Авторлық бағдарлама

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Авторлық бағдарлама

Армысың, алтын күз!
[ Сайттан жүктеу (809.4Kb) ] 22.12.2015, 19:40

Материалдың жеке номері 2278

Армысың, алтын күз!

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтаарал ауданы
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
«1 мамыр» ауылы
Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі
Умбетова Гулжайна Шарипбековна

Армысың, алтын күз!
Мерзімі: 16.11.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы:Армысың, алтын күз!
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата – аналар, әріптестер. Берекелі мерекелі алтын күз мерекесіне арналған «Балдәурен» тобы бүлдірішіндерінің «Армысың алтын күз!» атты мерекесіне хош келіпсіздер. Ендеше мерекемізді бастайық.
Кәусар: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Сара: Далада да, қалада да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
Ұлықбек: Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызық думан.
Ердәулет: Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің.
Хормен:Молшылық күз- береке күз,
Береке күз-мерекеміз!
Кейіпкер:Күз ханшайымы музыкамен кіріп келеді.
Күз:Сәлем өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қаныңдар.
Күз ханшайымы гүлдер толы себетінен гүлдерді балаларға таратады.
Тәрбиеші: Күз арқылы білеміз,
Жомарттықтың салтын біз.
Біз өзіңді сүйеміз
Хормен: Рахмет саған алтын күз!
Тәрбиеші: –Балалар жылдың неше мезгілі бар?
–Қазір жылдың кай мезгілі?
– Біз қандай мерекіні тойлап жатырмыз?
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Гүлсезім:Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Айару: Жаңбыр жауды көлдерге,
Ағаштарға , шөлдерге.
Ойын: Жаңбыр.
Хормен: Бір,екі,үш,төрт,бес,
Жаңбырдан қаш тез!
(Балалар шетке шығады.)
Тәрбиеші: Күзде жиі жаңбыр жауады.Бірақ біздің көңілді қыздарымыз жаңбырдан қорықпайды.Ендеше біздің көңілді қыздарымыздың көңілді биін тамшалаңыздар.
Би: «Көңілді күн» (қолшатырмен қыздар билейді.)
Бақытжан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Нұрсұлтан: Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Гүлмира: Қамба толды астыққа,
Рахмет саған алтын күз.
Алия: Бір уыс дән шаштықта,
Қап-қап қауын алдық біз.
Тәрбиеші: Балалар күз келгенде жаңбыр жауады,жел соғады. Кейбір кезде жел қатты соғып, қатты дауыл болуы мүмкін.
Жел кіріп келеді:Мен қатты соқпаймын,балаларды қорқытпаймын.Мен балалармен ойын ойнаймын.Қане балалар тарс- тұрс ойынын ойнайықшы.
Ойын: Тарс –тұрс жел соққанда.
Жел: Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шомылған,
Жел үрлесе қалтырап.
Мен ағаштардың жапырақтарын жерге түсіремін. Күзде жапырақтардың түсі қандай болады екен?
Балалар: Сары,жасыл,қызыл-деп қолдарындағы жапырақтарын желге ұшырады.
Тәрбиеші: Олай болса біз желдің қатты соққанында тыңдамай вальс биін билейміз.
Би: Вальс

Ердос: Алтын-алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Досжан:Сары жапырақ төгіліп,
Жерге түсіп жатыр
Назару: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Нұрқасым: Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ойын: Жеміс жинау
Тәрбиеші:Бір,екі,үш,төрт,
Жемісті жина көп.
(Балалар екі топқа бөлініп жемістермен көкөністерді жинап жарысады.)
Тәрбиеші: Меруерттің орындауында ән тыңдаңыздар.
Ән: «Қошақаным»
Тәрбиеші: Күзде барлық егісті жинап аламыз. Ол егістердің ішінде шалқандыда күзде жинап алады екен.Ендеше сол шалқан туралы ертегіні тамашалаңыздар.
(Балалар шалқан ертегісін көрсетеді.)
Би: «Ол сен емес»
(Ер балалар би билейді.)
Тәрбиеші:Ал балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Көлеңкені сүйген,
Басына телпек киген.
Үйі оның орман,
Жауынды ол сүйген.
Ол не ?
Балалар: Саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақ кіріп келеді: Саламатсыңдарма балалар.Мен сендермен ойнауға келдім. Сендер жапырақ жинауды білесіңдерме?
Ойын: Кім жылдам?
Тәрбиеші: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Міне, балалар алтын күздің берер байлығы көп екен. Осындай молшылықта, тыныштық заманда өмір сүріп жүрген сендер өте бақыттысыңдар балалар. Ендеше сендер біздің еліміздің жайнап өскен гүлдерісіңдер.
Ән: Хормен «Біз өмірдің гүліміз!»

Тәрбиеші: –Ал баллар ендеше біздің күзіміздің сендерге арналған сыйлығы әлі таусылмапты. Олай болса күздің татті алмасын қабыл алыңдар.
(Күз ханшайымы себеттегі алмаларды балаларға таратып берді.)
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп
Барлығы бірге: Рахмет!!!
loading...

Автор: Умбетова Гулжайна Шарипбековна

Бөлім: Авторлық бағдарлама | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1141 | Жүктеулер: 515 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 62
Қонақтар: 62
Тіркелгендер: 0