Сайт учителя начальных классов
.
«Балаға  рухани-адамгершілік  тәрбие  берудегі  отбасының  рөлі » -

«Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі »

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Ата-аналармен жұмыс Загрузок: 1409 | Просмотров: 7533 | Размер: 526.5 Kb | Автор: Алуашова_Гулзира
«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны
Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты.
1. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?
2. Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?
Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар сол
жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер. деп ойынды аяктасам.
2. Құндылықтар тірегі


3. Абсолюттік құндылықтар

Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл

адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
4. Отбасындағы ананың ролі.
Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар.
Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ үшін өзінің жақсы мінез-құлқын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.
Үнемі жұмыс бастылық, мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңынан түсу үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды ұмытып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарады. Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғаиынан алшақтатады.
Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар-намысына, абыройына нұқсан келмейтін әрекеттерге ғана барады.
Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады.
Егер ол адамгершілікпен әрекет етсе балалары да соны жасамақ.
Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті, маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды.
Шығыс даналығы.
5. Отбасындағы әкенің ролі.
Әке отбасындаы ең басты ролді иеленеді.
Еркек-білімнің, даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.
Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.
Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.
Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.
6. Ынтымақтастықта тәрбиелеу.
Баланы ақылға, құлақ қойғыштыққа, тіл алғыштыққа қалай жеткізуге болады?
Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Ол тинтуитивті түрде бәрін сезінеді.
Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды
Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастыққа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Күнделікті өмірде ата-аналар балаларға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.
Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

ID: 2292 | Просмотров: 7533