Сайт учителя начальных классов
.
Вариативтік компонент бойынша ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақерке» 2-ші кіші тобы. 05.05. 2015ж
II-ші санатты педагог: Муханова Эльвира Зайнуллиевна
Білім беру саласы: «Қатынас. Таным».
Тақырыбы: «Сандар. Numbers»
Бөлімі: Ағылшын пәні
Мақсаты: а) Ақпараттық- құзыреттілігі Сандарға жеке-жеке тоқталып, атауларын жаттату . Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ағылшынша 1 ден 3 ке дейін санатып, тілдерін дамыту.
б) Коммуникативтік- құзыреттілік : Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру. Сандар туралы тақпақтар айтқыза отырып, сөздік қорларын молайтып, балалардың қызығушылықтарын ояту.
в) Проблеманы шешу құзыреттілігі : Ағылшын пәніне деген қызығушылықтырын дамыту. Сонымен қатар достыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу
Билингвалдық компоненті: Сандар- Numbers
one- бір-один two –екі-два three-үш-три
Көрнекіліктері: Суреттер, сайқымазақ кейіпкері, сауысқан, дүкенші кейіпкері , алма ағашы, дүкен макеті,сандар,ойыншықтар , түрлі –түсті көлеміне қарай қорапшалар, түрлі түсті кілттер , ойынға керекті суреттер т.б
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, түсіндіру, қимылды жаттығу, ойын,жаттату ,мадақтау,қорытындылау

Ашық оқу іс-әрекетінің барысы:
Балалармен амандасу.
Балалар бүгін бізде ерекше ашық оқу іс-әрекеті.Бізде көптеген қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтармен амандасып алайық. Good day good day
Good day to you
Good day to sun
Goоd day to new
Жүрегіміздің жылуын ұсынайық Тосын сәт.
Есік қағылып,сайқымазақ көңілсіз кіреді.
Педагог:Сен неге көңісізсің? Сайқымазақ:Мен әрдайым көңілді жүріп,балаларды өз өнеріммен қуантатын едім,оларға өз өнерімді көрсетіп жүретінмін.Көптеген ойышықтармен ойын ойнатушы едім.Сол ойыншықтар салынған қорапшалардың кілттерін бір сауысқан ұшып келіп ұрлап кетті.
Педагог:Балалар сайқымазақ досымызға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Педагог: Ендеше сіз мұңаймаңыз, сізге менің кішкентай достарым кілттерді тауып беруге көмектеседі.Сайқымазақтың көңілін көтеру үшін , балалар «Hello» өлеңін айтып берейік. Sing a song together
Hello, hello it is so nice to say
Hello ,hello and have a nice day
Өлең айтып көңілін көтереді.Ендеше жолға аттанайық
Педагог:Қане жолымыз тез болу үшін қимылды жаттығуымызды орындайық
1- 2 -3 hop, hop, hop
1- 2 -3 stop ,stop, stop
1- 2- 3- 4 I am sitting on the floor
Балалар шеңбермен жүріп айтады,кілттерді іздейді
Жол жүріп алма ағашына келеді, ағаштың басында ілулі тұрған кілтті көреді,

Педагог:Егерде ағаштағы алмаларды ағылшынша атап, санап,түстерін ажыратсақ қана кілтті ала аламыз. Ендеше санайық сары алма нешеу, қызыл алма ше, жасыл алма қанша?How many apples ? count .What colour is it?.Нow many yellow apple? -1 -one-бір-один
Нow many green apples? -2 - two-екі-два
Нow many red apples? -3- three-три-үш
Тапсырманы орындап, кілтті алады.

Жолымыз тез болу үшін қимылды жаттығуымызды айтып жүрейік
Физминутка/сергіту сәті/phisical training
• I like to play
• I like to run
• I like to jump
• It is fun
Дүкенге келеді, дүкендегі дүкеншімен амандасады, Hello
Дүкенші: Hello ,children Сендер бір нәрсе іздеп жүрсіңдер ме? Мына кілтті іздеп жүрмедіңдер ме? Мен дүкенге келе жатып кілтті жолдан таптым, ендеше менің шартым бар сөредегі ойыншықтарды санап, түстерін ажыратып,сөредегі ойыншықтарды санап беріңдер,
Балалар:ағылшынша атайды,түстерін ажыратады,санайды
машина- car
Dall-қуыршақ-кукла
Ball-доп-мяч
Дүкенші: сендер осы ойыншықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар қуыршақ туралы тақпақ айтады
• My pretty dall
• Is very small
• I love my pretty
• Little dall
Дүкеншімен қоштасып, кілтті береді Good bye children.
Педагог: Міне,балалар сендер тапсырмаларды орындап, сайқымазаққа екінші кілтті табуға көмектестіңдер.Әрі жолымызды жалғастырайық
Санамақ айту.
If you happy and you know it Clap your hands- One, two, three.
If you happy and you know it Clap your hands- Four five
Педагог:Сендер жалпы ағылшынша нешеге дейін санай аласыңдар? Count-one, two, three, four...... ten санап келе жатқанда алдарынан ұшып қонған сауысқанды кезіктіреді,
Сауысқан балалармен амандасады Hello,children ,
Педагог:Бұл құс сауысқан деп аталады,ол біздің досымыз сайқымазақты ренжіткен құс, балалар, өзге адамның затын рұқсатсыз сұрамай алуға бола ма?
Жоқ,дұрыс айтасыңдар, ал сауысқан бұны білмеген, ол балалар жылтыр заттарды жинағанды ұнатады, аузындағы қандай кілт?-сары- желтый-yellow
Сары-ол осындай жылтырларға қызығады.Сондықтанда ол басқа кілттерді жылтыр болмағандықтан керек қылмай лақтырып тастаған.
Сауысқан: Сендер білімді сияқтысыңдар, егерде маған ағылшынша тақпақтар айтып берсеңдер мен сендерге кілтті қайтарамын.
Педагог: Ендеше балалар, сауысқанға сандар туралы тақпақтарымызды айтып берейік
Балалардың тақпақтары айтылады
Сауысқан : балалар сендер қандай білімдісіңдер, ақылдысыңдар, сендердің арқаларында мен ненің жақсы ненің жаман екенін ажыраттым, енді ұрлық жасамаймын, кешіріңдер, I am sorry көмектескендеріңе рахмет.Кілтті қайтарады. Қоштасады. Good bye children.
Педагог:Сайқымазаққа кілттерін қайтарып береді, ол қуанып,қораптарды ашып, балаларға:
Сайқымазақ:-Мен сендерге өзімнің ойынымды ала келдім, ендеше ойын ойнап жіберейік
Шарты түсіндіріледі,үйшікке сандарды орналастыру қажет. Ойын: «Сандарды орналастыр!»
Педагог:Now children let`s play
Балалар: Үйшікке 1-3 ке дейінгі сандарды орналастырады, оларды үш тілде айтады.
Сайқымазақ қалған кілттермен қораптарды ашып, балаларға ойыншықтарын, тәттілерін таратады.
Сендер өте білімді екенсіңдер,өздеріңнің білімдеріңнің арқасында маған кілттерімді тауып беруге көмектестіңдер,рахмет сендерге,Thank you, сендерді ұмытпаймын, Сау болыңдар,қоштасады
Good bye children.
Балалар балабақшаға оралады.
Сұрақ –жауап арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау
Бізге кім келді? суреттен көрсету, одан кейін нені кезіктірдік?
Балалар:-алма ағашын, алмаларды санадық, содан кейін дүкеншіге кезіктік,одан кейін-сауысқанды тауып кілтті сайқымазаққа қайтардық.
Педагог:Дұрыс айтасыңдар, сендер көп ерлік жасадыңдар, балалар!Мен сендерге ризамын.
Рахмет сендерге. It`s time to say, good bye!Сау болыңыздар!
Балалар: Педагогпен қоштасады.Goоd bye,teacher!

Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек: Сандарға жеке-жеке тоқталып, атауларын жаттайды, тілдерін дамытады;
Бала игеру керек: Фонетикалық дағдыларды қалыптастырады. Сандар туралы тақпақтар ,санамақтар айта отырып, сөздік қорларын молайтып, қызығушылықтарын оятады;
Бала жасай білуі керек: Топтық жұмыс жасап,ойынды шарты бойынша орындайды;Заттарды санай отырып, олардың түстерін ажыратады;



Анықтама

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.
Тақырыбы: «Сандар. Numbers»
Бөлімі: Ағылшын пәні
Мақсаты: а) Ақпараттық- құзыреттілігі Сандарға жеке-жеке тоқталып, атауларын жаттату . Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ағылшынша 1 ден 3 ке дейін санатып, тілдерін дамыту.
б) Коммуникативтік- құзыреттілік : Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру. Сандар туралы тақпақтар айтқыза отырып, сөздік қорларын молайтып, балалардың қызығушылықтарын ояту.
в) Проблеманы шешу құзыреттілігі : Ағылшын пәніне деген қызығушылықтырын дамыту. Сонымен қатар достыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу
05.05.15жылы «Ақерке» 2-ші кіші тобында жоспарланған ашық оқу іс-әрекетім өтті. Оқу іс-әрекеті өз мақсатына жетті. Балалар жас ерекшеліктеріне сай сандармен үш тілде таныса отырып, тапсырмаларды шарты бойынша орындады.Көңілсіз келген сайқымазақтың көңілін ән айту арқылы көтере отырып, оның жоғалған кілттерін тапсырмалар орындау арқылы тауып беруге көмектесті. Қимылды жаттығулар орындау арқылы бойларын сергітті. Алма ағашындағы алмаларды санай отырып, оларды түстеріне сай топтастырды, түстерді, сандарды үш тілде атады. Дүкеншінің тапсырмасын шарты бойынша орындап, сөрелердегі ойыншықтарды атап, оларды санап топтастыра білді. Өздерінің сөздік қорларын нығайтып, ойыншықтар туралы тақпақтарын айтып ,дүкенші апайды қуантты. Сайқымазақты ренжіткен сауысқанды тауып,оған өзге адамның затын сұраусыз ,рұқсатсыз алмау керектігін айтып түсіндірді, сауысқанға сандар туралы тақпақтар айтып, кілтті қайтарды. Қимылды жаттығуды қимылымен жақсы орындады. Барлығыда жақсы, қызығушылықпен қатысты. Жаңа сөздердің барлығын үш тілде билингвалдық компонентімен айтып үйренді. Тақырыпқа сай сұрақтарға жақсы жауап берді. Соңында сайқымазақтың кілттерін қайтарып, оны қуантты.Сайқымазақ достарын өзімен бірге «Сандарды топтастыр» атты ойынды ойнауға шақырды. Балалар суретке қарай отырып, үйге текшелерге жазылған сандарды ретімен тауып орналастырды. Сандарды үш тілде атады. Шартын түсініп орындады. Сайқымазақ балаларға қалған қорапшаларын ашып, силықтарын, тәттілерін таратып қуантты. Оқу іс-әрекетінде балалардың барлығы қамтылды.Жеке,топтық жұмыстар жүргізілді.
Оқу іс-әрекетіне қатысқан бала саны: 25 бала
Оқу іс-әрекетіне қатысқан педагог-тәрбиешілер саны: 7

Анықтама беруші: «Айгөлек» МДҰ МКҚК ағылшын пәні педагогы:
Э.З. Муханова

ID: 2039 | Просмотров: 18496