Сайт учителя начальных классов
.
Отбасындағы білімділік және жылылық. -

Отбасындағы білімділік және жылылық.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Ата-аналармен жұмыс Загрузок: 1053 | Просмотров: 2829 | Размер: 22.2 Kb | Автор:
Отбасындағы білімділік және жылылық.
Ата-аналар жиналысы
Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз.
Н. Ә. Назарбаев

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар ! Мектебімізде жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі жиынына қош келдіңіздер
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біз өмір сүріп отырған қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мен мазмұны мүлде басқа жаңа дәуір табалдырығына ену қазіргі заман жастарынан ептілікті, шығармашылықты және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше ой қызметін талап етеді. Міне, осындай заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті мектепке жүктеліп отыр. Мектеп білім ошағы болса, отбасы - тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие ажыратуға келмейтін егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде отбасының да алар орны ерекше.
Бақытты отбасы - келешек кепілі
Тәрбие - отбасы шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан үлкендер міндеті - деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата - аналар бүгінгі жиында білімді отбасының көп болғанын біз ұстаздар тілейміз..
Білім - адам баласының ортақ қазынасы. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген грек философы Сократтың «Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ» деген даналық сөзі адам баласын рухани байлықтың көзі болып табылатын білім алуға шақырады. Білімді адам - иманды адам. Ал, жүрегінде иманы бар адам ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайды.
Әрбір отбасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақ ата - ананың алақанының жылылығын, жүрегінің мейрімділігін көріп, біліп, сезініп өсуі қажет. Осындай сезімдерге бөлену үшін ата - ана арасындағы ыстық махаббат берік болса болғаны. Ұрпақты тәрбиелеуде ата ананың алар орны ерекше екендігін айта кеткім келеді. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген дана сөз де бекер айтылмаса керек. Қазіргі Тәуелсіздігіміз қарыштап көкке өрлеген таңда жастарымыздың арасындағы болмашы нәрселерге бола ауру, арақ құмар, қылмыскер болып бара жатқанына қарынымыз ашып, жүрегіміз сыздайды. Осы жастарға не керек, не жетпейтінін білмедім? Сонау ата бабаларымыз басынан аштықты да басынан өткізді. Сонда да арын сатып, арақ ішіп қайғысын жеңілдеткен жоқ.
Керсінше осындай қиыншылықтан шығу үшін қолайлы іс - әрекеттер жасап, ақылмен шешті емес пе?

Осы орайда, балғындарымызға үлгілі тәрбие беру қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы отбасынан бастау алады. Себебі, отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасындағы тәрбие әр адамның мүмкіндігі мен рухани мәдениетін қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелейді.
Балаларға жан - жақты тәрбие беруге ерекше әсер етіп отырған «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім берудің маңыздылығын айтып кету қажет деп ойлаймын. Баламның бойында қалыптасқан сабырлылық, ізеттілік, сыпайылық ерекше қамқорлық қасиеттері, әрине, кез - келген ата - ананың көңілінен шығары анық.
Сонымен қатар бұл бағдарлама – жеке тұлғаның өзін - өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның бойында оң өзгерістер қалыптастырады.
Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген адамгершілік қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, тереңде жатыр. Жеке тұлғаның бойына адамгершілік нәрін ұялатуға отбасындағы тәрбие үлкен әсер етеді деп айтуға болады.
«Жақсы сөз жан семіртер» деген халық мақалы арқылы:
Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес. Қандай қоғамдық құрылыста болсын, отбасы мен неке – адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторларының бірі болып келген. «Адам ұрпағымен ғана мың жасайды» - деген халық даналығы осындайдан айтылған - ды. Сөз жоқ, бұл арада дендері сау, жүйкесі бүтін, тек қана өміршең ұрпақтардың жалғасуы жайында айтылып отыратындығы күмән тудырмайды. Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық - экономикалық реформалардың қай - қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын
Біліктіні тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз шырын жанның құнары –
баршамызда білімді, білікті болайық деп баяндамамды аяқтаймын. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

ID: 1780 | Просмотров: 2829