқа кенелтеді, сөздік қоры молаяды. Көркем шығармалар баланың рухани - адамгершілік білім берудегі маңызы зор. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа ұлттық патриотизмді қалыптастырып адамгершілік – рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай, ұлтжанды, патриотты адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталу керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінен көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Көркем шығармаларды тыңдау арқылы ұнамды әдеттерге, бір – біріне қамқор жасауға, адамгершілік сезімдері қалыптасады. Егемен ел межесі - өскелең буынның парасаттылығы мен тәрбиелігінде. Барлық тәрбиенің өзегі адамгершілік тәрбиесі. Көркем шығармаларды тыңдау арқылы адамгершілік сапалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалары ертегілер, батырлық жырлар, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, тақпақ – жаңылтпаштар бәрі де балабақшада кең пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді. Жалпы мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде балалардың ой - өрісіне, санасына туған тіліне, халықына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен отанына, тарихы мен мәдинетіне деген сезімдерін қалыптастыруда көркем шығармалардың орны ерекше. Қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұралары, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың өлең, әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда қадір – қасиетін жойған жоқ. Өзге де жазушыларымыздың балалар сүйсінерлік, қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпес қазына. Әңгіме, өлең мен тақпақтарды оқи отырып достыққа баулып тәрбиелеп оқытуды тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін құрудың өзі – көркем шығармалардың өзіндік ерекшелігіне қатысты әрекет. Ауыз әдебиеті көп тәлім – тәрбие мен рухани таусылмас байлық береді. Атақты педагог Сухамлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» деп атап көрсеткен. Руханилықтың негізінен адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар – ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Ауыз әдебиеті арқылы балалардың бойына адамгершілік, үлкендерді сыйлау, ата – ананы ардақтау, ер – жүрек батырлық сезімдерін оятамыз. Кішкентай бүлдіршіндердің барлық іс - әрекетіне, мінез – құлқына әсер етпей қоймайды. Қазақ ертегілерін құлағымен естіп өскен мектепке дейінгі балалардың ішкі дүниесі, айналасын қоршаған табиғатқа көзқарасы болашаққа, халқына, отанына, ата – анасына қамқор да қайырымды, мейірімді де жомартты болары сөзсіз.

Автор: Мамбетова Айман Сапаралиевна

"Балдырған" балабақшасының әдіскер

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.