Ата-аналармен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Ата-аналармен жұмыс

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі.
[ Сайттан жүктеу (20.0Kb) ] 10.10.2015, 19:23

Материалдың жеке номері 1876

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі.

загрузка...
Әке үйде мықтағанда отын жарып,малға қарайды,қатты-қайырым шаруаны тындырады,баланы кейде қыдыртады,болмаса ол да жоқ.
Бала көшеде кіммен,не ойнап жүр? Тентек,бейпіл ауыз,бейбастық біреулерге үйір болып жүр ме? Әлде,ол өнерін ұштап,ой әлемін жетілдіретін,пайдалы ,өнегелі бір іспен әуестеніп жүр ме?Онымен көп әкенің ісі болмайды немесе көңілді аз аударады.
Ер жетіп қалған баланың әлдебір нашар топтармен аралаласып,жат қылықтарға бой ұрғаны әйгіленіп қалғанда ғана оған «мұныыңыз қалай,балаңызды неге дұрыс тәрбиелемегенсіз?» деп талап қоя бастасаңыз, «қайдан білейін,баланың соңынан еріп жүре аламын ба,жұмыс,жиналыстан қол тимейді» деп ақталғысы келеді кей әкелердің.Бұған не айтасыз? Қазақтың «Еріншекке сөз айтсаң,адам таппас жауап айтады» дегені осындайларға дөп келеді.Бұдан өрескел жауапсыздық болар ма?Тұрмысымызда әлі де болса бүтіндей жойылмай келе жатқан залалды кеселдің бірі осы.Балаларымыздың денсаулығы кінәратты,ой-өрісті тар,мінезі шәлкем-шалыс болса,оған көптен-көп кінәлі осы бала тәрбиесіне деген самарқаулық екенін ұғыну қиын емес.Өскен халыққа,зиялы қауымға зер салсақ , «бала өзі өседі,өсе келе үйренеді» деп үстірт қарамайды.Керісінше,баланың қаршадайынан дұрыс тәлім-тәрбие алуына ата-ана бірдей атсалысып,баса көңіл аударады.
Кейде тәрбиеге шындап араласып келген кейбір әкелер қатаңдық танытып,баланың қателігін әбден зерттеп алмай жөнсіз жәбірлеп,шамадан тыс шектеп ұстауға бой ұрады.Бұл да біржақты,жете ойластырырылмаған әрект.
Біздің қазақ жұртшылығы арасында қарт кісілердің балаларды «арқандап» ұстап ,жасық етіп тәрбиелейтіні де өтірік емес.Осындай «тәрбиеніің» кесірінен көп жастар сылбыр,селсоқ,өз пікірін,әділдікті жақтап сөз айта алмайтын ынжық болып өседі.Бұл жағдай,әсіресе,қыздардың мінезінен жиі кездеседі.Бала тәрбиесіне осындай жаісақ көзқарасхалықтың арасында,әсіресе,сауаты кем,мәдениеті кенже топтар арасында ұштастыратыны бекер емес.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың озбырлық жасап,өзінікі теріс,баланікі дұрыс бола тұрса да, «айттым бітті,кестім үзілді» деп үлкендігін бұлдап,әділетке қиянат жасау баланың дұрыс тәрбие алуына көп нұқсан келтіреді,жүйкесіне із қалдыратындай салмақ түсіреді.
Шектен тыс қатал ұстау баланың жігерін жасытып қана қоймайды,білмекке құмарлығын мұқалтып,қиялын тежейді.Тіпті,баланың ата-анаға,өмірге көзқарасын бұзуы да ықтимал.
Жасы,сірә қырықтың жуан ішінде,болмаса,елуді де иықтап қалған бір азаматты көптен бері таңертең ертемен спорт алаңынан жиі кездестіремін.Қасында әрдайым ержетіп қалған ұлы мен он үш-он төрт жастағы қыз бала мен олардың анасы жүреді.
Ұл мен қыз ол кісілердің балалары екенін,бұл кісі-олардың әкесі екенін «папалап,мамалап» аауынан,оған деген ізет құрметінен жазбай танисыз.
Бұлар күнде ертемен спорт алаңына бірге келіп түрлі жаттығулар жасап шынығады.Бәрінің де үстінде спорт киімдері бар,орталарында доп.Бірде баласы қақпаға тұрады,бірде әкесі қақпаға тұрады.Бірде бәрі жабыла жүгіріп,баскетбол ойнайды.Кейде кешқұрым да,демалыс күндері де олардың бірде жасыл бау ішінде сейіл құрып,бірде кинотеатрға бірге бара жатқанын да көріп қаласыз.
Балалары әке-шешесіне қиылып,олар да «қызым», «ұлым» деп мейірленіп,жұбын жазбай жарасып ақ тұрады.Қандай жарасымды!
Осы ұлды мен басқа уақытта да жиі кездестіріп жүремін.Орталық стадионда ол жасөспірімдердің футбол командасына ойнайды.Ол волейбол алаңында да өнерлі,сымбатты денелі жігіттің бірі.Соған қарамастан қандай кішіпейіл,ізетті де қарапайым.Инабатты ұлдың өнегелі мінездерін көргенде бұл отбасындағы тәрбиенің іздерін көргенде бұл отбасындағы тәрбиенің іздерін көргендей сүйсінемін.
Сол әке қызмет істей ме?Ол да жұрт қатарлы қызмет істейді.Ол да қоғамдық жұмыстардан шет қалмайды.Жиналыстарға да қатынасады.Бірақ балаларымен бірге болуға,балаларын тәрбиелеуге де уақыт табады.Мұндай әкелер қазір аз емес.Тіпті көп екенін де білеміз.Тек «кісінікі дегенге анау-мынау ісім бар,өзімдікі дегенге өгіз қара күшім бар» демекші,қонақ,карта десе күн демей,түн демей ерінуді,жалығуды білмейтін ,балаға қарау,бала тәрбиелеу десе төбе шашы тік тұрып, «қолы тимейтін » әкелер азайса екен дейміз.Бұл да бір тұрмыс-салтымыздағы жағымсыз-жарамсыз әдет,кесел ғой.Ондай кеселден неғұрлым тез арылсақ,соғұрлым ұтамыз.
Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса,пайдалы өнерге баулыса,жақсы,өнегелі орталармен үйір етсе,бала соғұрлым жақсыға қарай бейімделе береді. Музыкаға,ән-күйге,сурет салуға әуестік,кітап оқуға спортпен шұғылдануға құштарлық т.б өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып,достастыруы парыз.
Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп,өзі де баласының жан дүниесін,көңіл күйін,қабілет қасиеттерін жақсы сезетін болады.Баламен өмір жайлы,көрген кино,оқыған кітаптар,адамдар,достар жайлы әңгімелесіп,сыр алысу-әке мен баланың достығын нығайтып,бір-біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі.Ондай жағдайда әке мен баланың арасында ешқандай қырғиқабақтық,салқын көзқарас,жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды.
Еңбек-тәрбие құралы демекші ата-анамен балалардың жақсы қарым-қатынасы үй тірлігінде де қалыптасады.
Адамның мағналы өмір сүріп ,өнімді еңбек етуіне,көңіл-күйінің ойдағыдай болуына алдымен оның үй іші,отбасы жағдайының айрықша рөлі бар.Себебі,адамның күнделікті тіршілігі үшін үйіндегі береке бірліктің,өнімді еңбектің,шат-шадыман тұрмыстың орны бөлек.Үйдегі,дәлірек айтқанда отбасы мүшелерінің арасындағы еңбек бөлісі жій қарағанда ұсақ мәселе сияқты көрінгенмен,күнделікті тірлікте адамның денсаулығына,көңіл-күйіне,қарым-қатынасына ,жас ұрпақты еңбекке,жауапкершілікке баулуда зор әсері бар,арнайы сөз етуге тұрарлық мәселе.
Біздің әрбір күніміз жұмысқа,оқуға,балабақшаға баруға қарбалас еңбекпен басталады.Әр үйдегі әйелдердің көбі ерлермен бірдей әртүрлі салада еңбек етеді.Соған қарамай үйдегі еңбекті тек әйел адамның ғана міндеті деп түсінетін ұғым әлі күнге дейін көпшілігіміздің санамыздан қалмай келеді. Көптеген отбасында үй шаруасын үй ішіндегілері тегіс бөліп атқарады. Мысалы,кейбір отбасында демалыс күні үй ішіндегі үленді-кішілі адамдар,бала шаға бәрі қатысатын «сенбілік» ұйымдастырылады.
Балалардың бірі шаң сүртсе,екіншісі су тасиды,үшіншісі даладағы заттарды шығарып,қағып сілкиді.Қалғандары шамасына қарай кір жуады немесе аяқ киімдерін тазартып,жинастырады.
Мұндай «сенбіліктің» уақыты алдын-ала ескертіледі.Әркімнің істейтін жұмысы бөлінеді,киетін халаттары немесе алдарына тағатын алжапқыштары,бастарына тартатын орамал,аяқтарына киетін аяқ киімдеріне дейін әзірленіп қойылады.
Үйдегі еңбекке отбасы мүшелерінің тегіс қатысуы сол үйдің балаларына үлкен тәрбие мектебі десе болады.Олар еңбек ете жүре,бір-біріне көмектесіп,бірінің жұмысын екіншісі жеңілдететініне қуанады.Бір-біріне деген мейірімділік пен еңбектен ләззат алу олардың бойында жағымды сезім тудырады.Мұндай ұжымдық еңбек күнін балалар асыға күтетін болады,бірте-бірте осынау,жақсы әдет қалыптасып,еңбексүйгіштік қасиет дами түседі.
Кей отбасында үй ішіндегі адамдардың әрқайсының өзінің күнделікті атқаратын тұрақты міндеті болады.Мұның жақсы жағы-әркім өз міндетін орындауы,әсіресе,баланы жауапкершілікке тәрбиелейді.Әрқайсысы өз үлесінің мәнін сезінуге,еңбек тәртібінде дағдыланады. Отбасы мүшелерінің әрқайсының белгілі бір міндеті болғаны дұрыс,дегенмен де,шаруаның қыбын біліп,мәнісін түсінуде,балаларды ұзақ уақыт еңбектің бір түріне ғана мамандандыру жеткіліксіз.Біршама уақыт өткен соң балалардың жұмыстарын шамасына қарай ауыстырып,жаңартып отырған дұрыс.Кейбіреулер үй шаруасын ерлердің жұмысы,әйелдердің жұмысы деп бөледі.Мысалы,көпшілік ата-ана үйде ұл балаларын тамақ дайындауға,ыдыс аяқ,кір,еден жууға жолатпайды.Олар мұндай жұмыстар тек әйелдің ісі,ерлердің қадірін кетіреді деп есептейді.
Әрине,қыздардың физиологиялық ерекшеліктеріне қарай оларға ағаш жару,тым салмақты жүк көтеру сияқты кейбір ауыр жұмыстарды тапсыруға болмайды.Ал,басқа шаруалардың бәрін үйде ұл да,қыз да бірдей атқарғаны жөн.
Баласын бірнәрсеге жұмсағанда «ертең киноға жіберемін,балмұздақ сатып алуға ақша беремін» деп ынталандыру мақсатында уәде беретін атаөаналар бар.Мұндай жағдайда баланы еңбек етуге итермелейтін –үй шаруасын бөлісіп атқару,басқаларға көмектесу,әке шешесіне жаны ашу ниеті емес,тиісті ақыны алуға тырысушылық басым келеді.Бұл әдіс баланы еңбекке баулымайды,қайта аяқ басқаны үшін ақша тілейтін есепқор болып шығады.
Үй шаруасын ынтымақтасып атқаратын үйде ертеңгі қандай жұмыстар күтіп тұрғанын балаларымен бірге отырып ойластырады.Үйді жинастыру,дүкеннен әкелетін азық- түлік,жөндейтін жұмыстар өзара бөлісіп алынып,атқарады.Осындай ынтымақты еңбек ету үй ішіндегілердің бәріне де рақат:көңіл күйлері көтеріңкі,өзара мейірімге толы,сыйластығы жарасып тұрады.Мұндай ортада тәрбиеленген бала да өнегелі болып өспей ме?!
Егер отбасында әуелден ақ жақсы дәстүр қалыптасса,ондағы өмір де мазмұнды,тату тәтті,балалар да тәрбиелі болары анық.
loading...

Автор: Бесмагамбетова Раушан Кадихановна

МКҚК №2 Жанар балабақшасы

Бөлім: Ата-аналармен жұмыс | Қосты: Бесмагамбетова_Раушан
Көрсетілім: 1306 | Жүктеулер: 512 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 47
Қонақтар: 47
Тіркелгендер: 0