Сайт учителя начальных классов
.
«Ана тілі»
«Ана тілі – бәріміздің анамыз,
өйткені ол – ұлтымыздың анасы»
Н.Ә. Назарбаев
«Шыр» - етіп дүние есігін ашты сәби. Неге жылайды? Беймәлім. Қуаныш па, әлде қорқыныш па? Япыр-ай, көзін де ашпайды. Мұнда не бар? Таныс дыбыс шығады. Мені шақырып жатыр ма? Тағы да, тағы да қайталанды. Иә, бұл таныс дауыс қой! Ыңылдаған нәзік әуен, тәтті саз, жылы алақан! Иісі қандай жұпар! Сол жұпар иіс өзіне баурап, икемдеп әкеп аузыма түйір бір нәрсені салды. Ақырын дәмдеп көріп едім, ұнағаны сондай, үрей-қорқынышты ұмытып, әбден әлім құрып, борша-борша терлегенше бас алмай еміп, қалай қалың ұйқыға берілгенімді сезбеппін. Сол тылсым күш, сол дауыс, сол нәзік әуен анам екен! Анамның дауысы, ақ мамамның жұпар иісі, жылы алақаны екен! Анамның әуезді тілі-қазақ тілі екен! Ес білгелі ана тілінен басқа да тілдер бар-ау!»- деп ойламаппын. Барлық айналам: жұлдыздар, ай мен күн, гүлдер мен көбелектер, құстар мен ағаштар бәрі-бәрі менің ана тілімде сөйлейді. Мен бәрімен тіл табыса алатындаймын. Осы тіл арқылы дүниені түйсініп, қабылдап, ойымды жеткізіп келдім. Ал мектеп табалдырығын аттағанда, екінші рет дүние есігін ашқандай болдым! «Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық!» - деп Ыбырай атамыздан бастап, ұлы Абайдың: «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге,»-дегенін есте ұстап, кітапқа үңілдік. Бұл дүниеде ана тілімнен басқа да тілдер бар екенін, ол тілдерді білудің қажеттілігін Абай атамыздың мына өсиетінен ұғындық: «Әр елдің, тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды». Ал енді басқа елдің ғалымдары қазақ тілі, қазақ халқы туралы не дейді екен? С.Е. Малов: «Түркі халықтарының ішіндегі ең

суретшіл,образды тіл- қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты». Ауыз әдебиеті анамның әлдиінен басталады емес пе?! В.В. Радловтың: «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...» - дегені ауыл ақсақалдарының бата бергу салты атақты би-шешендердің тарихта қалдырған мұрасының жаңғырығы, мазмұнды жалғасындай көрінеді де тұрады. Халқымыз тілді ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Мен қазақ боп Қазақстанда туғаныма, қазақша сөйлеп жүргеніме мақтанамын! Ұлттың қуаты тілінде, тәуелсіздіктің тұғыры да – тіл. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғанын тарихтан білдік. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Қазіргі заманда бесік жырын сәби естімесе, тіпті бесіктің не екенін білмесе, ана сүтіне жарымаса, ана тілінен нәр алмаса, рухани кемтар, адамдық, ұлттық болмысын жоғалтқан қолжаулық болмай ма? Жаһандану дегенді жиі естиміз алпауыт мемлекеттер тілі аза бастаган халқы аз елдерді түйені түгімен жұтқандай жоқ қылып жатыр солардың кебін киейін демесек тіл мен дінді бекем ұстап қам-қарекетсіз болмайық. Тәуелсіз еліміздің “Тіл туралы” заңында“Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Келешек ұрпақ үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттаумыз керек.
«Шыр» - етіп дүние есігін ашты сәби. Неге жылайды? Ананың әлдиі естілді.
Ыңылдаған нәзік әуен, тәтті саз, жылы алақан! Ылайым солай болгай!

Ерболат Нұрай
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№ 6 «Кеңес»орта мектебі
5сынып оқушысы

ID: 1872 | Просмотров: 2460