Ағылшын тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Ағылшын тілінен ашық сабақтар

Желшелек. The Past Indefinite (Simple) Tense / Жалпы өткен шақ
28.02.2015, 14:30

Материалдың жеке номері 705

Желшелек. The Past Indefinite (Simple) Tense / Жалпы өткен шақ

загрузка...
ТАҚЫРЫПТЫҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Тақырыбы: Желшелек. The Past Indefinite (Simple) Tense / Жалпы өткен шақ.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Меңгеру деңгейі: танысу
Сабақтың типі/түрі:жаңа оқу мәліметтерін оқу сабағы / мультимедиа құралдарын қолдану арқылы дәріс өту.
Сабақ мақсатының мотивациясы:
Желшелек. Желшелек ауруының белгілері. Жалпы өткен шақ. Жалпы өткен шақ.тың жіктелуі, сөз топтары.
Мақсаттары:
1. Білімділік:
• лексикалық тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
• Chickenpox тақырыбына байланысты талдау жасай білу және сұрақтар қойып,оған
жауап беру.
• грамматикалық тақырыппен таныстыру The Present Indefinite (Simple) Tense.
2. Дамытушылық:
• Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой- өрістерін, дүние танымын кеңейту;
• мәтінді түсіну, аудару, оқу дағдыларын жетілдіру;
• шығармашылық қабілетін дамыту;
• сұрақ жауап, ауызекі сөйлеуі арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
3. Тәрбиелік:
• жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс:
• Қазақ тілі
• Орыс тілі
• Анатомия
Техникалық оқу құралы:
• Компьютерлік техника
• Мультимедиялық құрылым
Ақпараттық қамтамасыздандыру.
Негізгі әдебиет:
• Ю. В. Голицынский «Грамматические упражнения по английскому языку»
• Л.Г. Козырева Т.В. Шадская «Английский язык для медицинских
колледжей и училищ »
Қосымша әдебиеттер:
• Raymond Murphy «Essential Grammar in Use».
• Oxford English-Russian dictionary
Интернет ресурстары:
• http://prezentacii.com
• http://englgram.dreamteam43.ru
• http://english-4life.com
• http://www.englishspeak.com
Әдістемелік қамтамасыз ету:
• дәріс конспектісі;
• дәрістің мультимедиалық презентациясы;
• терминдік сөздік (глоссарий);
• сұрақтар, карточкалар;
• оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар.

Үй тапсырмасы:
• дәріс конспектісін толық меңгеру;
• Л.Г. Козырева, Т.В. Шадская Жаңа сөздерді жаттау.
• Мәтінді аудару. Ех.1-2 р.62-63

Дәрістік сабақтың хронологиялық картасы

Сабақ кезеңдері
Уақыты (мин.) Қызметін талдау Қызмет мақсаты
Оқытушының Оқушының
1.Ұйымдастыру кезеңі
Аудиторияның тазалығын, оқушылардың сыртқы түр-әлпетін тексеру, жоқ балаларды белгілеу. Сабақ барысына дайындық Оқушыларды ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
2. Танымдық қызметтің өзектілігі
5 минут. Сабақ тақырыбын жариялау, сабақ мақсатын, негізгі тапсырмалар мен оларды шешу жолдарын жариялау. Сабақы жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Тыңдау. Дәптерге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын жазу. Алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуын мотивациялау.
3. Өткен білім деңгейін анықтау
Тапсырма №1
10минут сұрақтарды қою, өңдеу, жауаптарын толықтыру. сұрақтарды оқу, орнынан жауап беру. Өткен білім деңгейін әділ анықтау, қатемен жұмыс.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 40 минут. Дәріс мәліметтерін тарату. Жаңа тақырыпты мазмұндау /презентация/ Тыңдау. Дәрістің қысқаша мазмұнын дәптерге жазу. Жаңа тақырыпты толық меңгеруді қамтамасыз ету.
5. Жаңа тақырыпты бекіту, алған білімдерін жүйелендіру.
Тапсырма № 2 15 минут Сұрақтарды қою, оқушылардың қызметін белсендіру, қатемен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс.
Тапсырма №3
10 минут Тапсырманы орындау тәртібімен таныстыру. жаттығу жұмысын орындап,оқытушыға тексерту. Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс.
6. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия.
8 минут Топтың және әр оқушының жұмысы толық бағаланады. Белсенді оқушыларды атап өту. Өз жұмыстарын талдайды. Сабақ мақсатының орындалуын бағалау.
7. Үй тапсырмасы.
2 минут. Оқушыларға аудиториядан тыс және өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жарияланады. Тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулықтар айтылады.

ҚОСЫМША 1
БАСТАПҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУ
ОҚУДЫҢ НАҚТЫ МАҚСАТТАРЫНА ЖЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
ТАПСЫРМА №1
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
Фронтальды сұрау (әңгімелесу арқылы).
Жаттығу 2. Желшешек ауруының белгілерін ағылшын тілінде атаңыз.

ҚОСЫМША №2

ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ, БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУ

ТАПСЫРМА № 2
Тапсырманы орындау уақыты – 15 минут.
Берілген сөз тіркестердің ағылшыншасын айтыңыз:
Бастың аздап ауыруы, аурудың орташа деңгейі, таза тері, теріге бөртпелердің пайда болуы, қышуды жеңілдету, тырналауы мүмкін.
Exercise 1
Сөздерге - (e)d жалғауын жалғап, етістіктің өткен шақ түрін кестеге дұрыс орналастырыңыз.
Cry, stay, stop, hate, taste, prefer, fry, dance, like, type, plan, annoy, destroy, pray, phone, beg, try, tip, play, study, travel, enjoy, empty, tidy
-e ⇒ + d Қос дауыссыз +ed Дауыссыз +y ⇒ ied дауысты+y ⇒ +ed
hated stopped cried staye
Exercise 2
Жақша ішіндегі сөздерді дұрыс қолданып, етістіктің өткен шағын жасаңыз.
I (to play) football with friends yesterday. I played football with friends yesterday.
She (to have) a high temperature last night. …….
My parents (not to go) to the party the day before yesterday. …….
Zhadira (to live) in Astana last year. …………
We (to see) The Titanic at the cinema in 1996. ….

ҚОСЫМША №3

ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ

ТАПСЫРМА № 3
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
Past Simple-де дұрыс етістіктердің (regular verbs) жалғауларының дұрыс дыбысталуын анықтаңыз.
Asked, rained, waited, cooked, shaved, walked, smiled, watched, erased, stayed, worked, arrived, visited, moved, started, washed, finished, rubbed, helped needed, laughed.

Exercise 3
Етістіктің өткен шақтағы болымсыз және сұраулы сөйлемдерін құраңыз.
I worked as a teacher 5 years ago. I did not work as a teacher 5 years ago. Did I work as a teacher 5 years ago?
He came home at 9 o’clock. …. ….
We saw an interesting film last night. … …
My friend phoned me in the morning. … …
They opened their first shop 2 years ago. … …
He sold his car a week ago. … …
Дәрістің тақырыбы: Chickenpox/ Желшешек. The Past Indefinite (Simple) Tense/
жалпы өткен шақ
Дәріс жоспары
1. Notes.
2. Chickenpox
3. The Past Indefinite (Simple) Tense/жалпы өткен шақ

CHICKENPOX
The illness begins with fever, slight headache and listless¬ness. With in a day or two spots appear on the chest or back, which soon look like small blisters, Such new "crops" keep appearing for 2-3 days and older ones get scabbed over. There is a lot of itching and the child may scratch some of the blisters. Chickenpox is usually a mild disease and there is no particular treatment, except to keep the skin clean and use some smoothening lotion for itching. The itching can also be relieved by bathing the child with a small quantity of soda
2-3 times a day. Antihistamine syrup to relieve itching should only be given under medical advice.
As in the case of measles, there is no point keeping the other children in the family away, as they have been exposed to the disease already and it is just as well for them to get it over with.

Мәтінге байланысты жаңа сөздер:
slight [slait] әлсіз
listlessness [hsthsnas] әлжуаз
blisters ['bhstss] сулы бөртпелер пузырьки
to scratch [skreetj"] тырналау

The Past Indefinite Tense (Жалпы өткен шақ)
Past Indefinite Tense (Жалпьі өткен шақ) - сөйлеу кезінен бұрын болып өткен іс-əрекет, қимылды білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.Бұл шақ қазақ тіліндегі жедел, бұрынғы, дағдылы өткен шақтарға сəйкес келеді. Мысалы:
We had an English lesson on Monday. - Дүйсенбі күні бізде ағылшын тілі сабағы болды.
They were not here. - Олар мұнда болған жоқ. Не did not work in an office last year. - Ол өткен жылы офисте жұмыс істеген жоқ.
1 Past Indefinite/Simple шағы етістік негізіне -d/-ed (жекеше жəне көпше
түрінің барлық жақтарына) жалғаулары қосылу арқылы жасалады, бұлар
дұрыс етістіктер деп аталады, мысалы: to work - worked.
Бұл жалғаудың айтылуы мынадай:
ə) қатаң дауыссыздан кейін -[t]: worked, dressed.
б) t немесе d əріпінен кейін -[id]: wanted, decided.
2 Past Simple/Indefinite шағында кейбір етістіктердің сөздегі дауыстылардың алмасуы, сөздің түбегейлі өзгеруі арқылы, т.б. жолдармен жасалады. Бұлар бұрыс етістіктер деп аталады, ол үшін бұрыс етістіктер кестесін (II тұлға) пайдаланып, оларды жаттап алған жөн:
to go – went, to write – wrote, to come – came, to say – said.
Бұрыс етістіктері бар Past Indefinite шағындағы __________сөйлемдердің сұраулы жəне болымсыз түрлері to do көмекші етістігінің өткен шақ түрі did етістігі арқылы жалпы ережеге сəйкес құрылады:
Did you go there? - Сен онда бардың ба? Yes, I did. - Иə, бардым.
I went there at two o'clock. - Мен сағат екіде бардым. No, I did not (didn't). - Жоқ, бармадым.
3 Past Indefinite шағындағы: а) сұраулы сөйлем (жекеше жэне көпше түрінің барлық жақтары үшін) to do көмекші етістігі арқылы жасалады. Бұл сөйлемдер to do көмекші етістігінің өткен шақтағы did жəне негізгі етістіктің тұйық рай түрлері (to демеулігінсіз) арқылы беріледі, мысалы:
Did I work? Did he work? Did I speak? Did he speak? ə) did
+ бастауыш + тұйық етістік тұлғасы арқылы беріледі: Did
you go to school in 2001 ? - Yes, I did. No, I didn't.
4 Past Indefinite шағында to be (болу) етістігінің осы шақтағы басқа етістіктерге ұқсамайтын өзгеше екі түрі бар, жекеше түрі: I (you, he, she,
It) was; көпше түрі: we (you, they) were Мысалы:
I was at home at 5 o'clock. - Мен үйде сағат 5-те болдым.
They were busy. - Олар бос болмады.
5 Past Indefinite шағында to have (бар, болу) етістігінің барлық жағы
үшін had [нж d] түріндегі етістік қолданылады, мысалы:
I had much free time yesterday.
2. Кеше менің бос уақытым көп болды.
6 Сұраулы жəне болымсыз сөйлемде to be жəне to have етістігі көмекші етістікті талап етпейді:
I was a doctor. Was I a doctor?
I was not a teacher. Who was a teacher?
7 Past Tense шағында бастауышқа сұрақ қойылған кезде көмекшіетістік қолданылмайды. Қысқа жауап жіктеу есімдігінен, көмекші етістік
DID жəне TO BE, TO HAVE етістігінен тұрады.Who was born in 1876? - Jack London was.
Who had a lecture yesterday? - We had.
8 Болымсыз түрі to do көмекші етістігінің өткен шақ формасы did жəне not демеулігі арқылы жасалады: did not + тұйық етістік.Болымсыз сөйлемде бастауыштан кейін to do көмекші етістігі, одан кейін not демеулігі келеді. мысалы:
I did not work. Не did not work, I did not speak. He did not speak.
9 Сұраулы жəне болымсыз түрлері белгілі ереже бойынша жасалады:
Did you have any time to go to the cinema yesterday? - Сенің кеше киноға баруға уақытың болды ма? Yes, I had. - Иə. No, I had not any time. = No, I had no time. - Жоқ, уақытым болмады.Сұраулы-болымсыз сөйлемде not демеулігі бастауыштан кейін келеді. Көбінесе ауызекі тілде болымсыз жəне сұраулы-болымсыз сөйлемде did not етістігінің қысқарған формасы didn't [didnt] қолданылады:
I didn’t work. Didn't I work? He didn’t work. Didn’t he work?
10 Past Indefinite Tense сұраулы сөйлемдеріне берілетін қысқа жауаптар:
Did you finish your book? - Yes, I did. No, 1 didn't (did not).
I didn't (did not) finish my work. - Мен жұмысымды аяқтамадым. Past Indefinite Tense болымсыз жəне сұраулы-болымсыз сөйлемдеріне берілетін қысқартулар көбінесе ауызекі тілде кездеседі.
I didn't work. Не didn't work. Didn't I work? Didn’t he work?
11 Past Indefinite мезгілді, уақытты жалпылама көрсеткендіктен қимыл-əрекеттің мезгілі уақыты сөйлемде лексикалық жолмен - мезгіл үстеу арқылы беріледі. Олар: yesterday (кеше), last week (month, year) (өткен аптада (айда, жылда)), five years ago (бес жыл бұрын), on Monday(Дүйсенбіде) in 1917(1917 жылы), during the war (соғыс кезінде), т.б.
She came from Asiana on Monday.Ол Астанадан дүйсенбі күні келді.
loading...

Автор: Жоламанова Марал Серикбосыновна

ШҚО Семей қаласы "Авиценна" медициналық колледжі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Қосты: Марал_Жоламанова | Ілмек сөздер: Indefinite, The, Past
Көрсетілім: 1649 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0