АӘД пәнінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » АӘД пәнінен ашық сабақтар

Жас шекарашы ант қабылдау іс шарасы
[ Сайттан жүктеу (52.5Kb) ] 20.11.2015, 16:55

Материалдың жеке номері 2141

Жас шекарашы ант қабылдау іс шарасы

загрузка...
««Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб
мүшелерінің ант қабылдау рәсімі»
мерекесінің бағдарламасы


Мерекелік шараның мақсаты мен міндеті: - Оқушылардың АӘД пәніне деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген махаббатын ояту, еліміздің патриоты болуға үндеу.

Көрнекі құралдар: ҚР-ның туы, әскери киім үлгісі, 21 автомат макеттері, Қ.Р-ның ән ұраны жазылған үнтаспа, туды қорғаушыларға екі автамат, фотоаппарат және бейнекамералар.

Мерекелік шараның ашылу салтанаты.

Взводтарды сапқа тұрғызу. Қ.Р-ның әскери саптық жарғысына сай оқушылар бөлімшелер бойынша лектік сапқа орналасады.

Қ.Р-ның туын кіргізу. «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: «Застава- ТҮЗЕЛ, Қ.Р-ның туының астына ТІКТЕЛ» бұйрығын береді. Осы уақытта саптық шерумен жүруге арналған үнтаспа ойналып Қ.Р-ның туы, «Жас шекарашы» туы кіргізіледі.

Қ.Р-ның әнұраны. Ту орнына тұрып болған кезде Қ.Р-ның әнұраны орындалады.
Әнұран ойналып болған кезде «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: «ЕРКІН ТҰР» деп бұйрық береді. Оқушылар оң немесе сол аяқтарын босатып саптық жарғы тәртібін сақтап тұрады.

««Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімі» ашылуы.

Байандама жасау. «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: «Застава- ТҮЗЕЛ, ТІК ТҰР. ТҮЗУЛІК ОРТАҒА» бұйрығын беріп, артқа бұрылып, қолын шекесіне қойып, саптық адымен жүріп келіп, «Бостандық» шекара заставасының бастығы Б.Абилдаевқа баяндама жасайды.
«Капитан мырза мектеп оқушыларынан құралған «Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб мүшелері әскери ант қабылдауға сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков»

Әскери амандасу. «Бостандық» шекара заставасының бастығы Б.Абилдаев оқушыларға «САЛАМАТСЫЗДАРМА «ЖАС ШЕКАРАШЫ» МЫРЗАЛАР» деп амандасады,
оқушылар «САЛАМАТСЫЗБА КАПИТАН МЫРЗА» деп барлығы бір дауыспен амандасады.

Құттықтау. «Бостандық» шекара заставасының бастығы Б.Абилдаев: Құрметті оқушылар, офицер сержант мырзалар.
««Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімін» ашық деп жариялаймын! Оқушылар қосылып бір дауыспен «УРА , УРА , УРА» деп созыңқы дауыспен үш рет айтады.
Мақтарал аудандық «Жас шекарашы» клубын құрушы аға лейтенант Ж.Пирманов оқушыларға Құрметті оқушылар, сіздерді ««Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб мүшелерінің ант қабылдау рәсімі» мерекесінің ашылуымен құттықтаймын! Сіздерге еліміздің патриоты болуға, оөуда озат болып өсулеріңді тілеймін. Дендерің сау болсын.

Әскери ант қабылдау

«Бостандық» шекара заставасының бастығы Б.Абилдаев: Лейтенант Қ.Сейтбеков «Жас шекарашылар» ант қабылдау іс шарасына кіріс!
«Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: Хоп болады!
«Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: Застава түзел, тік тұр. Взвод командирлері ант қабылдауға кіріс және нәтижесін баянда. Еркін тұр!
Кіші сержант: Взвод түзел, тік тұр. Оқып үйренуші: __________________
Оқып үйренуші: Мен!
Кіші сержант: Ант қабылдауға маған кел!
Оқып үйренуші: Хоп болады. Саптан шығады, командир алдына келеді. Кіші сержант мырза оқып – үйренуші ______________ ант қабылдауға келіп тұр!
Кіші сержант: Ант мәтіні жазылған кітапты ұсынады.
Оқып үйренуші: Антты айтады. Кітапты әскери жетекшіге тапсырады.
Кіші сержант: «Құттықтаймын» дейді, «жас шекарашы» куәлігін береді. Оқып үйренуші: Сапқа бұрылып, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп айтады.
Кіші сержант: Сапқа тұр пәрменін береді.
Оқып үйренуші: Хоп болады, сапқа тұрады.
Осылай соңғы оқушы ант қабылдағанша қайталанады.

Әскери ант қабылдағаны туралы баяндама

Кіші сержант: Взвод түзел тік тұр. Назар ортаға! Оң қолын шекесіне қойып, «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбековке саптық адыммен келеді. Баяндама жасайды. Лейтанант мырза 13 оқып – үйренушіден құралған бірінші_ взвод ант қабылдады. Баяндап тұрған взвод командирі _Кіші сержант М.Сериков_
«Бстандық» шекарасы застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков: Еркін тұр! Осылай барлық взвод командирлері баяндап болған соң, командирлерді сапқа тұрғызады. Застава түзел, тік тұр! Назар ортаға! Оң қолын шекесіне қойып капитан Б.Абилдаев алдына келеді. Капитан мырза «Жас шекарашы» әскери патриоттық клуб мүшелері әскери ант қабылдады. Баяндап тұрған «Бостандық» шекара застава бастығының ТӘҚЖ орынбасары лейтенант Қ.Сейтбеков»

Құттықтаулар

«Бостандық» шекара заставасының бастығы Б.Абилдаев: «Жас шекарашы» әскери патриоттық клубының толыққанды мүшесі болуларыңмен құттықтаймын.
Оқушылар: қосылып бір дауыспен «УРА , УРА , УРА» деп созыңқы дауыспен үш рет айтады.
Мақтарал аудандық «Жас шекарашы» клубын құрушы аға лейтенант Ж.Пирманов: Бүгінгі қабылдаған анттарыңа адал болып, болашақта елдің қорғаны болыңдар. Еліміздің патриоты болыңдар.

Мерекелік шараның жабылуы

Қ.Р-ның туын шығару:
Әскери жетекші: «Застава-ТҮЗЕЛ, ТІКТЕЛ, Қ.Р-ның ТУЫ, және «Жас шекарашы» әскери патриоттық клубының туы астына тіктел. ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН» деп бұйрық береді. Қ.Р-ның туы, және «Жас шекарашы» туы шығарылады.

«Бостандық» шекара застава Алтынсарин атындағы
бастығының ТӘҚЖ орынбасары жалпы орта мектебінің
________ лейтенант Қ.Сейтбеков АӘД жетекшісі
________кіші сержант М.Сериков
loading...

Автор: Сериков Мұхит Алмаханбетұлы

ОҚО. Мақтарал ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: АӘД пәнінен ашық сабақтар | Қосты: Сериков_Мұхит | Ілмек сөздер: шарасы, іс, қабылдау, Жас, шекарашы, АНТ
Көрсетілім: 1058 | Жүктеулер: 553 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0