Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дене мүшелерінің білдіретін сөздіктердің ағылшынша аталуымен таныстыру,this/these есімдіктерін жекеше ,көпше түрде қолдануды үйрете отырып,сөйлем құрап айтуға машықтандыру,тыңдап –түсіну арқылы хормен қайталап,дыбыстауға баулу: Күтілетін нәтиже: Дене мүшелерін ағылшынша атай алады;this / these есімдіктерін жекеше,көпше түрде қолданады; сөйлем құрап айтады;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
A )«Шаттық шеңбері»
How are you? How are you?
How are you today?
I’m fine.I’m fine.
Thank you.Hooray! тақпақты хормен айту
b) Кезекшімен әңгіме
c) «Мамандық » түрлері арқылы топқа бөлу 1-топ «Doctor», 2-топ «Pilot», 3-топ «Cook» (мамандықтың суреті бар стикерлерді алып,сол мамандыққа сай бас киім киеді)
Үй жұмысы:Топтық жұмыс
1.Әріп тіркестерінің оқылуы «oo» «sh» «th» «ow»
2. «Топтастыру»Professions (мамандықтың атын атау)
3. Етістікті жіктеу
4. «Суреттеу стратегиясы » суретті суреттеу
5. «Сәйкестендіру кестесі »Мереке күндерін сәйкестендіру
Жаңа сабақ Білімді өзектендіру: «My body»
Мұғалімнің әрекеті: «Тыңдалым стратегиясы» арқылы жаңа сөздерді тыңдау,айтылуын үйрену:
Оқушы әрекеті: жаңа сөздерді тыңдап,хормен қайталап айтады:

Ойын: «5 карточка» Мұғалім әр топқа 5 әріпті көрсетеді.
Оқушы әрекеті: Көрсеткен әріптердің атын,дыбысталуын қатесіз айту
Мұғалімнің әрекеті: «Миға шабуыл» әдісі арқылы this / these есімдіктерін жекеше,көпше түрде қолданумен таныстыру
Оқушы әрекеті: Оқулықпен жұмыс № 2 жаттығуды ауызша орындайды
Мұғалімнің әрекеті: «Тілші» әдісі арқылы бір топ екінші топқа сұрақ қоюды ұсынады
Оқушы әрекеті: Сұрақты тыңдап-түсініп жауап береді
Мұғалімнің әрекеті: № 3 жаттығуды орындауды ұсынады
Оқушы әрекеті: «Адасқан әріптер» әдісі арқылы жұмыс дәптеріндегі № 3 жаттығуды орындау
Сергіту сәті: « Нead and shoulders ,knees and toes» әуенмен жасау
Рефлексия: Инсерт әдісі :Білемін .Білгім келеді. Білдім.
Үйге тапсырма: сөздік жаттау, жұмыс дәптерінен №1,5 жаттығулар
Бағалау : Мұғалім бағалайды ,«бағдаршам» арқылы бағалау,топты бағалау,жекелеме бағалау, жұбын бағалау

ID: 1993 | Просмотров: 3118