Сайт учителя начальных классов
.
23.12.2014ж Жапсыру МАД
Сабақтың тақырыбы: Аққалалар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Аққаланы құрастыруға, оны ұжыммен бірге желімдеуге үйрету. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбек сүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық ҰОІӘ ұйымдастыру.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле шашылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы күн қайырлы
ҰОІӘ өткізілуі
-Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай?
Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтересіңдер.
1. Мектеп қандай?
2. Даярлық тобының балалары қандай?
3. «Қыс»мезгілі қандай?
4. «Қар» жауған қандай?
5. Аружанның күлкісі қандай?
6. Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
Жақсы балалар бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсін.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста күн қандай болады?
Ендеше, боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз.
-Жақсы балалар бүгін мен сендерді екі топқа бөліп, білімдеріңді тексеремін. Әр дұрыс сұраққа бір жұлдызшадан беріп отырамын, қай топ көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
Балалар мұғаліммен бірге тақпақты қайталап, қимыл жасайды.

Берілген сұрақтарға жауап ретінде жұдырықты түйіп, бас бармақтарын көтереді.

Боранды қимылмен көрсетеді.
Екі топқа бөледі.
Жұлдызша арқылы бағалап отырады.

ID: 1344 | Просмотров: 2169