Ағылшын тілінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Ағылшын тілінен ашық сабақтар

«Сиқырлы қорапша»«Magic box”
07.11.2015, 19:19

Материалдың жеке номері 2038

«Сиқырлы қорапша»«Magic box”

загрузка...
Вариативтік компонент бойынша ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақбота» ортаңғы тобы.
II-ші санатты педагог: Муханова Эльвира Зайнуллиевна

Білім беру саласы:Қатынас. Шығармашылық.Таным
Тақырыбы:«Сиқырлы қорапша»«Magic box”
Бөлімі: Ағылшын пәні
Мақсаты:а) Ақпараттық- құзыреттілігі: Балаларға күнделікті қолданып жүрген ойыншықтары туралы мағлұмат беру, олармен жеке-жеке таныстыру, олардың атауын үйретіп,түстеріне тоқталу
б) Коммуникативтік- құзыреттілік:Балалардың өздерін қоршаған ойыншықтары туралы түсініктерін дамыту. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқыза отырып, сөздік қорларын молайту,дыбыстық қабылдауды дамыту.
в) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Тапсырмаларды дербес орындауға дағдыландыру.Ойыншықтарға деген сүйіспеншіліктерін нығайту, оларды сындырмауға, ұқыпты ұстауға, жинақтылыққа тәрбиелеу. Билингвалдық компоненті: toys-ойыншықтар –игрушки
Сиқырлы қорапша-Magic box-волшебная каробка
Көрнекіліктері: Суреттер, тақпақ, көрнекіліктер, кейіпкерлер(мысық,аю, қуыршақ, қоян)ойыншықтар ,шар ,қорапша, өлең ,қимылды жаттығу,үнтаспа,т.б
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ–жауап, түсіндіру, жаттату , жұмбақ шешу,сергіту,мадақтау, қорытындылау
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Өтілу барысы: Амандасу
Hello children ,I am glad to see you sit, down please!
Жыл мезгіліне тоқталу. What season is it now ?

Иә, қазір қыс мезгілі, далада суық,айнала аппақ қар.Қарды ағылшынша қалай атаймыз? Жарайсыңдар!
Қыста сендер қандай ойындар ойнайсыңдар? Балалар сендер үйде ,балабақшада не істейсіңдер,иә ойнайсыңдар,немен ойнайсыңдар?
Ойыншықтар ағылшынша қалай?
Ойыншықтарды сындырмай күтіп ұстау керектігі түсіндіріледі.
Тосын сәт. Балалар, мен балабақшаға келе жатқанда үлкен жүк машинасын көрдім, оның жүк салғышында көптеген қорапша, сыйлықтар бар.Солардың ішінен 1 қорапша түсіп қалды. Ол кімдікі екен білмейсіңдер ме? Сендердің қорапшаларың емес пе? Мен оны өзіммен бірге сендерге алып келдім. Ол жәй қорапша емес, сиқырлы қорапша секілді.Қораптың ішінде не бар екен? қане, қорапты сиқырлы сөз арқылы ашып ,не бар екенін көрейік, «One ,two ,three» қорап ашылады. Қораптың іші ойыншықтарға толы екен. Қане, ойыншықтарды атайықшы, доп, машина, аю, қоян, мысық, ит,қуыршақ т.б ендеше олардың ағылшынша атауларын атайық.Егерде сиқырлы таяқпен сөз айтсақ олар тіріледі. Сиқырлы сөз арқылы тірілтеді.Сиқырлы дыбыс ойналады. «One ,two ,three» Ойыншықтар ағылшынша амандасады. –Hello ,аманадасады
Сендерді көргенімізге қуаныштымыз. Қараңдаршы балалар олар сөйлейді, қозғалады. Бұл ойыншықтар бізбен ойын ойнағысы келеді. Сендер олармен ойнағыларың келе ме? Ендеше ойнамас бұрын барлығымыз орнымызға жайғасып отырып алайық. Орындық ағылшынша қалай?
Сендердің құлақтарың қайсы? Көздерің ше?
Балалар қай ойыншықпен ойнайтынымызды шешіп алайық?
Мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін табыңдар
Жуынғанды ұнатады
Сумен емес тілімен
Сүт ішкенді ұнатады
Қарны тойып ойнайды.
Ол қандай ойыншық оны көзбен көрсетіңдер! Таяқпен тірілту сиқырлы сөз арқылы ,қорапшадан мысық тіріліп шығады.
Мысықта балалармен амандасады-Hello
Ол ойыншық неден жасалады?
Мысық: Балалар мен сендермен дұрыс па, бұрыс па? деген ойын ойнағым келіп тұр.
Педагог:Ендеше мысықпен ойын ойнайық.

«Мен ұшқанды ұнатам» дұрыс па балалар? Ұшудың ағылшыншасы-
“Мен тышқан аулағанды ұнатам»- дұрыс - тышқан ағылшынша қалай?-Mouse
Мысық қалай дыбыстайды?
Ол бүктетіліп жатқанды ұнатады,сендер солай жасай аласыңдар ма? Қане қимылын жасайық. Кілемге жатайық ,кілем ағылшынша қалай?
Ендеше қимылды жаттығуымызды орындайық «I like to play»
Жақсы балалар, келесі қай ойыншық сендермен ойнағысы келіп тұрғанын шешіп алайық
Ол өте әдемі, сұлу, көйлегі бар,шашы өрілген?Көйлегінің түсі қандай?
Hello,қуыршақ балалармен амандасады, мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Қуыршақ- тірілту-doll ол неден жасалады ол туралы қандай тақпақ білесіңдер? «My pretty doll»
Ол сендермен би билегісі келіп тұр.Ол өзінің биін балаларға билетеді.
«Clap your hands” өлеңін қимылмен орындайды

Қуыршақ: Ой,балалар, сендер қандай өнерлісіңдер, рахмет, сендерге, менің көңілімді көтердіңдер.
Келесі ойыншықты тірілтейік
Ұзын құлақты
Секіреді талмайды
Ұнатады сәбізді –қоян- тірілту-rabbit ,
Қоян амандасады-Hello
ол неден жасалады?Олардың барлығы балалар сендер үшін жасалады
Ол сендерге көп суреттер алып келіпті.
Қоян:Мен сендерге көп суреттер алып келдім, маған ағылшынша атауларын айтып беріңдерші?
Зат атауларын атау
Қоян: Рахмет, сендерге балалар ,мен білмей жүрген заттардың атауларын ағылшынша сендерден үйреніп алдым.
Келесі: Ол қыс бойы ұйықтайды
Көктемде оянады,қорбаңдайды, бал жиді
Аю амандасады-Hello
Аюдың тапсырмасы
Сендер машинаға мінгенді ұнатасыңдар ма? Менде машинаға мінгенді ұнатамын.Ендеше, ағылшынша «I am driving in my car”әнін орындайық.
Аю: Балалар, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңдар, рахмет сендерге, балалар!
Педагог: Ал доп,шар неден жасалады? –
Машина неден жасалады?
Кім ойыншықтар туралы тақпақ біледі, қане ойыншықтарға тақпағымызды айтайық.

My cat is black,
My cat is fat,
I like my cat
It is my pat.

Teddy bear,teddy bear.
Oh, where are you?Оh where?
I love you, teddy bear!
Oh where are you? Оh where?
Шаттық шеңберін жасайды. – Балалар амандасады
Good day ,good day
Good day to you
Good day to sun
God day to new
Қыс мезгілі- it is Winter
-Snow.
Шана тебеміз, сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, және аққала жасаймыз.
Ойнаймыз,ойыншықтармен

toys-ойыншықтар -игрушки

Педагогтың айтқанын тыңдайды, таңданады,жоқ деп жауап береді

Сиқырлы сөздерін айтады.
Ойыншықтарды атайды, олардың ағылшынша атауларын атайды

«One ,two ,three»

-Hello ,аманадасады

Иә,ойнағымыз келеді

chair

Құлақтарын, көздерін көрсетеді
Тыңдайды.
Жұмбақтың шешуін табады



Мысық- Cat

Көздерімен көрсетеді

Мысықпен амандасады-Hello

Жүннен,жұмсақ ойыншық деп аталады

Ойын ойнауға дайындалып, жарты шеңбер жасайды

-Жоқ-no
Fly
Yes-иә
-Mouse

Мияу-дыбыстайды,қайталайды

Қимылын жасайды
Carpet
-Ия.
Қимылды жаттығуды барлығы орындайды, тақпақты жатқа айтады

Қуыршақ-doll ,көйлегінің түсі қызыл-red амандасады-Hello
Бізде сені көргенімізге қуаныштымыз.
Қуыршақ пластмассадан жасалады
4 шумақ қуыршақ туралы тақпақ айтады

Биін билейді

Барлығы бірге әнін айтып, қимылмен орындайды

қоян- -rabbit.Қоянмен амандасады- Hello

жүннен, матадан жасалады.Ол жұмсақ ойыншық деп аталады.Зат атауларын 3 тілде атайды.
Суреттермен жұмыс жүргізеді, сұрақтарға жауап береді.

Аю- bear
Аюмен амандасады-Hello


Иә

Балалар барлық ойыншықтармен бірге ағылшынша өлеңді айтып, қимылымен орындайды,жатқа айтады

резинадан жасалады,оларды ағылшынша атайды.
пластмасадан жасалады
It is a Dall
It is a Ball
It is a Bear
It is a chair
My pretty doll
Is very small
I love my pretty
Little doll

I have got a hare
I have got a bear
My toys are here
My toys are there

Рефлексивті коррекциялаушы Сендерге ойыншықтармен ойнаған ұнады ма? Оларға да сендермен ойнаған ұнады. Бірақ балалар олардың қайта ұйықтайтын уақыттары болды.Ойыншықтар, қоштасады, Goоd bye-Өзіміздің сиқырлы сөзіміз арқылы қорапшаға отырғызайық. Қоштасады.
Осы кезде бір қыз жылап топқа кіреді. Ол жаңа үйге көшіп бара жатқанда өзінің бір қорап ойыншығын жоғалтып алғанын айтады.
Педагог: сұлу қыз сен мұңайма сенің ойыншығың біздің балабақшаның қасына түсіп қалды, міне сенің ойыншықтарың!
Қыз: Ой балалар, сендерге көп рахмет,қыз қуанып балаларға ризашылығын білдіріп, өзінің тәттілерін ұсынады.
Балалармен қоштасып үйіне кетеді.
-Балалар барлығы өте қызықты болды. Міне біз ойнаған ойыншықтардың кімдікі екенін білдік. Оны өз иесіне қайтардық.
Ендеше келген қонақтарымызбен қоштасайық!
Very good.Now it`s time to say good bye!
-Иә,өте ұнады
Амандасады

Ойыншықтармен қоштасады
Goоd bye-саубалыңдар!
«One ,two ,three»

Педагогпен,қонақтармен қоштасады
Goоd bye,teacher!
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: Балалар күнделікті қолданып жүрген ойыншықтары туралы біледі, олармен жеке-жеке танысады , сонымен қатар ағылшынша атауларын айтып үйренеді, түстеріне тоқталады;Ойыншықтардың неден жасалатынын біледі; Баланың меңгеруі: Ойыншықтар туралы тақпақтар айта отырып, сөздік қорлары молаяды, тілге деген қызығушылықтары артады; Дыбыстар мен сөздерді дұрыс естіп, айтады,сөздік қорларын жетілдіреді; Баланың жасай алуы: Ойыншықтардың түрлерін ,түстерін ажыратады, биді қимылмен жасап, өлеңін айтып үйренеді, топтық жұмыс жасайды.Жұмбақтың шешуін шешеді;Тапсырмаларды дербес орындап үйренеді;
loading...

Автор: Муханова Эльвира Зайнуллиевна

Бөлім: Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1145 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5930
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 26
Қонақтар: 26
Тіркелгендер: 0