Сайт учителя начальных классов
.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Жалын ауылы
«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қосымша білім беру педагогы: Зеилбек Сейітхан Қалмаханбетұлы


«Асыл ана, аяулы жар, ару қыздар!»
Сейітхан: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең – мөлдір жандай бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды жоғалтпай.
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем – шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Айгүл: Армысыздар, асыл аналар, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!
1-ұл: Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, алғашқы хабаршысындай болып, көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Сейітхан: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Әйелге айтар лебізі! – дей отырып, барша әйелдер қауымын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайтар, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Әрқашан көктемнің гүліндей құлпырып, өмірдің гүлі болып жүре беріңіздер! – дей келе бүгінгі мерекелік кешімізді ашу салтанатын – мектебіміздің директоры Маратбек Ахатұлын ортаға шақырамыз.

Мектеп директоры сөйлейді.

Айгүл: Рахмет Маратбек ағай!
Бұлбұл үні естеріңнен кетпейді
Олсыз бізге еш уақыт та өтпейді
Білемісің мына жарық өмірде
Ұстаздар-ау, әнге ешнәрсе жетпейді – дей отырып директорымыздың құрметіне «Аналарды құттықтау» әні.
Сейітхан: Тыңдар өскен жасынан дала сырын,
Ізгі жолын жалғаған бабасының.
«Өнерді өмірім» деп мұрат тұтқан
Әнге ғашық қазақтың баласымын – дей отырып, «Аналарды құттықтау» әнімен Әбсамат Дінмұхаммедті қарсы алыңыздар.
Айгүл: Құрметті ұстаздар! Біреуге - асыл Ана! Біреуге – Аяулы жар, ару қыздар! Сіздерді шуақты да шырайлы 8-ші Наурыз әйелдердің көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмесін, сәбилердің күлкісі кетпесін. Жұмыстарыңыз да табысты, еңбектеріңіз жемісті болсын! деп тілек білдіре отырып, шәкірттеріңіздің, сәбилеріміздің жүректерінің жырларына құлақ түрейік.

1-Ақтолқын
2-Еркеназ
3-Гүлжаһан
4-Алмас
5-Ақнұр
6-Дінмұхаммед
7-Мөлдір
8-Еркеайым
9-Ғалым
Хор: «Анаға сәлем».
Сейітхан: Тербететін әрқашан көңіл бағын,
Елестейтін алдыңнан болып сағым.
Көз тойдырып қанекей қараңыздар,
Мың бұралған биіне бұл қыздарың.
«Сағым дала» биімен «Таңшолпан» бишілер тобын қарсы алайық.
Айгүл: Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағыныш сазды жүрекпен,
Сыр арнаймын өзіңе, деп жүректерінен жыр арнаған сәбилеріңізді шақырамыз.
1-Айнұр
2-Ғалымжан
3-Айбибі
4-Аружан
5-Айбибі
6-Алмас
7-Дінмұхаммед
8-Мақпал
Сейітхан: Жақсылыққа жан байып,
Тапсын жеңіл жарасын.
Әнмен, күймен жалғайық
Екі кештің арасын, - дей отырып «Белес» әнімен Райымқұл Меруертті қарсы алыңыздар.
Айгүл: Аттары мәлім емес баршамызға,
Қасиет болу керек әрбір қызда
Аруларым көрсетіп өнерлерін
Мың бұралып билейді ортамызда деп «Хорезм» биімен «Томирис» бишілер тобын қарсы алыңыздар.
Сейітхан: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз жырлағандай кезекті әнге береміз.
«Анадан алғаш туғанда» орындайтын: Бектай Мақпал.
Айгүл: Ендігі кезекте кешіміздің ІІ-ші бөлімі Диспут, яғни, пікір таласқа да келіп жеттік. Сұрақтарымыз түсінікті болу үшін алдымен мына кішкене көрініске назар аударайық!
Осы көріністен 2 сұрақ туындайды.
1-сұрақ «Хиджап» қазақ қыздарына керек пе?
2-сұрақ «Сәлем салу - ізеттіліктің белгісіме әлде қорлықтың ба?»
Сейітхан: Ананың әрбір сөзі, ой-талабы
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты Ана еңбегі ақталады, дей отырып кезекті әнге береміз. Ән «Қыз сыны». Орындайтын Әбсамат Дінмұхаммед.

Айгүл: Бораш Айнұрды «Түрік» биімен қарсы алыңыздар.


Сейітхан: Кезекті тағы да пікір таласқа келіп жеттік. Алдымен мына кішкене эпизодқа назар аударыңыздар.
Осы көріністен мынадай сұрақ туындайды.
1. Жастарымыздың осындай халге жетуіне не себеп?
Айгүл: Ән мен күй халқымның бар асылы,
Тапқан содан жүректер жарасымын.
Басты мақсат әнменен биіктету
Ұлы рухын қасиетті алашымның дей отырып «Жангүлім» әнімен Дінмұхаммед пен Алмасты қарсы алыңыздар.
Сейітхан: Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әрбір күнім – өлең, - дей отырып, «Ана» әнімен Райымқұл Меруетті қарсы алыңыздар.
Айгүл: Кешіміздің ІІІ-бөлімі «Сезім кітабы» яғни түрлі жағдаяттарға дайындығымыз қалай? Яғни бұл бөлімде мына жүрекшелерде түрлі жағдаяттар берілген. Бұл ойынымызға тек ер жігіттерді шақырамыз.
Жігіттеріміз дайындалып болғанша кезекті әнге берейік. «Ана-Әке» әнін орындайтын: Бектай Мақпал.
Егер дайынболсақ, қане жігіттер жауаптарыңызды күтеміз.
Сейітхан: Шежіресін шерте күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер
Дүниені дүбірімен таңдатқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел, - дей отырып «Туған жер» әнімен Әбсамат Дінмұхаммедті қарсы алыңыздар.
Айгүл: Өмірге ана-бұлақ, ана – пана,
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! Ол – біздің елде ардақты адам
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған
Өзінің аяулысы Отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды, балаларының бақытты болуын тілейді. Әрқашан да аналарымызды сыйлап, құрметтей білейік.
Мерекелік кешімізді көріп тамашалағаныңызға үлкен рахмет!
«Мереке» әні Райымқұл Меруерт

ID: 2033 | Просмотров: 2549