Сайт учителя начальных классов
.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№4 орта жалпы білім беретін мектебінің
ІІ санатты, ІІІ деңгейлік курсы бойынша сертификатталған
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жаскайратова Асем Утегеновна

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы
Wild animals
Мақсаты

Talking about the wild animals,to get new information about life.

Күтілетін нәтижелер

А. Ағылшын тілінде жабайы аңдар туралы түсінгенін айта алады.
В.Present Indefinit-ті орынды пайдалана алады.
С. Аңдардың неліктен ұйықтайтыны туралы болжам жасайды.
Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, бейнеролик, оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, стикерлер.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасын құру, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, өзін- өзі реттеу, бірлескен оқу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

5 мин

«Аквариум» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, «Мозайка» әдісімен оқушыларды топқа бөлу, жағымды орта қалыптастыру. Оқушылар амандасады,ішкі шеңбер мен сыртқы шеңберге тұру арқылы бір-біріне сұрақтар қойып, өткен сабақты пысықтайды.Әр түрлі қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
.
Тұсаукесер

3 мин

АКТ мүмкіндігін қолдану арқылы
«Wild animals» туралы бейнеролик көруді ұйымдастыру.
Ойлануға түрткі сұрақ:
- Экраннан не көрдіңіз, жабайы аңдарға қаншалықты қатысы бар?
Суреттен көргендеріңе сипаттама беріңдер?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу.
Табыс критерийлерімен таныстыру:
Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашамыз.
Сабақтың табыс критерийлері бірігіп құрылады, оқушылар танысады.
1.Бейнеролик мазмұнын түсінді.
2.Жабайы аңдарды топтастырды.
3.Аңдардың неліктен ұйықтайтыны туралы болжам жасады

Негізгі бөлім

20 мин «Карточкалар иерархиясы» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгерту.


«Топтастыру» әдісі арқылы аңдар туралы мәлімет беру.

« Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы аңдар неліктен қыста ұйықтайтыны туралы болжам жасайды. Оқушыларға бірнеше карточка беріледі, топпен оқып, өзара талқылап, басымдықтарына қарай орналастырады.Сұрақты талқылауды бастар алдында бір-бірінің рейтингілерін салыстырады. Үштікте бақылаушылар бағалайды.

Әр топқа аңдар аттары бөлініп беріледі,орындап, бір-бірін тексереді. « Екі жұлдыз бір ұсыныс » арқылы бағалайды.

Аңдар неліктен қыста ұйықтайтыны туралы алдымен жұпта кейін топта талқылайды.

Қорытынды

12 мин

«Он сұрақ» әдісі арқылы сабақты аяқтау.


Тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін көру үшін «Ынталандыру» әдісімен бағалату.

Рефлексия парағы:
« 3-2-1».

Үйге тапсырма: Жабайы аңдар туралы мәлімет
Орындыққа отырған оқушының маңдайына стикер жапсырып сөз жазады да, сұрақ қою арқылы сөзді табады.

Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға апарып іледі.

Оқушыларға үй тапсырмасын мұқият жазып алады, сұрақтары болса мұғалімге қояды.

Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте

Сыныбы Күні
Сабақтың тақырыбы
Күшейтпелі шырай
Мақсаты

Күшейтпелі шырайдың ережесін және жасалу жолын меңгерту.

Күтілетін нәтижелер

А. Күшейтпелі шырайдың ережесін,
жасалу жолын білетін болады.
В. Мәтіннен таба алады, сөйлемде қолдана алады. Салыстырмалы шырайдан айырмашылығын айта алады.
С. Күшейтпелі шырайдың қолданысын зерттей алады.

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, бейнеролик, оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, стикерлер.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасын құру, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету, түсіну дәрежесін бағалау, өзін-өзі реттеу, бірлескен оқу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 мин

«Шаңырақ» әдісімен топқа бөлу.
«Стикердегі диалог» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар амандасады, стикердегі сұрақ арқылы өткен сабақты пысықтайды. Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнайды. Оқушылар төмендегідей топтарға бөлінеді.
І топ: Ең биік таулар
ІІ топ: Ең терең мұхиттар
ІІІ топ: Ең тәтті тағамдар
Топтасып отырады.
Тұсаукесер

5 мин

«Миға шабуыл» АКТ:
-Бейнероликтен көргендеріңе сипаттама беріңдер?
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу.
Табыс критерийлерімен таныстыру:
1. Күшейтпелі шырай туралы түсінік алдым.
2. Күшейтпелі шырайдың қалай жасалатындығын меңгердім.
3. Мәтіннен шырайды таба аламын.
4. Күшейтпелі шырайды қолданып эссе жаза аламын. Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашамыз.
Сабаққа табыс критерийлері бірігіп құрылады, оқушылар танысады.
Негізгі бөлім

25 мин «Айналмалы бекет» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Осы әдісті жалғастыра отырып, тапсырмалар орындау.70,71,72- жаттығулар.
«Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалатуды ұйымдастыру.

Оқушылар басқа топ мүшелерінің постерлерін оқиды, айтылмаған жерін толықтырады, жақсы толық жазылған жұмысты атайды. Тақтаға шығып қорғайды. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.

Жаттығу орындау арқылы өздерін тексереді, өзара бағалайды, тақтамен салыстырады.

Қорытынды

12 мин
АКТ мүмкіндігімен жоғары деңгейлі сұрақ қою. (бейнеролик көрсету)
Салыстырмал
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісімен сабақты аяқтау.
«5,5,1» Рефлексия парағын тарату.
Үйге тапсырма: Зерттеушілік тапсырма:
1 күнде отбасы мүшелерінің күшейтпелі шырайды қаншалықты қолданатындығын зерттеу. (айтқан сөздерін видеоға түсіруге болады)
72 – жаттығу. Сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып жазыңдар. Жоғары деңгейлі сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.



Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша негізгі сөздерді атап шығады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, үй тапсырмасына байланысты сұрақтары болса қояды.
Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақ бойынша өзгертулер



Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте

Сыныбы Күні
Сабақтың тақырыбы
Сын есімнің емлесі
Мақсаты

Сын есімдердің емлесін меңгерту.
Күтілетін нәтижелер

А. Сын есімдердің емлесін білетін болады.
В. Күшейткіш буын мен күшейткіш үстеу арқылы және қосарланған, тіркескен сын есімдердің емлесін ажырата алады.
С. Сын есімнің емлесін ескере отырып шығарма жаза алады.
Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, бейнеролик, оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, стикерлер.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Ынтымақтастық атмосферасын құру, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету, түсіну дәрежесін бағалау, өзін-өзі реттеу, бірлескен оқу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 мин

«Ойлан, тап» әдісімен топқа бөлу.
«Стикердегі диалог» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар амандасады, сұрақ – жауап арқылы өткен сабақты пысықтайды.Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнайды. Оқушылар топтасып отырады.
Тұсаукесер

5 мин

«Сәйкестік» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын оқушылардың өздеріне құрғызу.
Табыс критерийлерімен таныстыру:
1. Сын есімнің емлесі туралы түсінік алдым.
2. Сын есімнің емлесін меңгердім.
3. Сын есімдерді емлеге сай жаза аламын. Оқушылар берілген сын есімдерді өз білімдері бойынша жазып шығады, дұрыс жауабымен сәйкестігін салыстырады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашамыз.
Сабаққа табыс критерийлері бірігіп құрылады, оқушылар танысады.
Негізгі бөлім

25 мин «Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.

«2 жұлдыз, 1 ұсыныс» бағалау

Осы әдісті жалғастыра отырып, тапсырмалар орындау.70,71,72- жаттығулар.
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалатуды ұйымдастыру.

Оқушылар басқа топ мүшелерінің постерлерін оқиды, айтылмаған жерін толықтырады, жақсы толық жазылған жұмысты атайды. Тақтаға шығып қорғайды. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.

Жаттығу орындау арқылы өздерін тексереді, өзара бағалайды, тақтамен салыстырады.

Қорытынды

12 мин
Жоғары дәрежелі сұрақ қою:
Тыныс
«Соңғы бес минут» әдісімен сабақты аяқтау.
Ұялы телефонның мүмкіндігімен «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбында көршісіне хат жазу.
Үйге тапсырма:

Жоғары деңгейлі сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.



Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша негізгі сөздерді атап шығады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайында көршісіне хат жазады.

Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақ бойынша өзгертулер

ID: 1623 | Просмотров: 2942