Ата-аналармен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Ата-аналармен жұмыс

«Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден – бір құралы»
[ Сайттан жүктеу (16.3Kb) ] 17.09.2015, 22:48

Материалдың жеке номері 1774

«Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден – бір құралы»

загрузка...
Мен Кембридж бағдарламасы ұсынған идеяларды меңгере отырып алған білімімді түрлендіріп отыруды көздеп келемін. Әр жұмыстың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеуді және сындарлы оқытудың теориясын тәжірибемен ұштастыруда іс-әрекеттің өзгеше көріністері мен тұстарын түрлендіріп отыруды жоспарладым. Сонымен қатар өз сыныбымның ата – аналар жиналысын еркін және ашық түрінде өткізудегі тиімділігін анықтау үшін коучинг, тренинг, дөңгелек үстел т.б. жұмыс түрлерін ұйымдастыруды көздедім. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.Сол себептен де оқу жылының басындағы алғашқы ата-аналар жиналысының тақырыбын «Мектеп пен жанұя бірлігі - оқушыларды жан-жақты дамытудың бірден – бір құралы» деген тақырыпта коучинг өткізуден бастадым. Коучингтің негізгі мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту. Коучинг басында тренинг ұйымдастырылып, ата – аналарды үш топқа бөліп алдым. Ата-аналарға жалпы жұмыстар жөнінде түсінік берілді. «Отбасы» деген кім?, «Бала үшін ата-ананың қандай сезімі қымбат?», «Балаға айтылатын жылы сөздер» сұрақтарды негізге ала отырып, постер қорғады. Постер қорғауда ата-аналар өз ойларын қарапайым тілмен толық жеткізе білді, сергіту сәтінде де ерекше қызығушылық танытты.


Сонымен қатар, бірінші топ ата-аналарына «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?», екінші топқа «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз “басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы”,-деді. Сіздің әрекетіңіз?», үшінші топқа «Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?» деген мәтінде жағдаятты сұрақтар берілді. Ата-аналар жағдаятты сұрақтарды жан-жақты қызу талқылады. Ата-аналардың баламен қарым - қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер айтылуы мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру үшін соңғы тапсырма ретінде әр топқа екі сөйлемнен беріліп, ата – аналар белсене қатысып, сахналап көрсете білді.
Жұмыстан кейін әр топ бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап, тілектер мен ұсыныстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Алдағы уақытта да ата – аналар жиналыстарға белсене қатысады деген үміттемін!
Баймулдина Сания Салихадинқызы
Жамбыл бастауыш мектебі
1 «А» сынып жетекшісі
loading...

Автор: Баймулдина Сания Салихадинқызы

Жамбыл бастауыш мектебі

Бөлім: Ата-аналармен жұмыс | Қосты: bai_sani
Көрсетілім: 1088 | Жүктеулер: 514 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 34
Қонақтар: 34
Тіркелгендер: 0