Сайт учителя начальных классов
.
М. Байысов атындағы орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Алтын күз»

Сынып жетекшісі Шоқалақова Г.Б.

Алдабергенов ауылы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО» КММ, Алдабергенов ауылы
Шокалакова Гульнар Бектуреевна
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойнатылып тұрады, балалар мұғаліммен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!



Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсандар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиін-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс, күз мезгілі. Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп, кіреді).

Күз: Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдымба?
Балалар: Жоқ!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Сұлтан: Күзім-ау, күзім-ау!
Міңезін бұзық-ау
Жаңбырын сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!

Амина: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен круен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді.

Мирас: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді.
Осы ма, осы ма, күз деген,
Мектепке баратын бізбенен?

Ораз Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.

Би «Жаңбыр»


Ораз: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.

Диана: Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.

Дарина: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Мерей: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сиынды.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам» деп аталады. Бұл ойынға ата-аналар қатысады. Ойынның шарты бойынша ата-аналар көздерін байлап, себетке жерде жатқан жемістерді жинап жарысады.


Інкәр: Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

Айым: Өнім ұйып тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз
Ашық болсын аспаның.

Томирис Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Аблай Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Би «Көбелектер биі»

Алтын күз: Жарайсындар балалар!
Тағы қандай өнерлерін бар?
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,
Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!
Көрініс «Көкөністер айтысы»
Мирас пен Диана бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілд, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Қияр: Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Картоп: Мен ұялшық картоппын,
Мен емеспін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Пияз: Боламын мен демеуіш
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Сәбіз: Кім бар сәбіз шырының
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де.

Мирас: Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліндер.
Оларды жақсы көріндер.

Диана: Барлығың да дәмдісіндер,
Шырқап айтар әнімсіндер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның әнісіндер.

Би «Күзгі вальс»

Күз өте тамаша, балалар! Кәзір менінімен ойые ойнайсындар ма?
Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.
Би «Сарбаздар биі»


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік.
«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузынани кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы).

2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисын ба (шиені)?

3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері – бақша-бақ.
Күрен қызыл шіркін-ай
Оның аты (таңқурай).

Көрініс: «Алмаға таласқан жануарлар»
Орманда қоян келе жатып, ағашта өсіп тұрған алманы байқайды. Оған қолы жетпей, ұшып бара жатқан қарғаға оны алып беруын сұрайды. Қарға алманы жұлғанда, алма кірпінің үстіне құлайды. Сөйтіп, барлығы алмаға таласады. Аю келіп, алманы бәріне тең бөліп береді.


Шығыс биі Томирис.


Жүргізуші: Алтын күз балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды.
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
Ал апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін, балаларға таратып беріңізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

ID: 2076 | Просмотров: 2732