Сайт учителя начальных классов
.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: В.Сухомлинский «Ақ шаш»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақтың міндеті:
І Білімділік:
Тақырыпты ашу, талдау жұмыстарын жүргізу мазмұнын меңгерту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау.
ІІ Дамытушылық:
Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру , шығармашылық ізденіске баулу және оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту.
ІІІ Тәрбиелік:
Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты, ізгі қасиеттерді сіңірту.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды өлең.
4. Эссе жазу.
5. 3 күнделік.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, В.Сухомлинскидің суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.
Сабақ жоспары:
1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Ой қозғау.
- Мәтінді оқу.
- Өзіндік жұмыс.
- Түртіп алу жүйесі.
5) Ой толғаныс.
- Бес жолды өлең.
- Эссе жазу.
- 3 күнделік
6) Анаға тілек тренингі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Дөңгелене тұрайық
Ұнаған түсті таңдап ап
Тобымызды табайық
Топқа түрлі-түсті қағаз арқылы бөліну
Мұғалім, балалар (хормен)
- Әрбір адам?-Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.
-Олай болса, балалар, бұгінгі сабағымызды бастаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Мұхтар Шаханов туралы мәнжезбаны қорғау. (1 оқушыдан сұрау)
- «Достық өлкесінің заңы» мәнерлеп оқу, мазмұндау. (2оқушыдан сұрау)
- «Достық өлкесінің заңы» көрініс арқылы көрсету.
- Өлең шығару және мақал-мәтелдер жаттау (2 оқушы)
- Олай болса оқушылар, біз сонымен нағыз достық қандай болу керек екенін, жалпы дос деген кім екенін түсіндік деп ойлаймын.
3) Ой қозғау.
Бейнебаян «Анадан алғаш туғанда» ( көрсетіледі)
-Балалар бұл бейнебаян кім туралы?

ID: 1080 | Просмотров: 2299